Реферат: Ақша - несие саясаты - мемлекеттің экономикалық саясатың құрамдас бөлігі


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Қаржы, Финансы, Қаржы
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
26

Мазмұны

 

Кіріспе. 2

1 Тарау. Ақша-несие саясаты – мемлекеттің экономикалық саясатың құрамдас бөлігі 5

1.1. Ақша-несие саясатының мақсаттары және институционалдық негізі 5

1.2 Ақша-несие саясатының теориялық негізі 11

1.3. Ақша-несие саясатын жүзеге асырудың құралдары.. 18

Қорытынды.. 24

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 26

 

 

1 Тарау. Ақша-несие саясаты – мемлекеттің экономикалық саясатың құрамдас бөлігі

 

 

1.3. Ақша-несие саясатын жүзеге асырудың құралдары

 

 

... Ұлттық банк қайта есептеуге қатысты вексельдер сапасына қоятын талаптары заңменен бекітіледі. Есептеуге өтемділік мерзімі 6 айдан көп емес вексельдер, алдыңғы қатарлы эмитенттердің вексельдері, іс жүзіндегі вексельдер, төлеу орны Қазақстан Республикасының территориясындағы банкілер болып көрсетілген вексельдер қабылданады.

 

в) Ашық нарықтағы операциялар

 

Бұл әдіс орталық банкінің банкілік жүйеде бағалы қағаздарды сатып алу- сату операцияларын жүргізуді білдіреді. Коммерциялық банкілерден бағалы қағаздарды сатып алу коммерциялық банкілердің қаражаттарын ұлғайтып, олардың несие беру қаілеттілігін жоғарылатады, және керісінше. Орталық банкілер бұл операцияларды өте жиі пайдаланады.

 

Орталық банк коммерциялық банкілерге бағалы қағаздарды нарықтық бағаларменен сатуға, сонан соң 4-8 аптадан кейін қайта сатып алуға ұсыныс жасайды. Коммерциялық банкілер бұл операциядан пайыздық төлемдер алады.

 

Орталық банкінің бағалы қағаздармен нарықтық операцияларды жүргізу формаларына байланысты тіке және керісінше болып бөлінеді. Тіке операция дегеніміз қарапайым сатып алу-сату операциясы, ал кері операция бағалы қағаздарды сатып алып-сатып алдын ала белгіленген бағам бойынша міндетті түрде кері сатып алып-сату болып табылады. Кері операциялардың икемділігі, оның жұмсақ әсері бұл құралға атақ береді.

 

Ақша-несие реттеудің әдісі ретінде ашық нарықтағы операциялар алдыңғы екеуінен қатты айырмашылығы бар. Ең басты айырмашылығы - өте жұмсақ реттеді қолдану, өйткені бағалы қағаздарды сатып алу көлемі, сонымен қатар қолданатын пайыздық мөлшері орталық банкі саясатының бағытына қарай күнде өзгеруі мүмкін.

 

Ашық нарықта бағалы қағаздарменен операциялар Қазақстан Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатының аз дамыған құралы ретінде танылады. Өйткені елімізде бағалы қағаздар нарығы дамымаған болып отыр. Ұлттық банкінің қазіргі кездегі мақсаты инвесторларды мемлекеттік бағалы қағаздарға деген сенімін жоғарылату болып табылады.

 

г) Ақша-несие саласын реттеудің басқа да әдістері

 

Экономикалық әдістермен қатар орталық банк коммерциялық банкілердің іс-әрекетін реттей отырып әкімшілік әдістерді де қолданады. Мысалға несие көлемін шектеу.

 

Бұл әдіс ақша-несиелік реттеу берілген несие сомасын көлемдік шектеу болып табылады. Бұл банкілердің ісіне тікелей әсер ету болып табылады. Мұндай несиелік шектеулер қарыз алушы мекемелерді теңсіз жағдайға әкеп соқтырады. Банкілер алдымен өзінің ірі фирмаларына несие беріп алып, кіші және орта мекемелері несиесіз қалып осы саясаттың құрбанына айналады. Сөйтіп елдегі бизнес іскерлігінің азайюына әкеледі.

 

Сонымен қатар орталық банк әртүрлі нормативтер орната алады, оларды коммерциялық банк қажетті деңгейде ұстап тұруы қажет болады. Оларға коммерциялық банкінің капиталдың жеткілікті норативі, баланс ликвидтілігінің нормативі, бір қарыз алушыға санағандағы қауіп-қатердің максималды мөлшерінің нормативі және тағы басқа толықтырылатын нормативтер жатады.

 

Мемлекет орталық банкі кейпінде саяси мәлімдемелер жасайды, ол банкирлердің азаматтық парызына өтініш жасайды. Кейде бұл мәлімдемелер белгілі бір әсер береді. Бірақ ең күшті құрал болып табылатын қауесеттер. Елдің хал-ахуалы тұрақсыз жағдайда бұл қауесеттер халықтың санасына қатты әсер етеді. ...

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

 

1. “Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы” заңы, 30.03.95ж.

2. “Банк және банк қызметі туралы” заңы, 31.08.95ж.

3. Указ Президента РК об утверждений отчета НацБанка РК за 2005 год. ...