Реферат: Қылмысқа қатысушылықтың объективтік және субъективтік белгілері


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Қылмысқа қатысушылық
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
22

Жоспар

 

1 Қылмысқа қатысушылықтың түсінігі..........3

2 Қылмысқа қатысушылықтың объективтік және субъективтік  белгілері..........16

3 Қылмысқа қатысушылықтың субъективтік белгілері..........18

Пайдаланылған деректер:..........22

 

 

1 Қылмысқа қатысушылықтың түсінігі

 

Соңғы жылдары елімізде қылмыстылықтың, оның ішінде ұйымдасқан түрде жасалатын қылмыстардың өсуі байқалады. Сот практикасы материалдарына сүйенсек, қазіргі кезде қоғамның даму бағытының өзгеруіне байланысты бұрын жасалынбаған, жаңа қылмыстар түрлері орын алуда. Ұйымдасқан түрде қылмыс жасаушылардың әрекеттері, әсіресе меншікке, экономикалық қатынастарға, қоғам қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарда жиі кездеседі. Статистикалық мәліметтерге жүгінсек Қазақстан Республикасының   ...

<...> Топ адамдардың қылмысты әрекеттері мен қылмысқа қатысушылық ұғымдарын ажырата қарастыратын зерттеушілер «қылмысқа қатысу» ұғымын тар мағынада түсінетін және осындай мағынада қолдануды ұсынатын тәрізді. Тар мағынада қылмысқа қатысу ретінде орындаушыдан басқа қатысушылардың тек көмектесу, ұйымдастыру сияқты рольдерді орындап, осы рольдер арқылы қатысуын түсінуге болады. Бірақ практиканың кең мүмкіндіктерін ескерсек, біз тек сол ақиқат болмысын танумен ғана айналысатынымызды мойындасақ, онда «қатысу» терминінің мағынасына болған оқиғаның басы - қасында бірге болуды, әрекеттерді бірге орындауды да жатқызуға болады, яғни қылмысқа қатысу ұғымы топ адамдардың жасаған қылмысы деген ұғыммен салыстырғанда кең ұғым болып саналады.

 

 

2 Қылмысқа қатысушылықтың объективтік және субъективтік  белгілері

 

Қылмысқа қатысушылықтың объективтік белгілері ретінде жасалған қылмысқа кем дегенде екі адамның қатысуы, іс-әрекеттердің бірлескен түрде  орындалуы немесе бұл іс-әрекеттердің бір-бірімен себепті байланыста болуы алынады.

<...> Зардаптың туындауына себепті байланыс кездейсоқ болғанда, кінә түрі қасақана болмайды. Кездейсоқ себептерден туындаған әрекеттерден зардап болғанда, ол  абайсыздықта келтіріледі немесе кездейсоқ әрекетті жасаған адамда кінәнің белгілері болмауы да мүмкін. Мысалы көшеде кетіп бара жатырған екі адам жол жиегінде мастықтан құлап жатқан адамды тұрғызып, үстін қағып кетіп қалады. Мас адам тәлтіректеп барып жолға құлап машинаға қағылады. Мас адамға көмектескен адамдардың әрекеттері мен туындаған зардаптың арасында байланыс бар, бірақ бұл байланыс кездейсоқ байланыс болып табылады.

 

 

3 Қылмысқа қатысушылықтың субъективтік белгілері

 

Қылмысқа қатысушылықтың субъективтік белгілері ретінде қатысушыларда қасақаналықтың, қылмыс жасауға деген ой бірлестігінің болуы және алдын ала келісімнен құралады.

Қылмысқа қатысушылықтың объективтік белгілері тәрізді бұл белгілерде қылмысты бірлесіп жасаудың бастапқы сатыларынан бастап қылмыс салдары туындағанға дейін орын алады.

Жоғарыда айтылғандай, қылмысқа қатысушылықтың кінә түрі туралы бұрынғы зерттеу әдебиеттерінде абайсыздықтағы қылмысқа қатысушылықтың болуына жол берілген. Бірақ кейінгі уақыттарда осы тақырыпты арнайы зерттеген ғалымдар қылмысқа қатысушылықтың тек қасақана түрде жасалғанда бір неше адамдардың бірлескен әрекеттерін құрап, жауапкершілікті жүктеуге болатынын дәлелдеді. Ал кінәнің абайсыздық түрімен де қылмысқа қатысушылықтың болу мүмкіндігін ұсынушылардың бағытын қылмысқа қатысудың акцессорлық теориясына жатқызды. Қылмысқа қатысушылықтың акцессорлығы дегеніміз, азғырушылық, көмектесушілік әрекеттердің қылмысты орындаушының әрекеттеріне тәуелді болуын білдіреді.

 

 

Пайдаланылған деректер: