Реферат: Қылмысқа қатысушылық формаларын талдау


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Қылмысқа қатысушылық
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
27

Жоспар

 

1    Топ  адамдардың  қылмыс  жасауы..........3

2  Әр түрлі рольдер орындау арқылы қылмысқа қатысу..........9

3   Ұйымдасқан топ..........18

4. Қылмыстық қауымдастық..........21

 

 

1 Топ  адамдардың  қылмыс  жасауы

 

Топ адамдар жасаған қылмыста алдын-ала келісім болуы да, болмауы да мүмкін.

Әлеуметтік-демографиялық тұрғыдан алғанда қылмысты топ күйінде жасау кәмелетке толмағандардың және жастардың қылмыстылығына тән. М.М. Бабаев кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының  екі  тобын келтіреді. Біріншісі, тек кәмелетке  толмағандардан тұратын және бірыңғай орындаушылар болатын топ,  екіншісі ересек адамдар да араласатын топтар [80. 77 ].

С.Бимурзиннің зерттеуі бойынша қалалы жерде жас өспірімдермен жасалатын қылмыстардың 80% топ күйінде жасалады [81. 84].

Осыған ұқсас көрсеткішті А.С.Чокморова да келтіреді [82. 14-15].

Қылмысты “топ” формасында жасау, Қылмыстық кодексте бірнеше құрамдарда көрсетілген. Мысалы, 233,234,238,248 т.б. баптардың тиісті бөлімдерінде, тармақтарында кездеседі. Мұндай жағдайларда топ адамдардың қылмыс жасауы, осы қылмысты жасаушылардың қауіптілік сипатын көрсетеді. Ал қалған барлық жағдайларда, топ адамдардың әрекеттері қылмыстық заңның Жалпы бөлімі шеңберінде қоғамға қауіптілігі бағаланады.

 

 

Әр түрлі рольдер орындау арқылы қылмысқа қатысу

 

Мұндай қылмысқа қатысушылықта атынан көрініп тұрғандай қылмысқа қатысушылардың арасында әр түрлі ролдер орындау орын алады. Мұнда кей қатысушылар қылмыстық заңның Ерекше бөлімінде көрсетілген қасақана қылмыстардың белгілерін толық немесе жартылай орындаса, ал кейбіреулері нақты қылмыстың белгілерін емес, қылмыстық кодекстің 28 бабында көрсетілген ұйымдастырушылық, айдап салушылық, көмектесушілік тәрізді әрекеттерді орындайды.

Осы формада әр түрлі ролдер орындалумен, қылмысқа қатысушылар әрекеттерінің сипаты анықталады. Демек, бір-біріне ұқсамайтын, көмектесушілік, ұйымдастырушылық тәрізді тағы басқа әрекеттерді орындаудың нәтижесінде олардың қылмыстық ролі, жеке мағынада немесе сипатта көрінеді.

 

 

3 Ұйымдасқан топ

 

Р.Н.Судакованың “Ұйымдасқан топ ұйымдасқан қылмыстылықтың бастапқы көрінісі болып табылады” ,- деген бағалауы көңілге қонымды [95. 50].

Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының мәліметтері бойынша 1998ж-1053; 1999ж-1684; 2000ж-1784; 2001ж-815; 2002ж-511; 2003ж-693; 2004ж-533 ұйымдасқан топпен жасалған қылмыстар тіркелген. Егер осы ұйымдасқан топ қылмыстарының жалпы топ адамдар жасаған қылмыстар ішіндегі үлес салмағын анықтасақ, онда 1998ж-5,6%; 1999ж-8,5%; 2000ж-8,6%; 2001ж-3,8%; 2002ж-2,7%; 2003ж-4,3%; 2004ж-3,8% құрайды.

Ұйымдасқан топта қылмысқа қатысушылықтың басқа формалары тәрізді, Қ.К. 27 бабындағы қылмысқа қатысудың түсінігіндегі белгілерден басқа, тек өзіне тән ерекше белгілерге ие бола алады. Ұйымдасқан топтың белгілері мыналар болып табылады. а) екі немесе одан көп адамның қатысуы; ә) қылмысты бірлескен түрде жүргізуі; б) қасақана қылмыстарды қасақана түрде жасауы; в) алдын-ала келісімнің болуы;

 

 

4. Қылмыстық қауымдастық

 

Қылмыстық қауымдастық дегеніміз қылмыстық әрекеттермен айналысу үшін екі немесе одан көп ұйымдасқан топтардан құрылған тұрақты құрылымдық бірлестік болып табылады.

Қылмыстық қауымдастық бірлесіп қылмыс жасаудың ең биік шыңы іспеттес. Осы түрдегі қылмысқа қатысудың формасында, қоғам үшін аса қауіпті, барынша ұйымдастырылған, тұрақты түрде қылмыстар жасалады. Қылмыстық қауымдастықтың  әр түрлі көріністері ҚР.ҚК.156, 158, 169, 235, 236, 237, 240 т.б. баптарда кездеседі. Әрбір қылмыстың жасалатын жағдайы, себебі болады. Сол сияқты қылмыстық қауымдастық немесе қылмыстық ұйым меншікке қарсы қылмыстарды, экономикалық қылмыстарды, адамзаттың қауіпсіздігі мен бейбітшілікке қарсы қылмыстарды жасауда жиі кездеседі.