... Шаруашылығының жалпы сипаттамасы: дүниежүзілік экономикадағы АҚШ-тың жетекшілік орыны. АҚШ XIX ғысырдың өзінде-ақ Ұлыбританияны қуып шеттіп, өнеркәсіп өндірісінің көлемі бойынша дүние жүзінде бірінші орынға шықты. Қазір өзінің экономикадағы қарқыны бойынша дүние жүзінің кез келген басқа елін көп артқа тастап, өзінің индустриялық даму деңгейі жағынан жетекші елдердің тобына қосылады.
АҚШ-тың ЖҰӨ-і 7 трлн доллардан асады, бұл дүниежүзілік ЖІӨ-нің 1/5 бөлігін құрайды. АҚШ өнеркәсіп өндірісі бойынша, тылыми-техникалық потенциял мен жоғары технологиялық ғылымның тікелей қатысуымен өндірілген өнімдер деңгейі бойынша, өндірістік емес салаларының дамуы бойынша, қаржылық қуаты мен әлем шаруашылығының байланысына әсер ету дәрежесі бойынша дүние жүзінде бірінші орын алады.
АҚШ-тың ірі ТҰҚ-сы өзінің тікелей шетелдік инвестициясының көмегімен басқа елдерде АҚШ-тың «екінші экономикасы» деп аталып кеткен көптеген әр түрлі өндірістер құрылады.
Осы елге қатысты жалпы ұлттық өнімнің көрсеткішінен жалпы ішкі өнімнің көрсеткішін ажыратудың маңызы зор болатын себебі сондықтан.
Қолда бар болжамдарға сәйкес, әлемдік экономикада АҚШ-тың үлес салмағы төмендеп бара жатқаныны қарамастан, бұл ел XXI ғасырдың басында негізгі әлеуметтік экономикалық көрсеткіштері бойынша әлемдегі өзінің жетекшілік рөлін әлі де сақтайтын болады.
АҚШ өнеркәсібі өндірістік және аумаққа шоғырланып орналасуы жағынан жоғарғы деңгейде екендігімен ерекшеленеді. Ол жаппай, сериялы, сондай ақ күрделі және аса сирек кездесетін бағалы бұйымдар шығаруға бейімделген.
АҚШ өнеркәсібінде барлық басты және кіші салалық өндіріс түрлері түгел бар. Сонымен бірге олардың ішінде дүниежүзілік шаруашылықтағы бұл елдің тиісті орынын, бет-бейнесін анықтайтын өнімдер де баршылық. Ол - АҚШ үшін автомобиль жасаудың баяғыдан келе жатқан орныққан дәстүрі. Бұл – екінші дүниежүзілік соғыстан кейін дүниеге келген әуе-зымыран- ғарыштық өнеркәсіп пен электроника. Мұнай өнеркәсібі аса жоғары мәнге ие болған. Автомобиль және әуе көліктерінің дамуымен тығыз байланысты болып, стратегиялық қажеттіліктерді қамтамасыз ететін бұл сала көп ретте елдің экономикалық қана емес саяси өмірінде анықтап береді.
АҚШ сондай ақ микропроцессірлар қоршаған орданы қорғау құралдарын биотехнология мен биоиндустрияны, ақпарат саласының технологиясын жасап шығаруда да жетекшілік рөл атқарып келеді.
АҚШ ауыл шаруашылығы өндірісінің көлемі жағынан да дүниежүзінің кез-келген елін басып озады. АҚШ агробизніске бірінші болып өтті. АӨК ауылшаруашылық өнеркәсіп кешені саласындағы еңбек өнімдігігі өнеркәсәптегіге қарағанда тез өсуде көп салалы ауылшаруашылығы осы елдің қажеттерін ғана емес экспорт үшін де едәуір өнім шығарып келеді дүниежүзінде экспорталатын дәнді-дақылдардың тең жартысы АҚШ-қа тиесілі.
АҚШ-тағы ауыл шаруашылық кәсіпорынның негізгі түрі – сатылатын өнімнің негізгі бөлігін шығаратын ферма. Біріңғай өндірістік процестің жекеленген буындарға тарамдану жағдайында агробизнес сатылап мамандану тәсілі арқылы үлкен дамуға қол жеткізді.
Маманданудың мүндай түрі фермерлердің табиғат жағдайының ерекшеліктерін барынша тиімді пайдалануына, жоғары сапаға қол жеткізуіне, өнімдерді арзандатуына мүмкіндік берді. Алайда, бұл фермерлерді тауар өткізетін рынокке және бағаның ауытқушылығына тәуелді етіп қояды.
АҚШ барлық көлік түрлерінің дамуы жағынан да кез келген елден алда: жалпы көлік санының 1/3 бөлігі, Батыс елдердегі барлық тасымал түрлерінің 1/4 бөлігі соның үлесіне тиеді.
Қазіргі АҚШ шаруашылығының шетелдік Еуропадан өзгешеленетін географиялық бейнесіне тән сипат - экономикалық өмірінің - мұхит пен өзен жағалауында шоғырлануы.
Энономикалық жағынан дамыған басқа елдердегі сияқты, АҚШ-та да аумағының сәйкессіздік жағдайы бар, аса дамыған аудандар мешеу қалған аудандармен жиі көрші болып тұрады. Бұл елде осындай сәйкессіздіктерді азайтуға бағытталған аумаққа тән саясат жүргізіледі, ол белгілі бір нәтижелер де бере бастады.
Көлік қатынасының географиясы: басты магистральдар мен жол тараптары. Сыртқы сауда АҚШ-тың көлік тізбегінің негізгі қаңқасы Атлант мұхитынан Тынық мұхитқа және канадалық шекаралардан мексикалық шекараға дейін созылып жатқан ендік және бойлық бағыттардағы континентальды көлік магистральдарын құрайды. Оған ішкі су жолдарының тізбегі қосылады. Ендік бағыттағы ең бастысы - 50-жылдарды терең су жолына айналған Әулие Лаврентия өзені мен Ұлы көлдер жүйесі. ...