МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ. 3
1 КӘСІПОРЫННЫҢ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ БАСҚАРУ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 7
1.1 Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы басқаруының мәні мен мазмұны.. 7
1.2 Дағдарыстарды мемлекеттік реттеу: шетел және Қазақстан Республикасының тәжірибелері 13
1.3 Кәсіпорындағы дағдарыстарды айқындау диагностикасының әдістемелік негіздері 24
2 ТОҚЫМА ЖӘНЕ КІЛЕМ ӨНЕРКӘСІБІ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ БАСҚАРУЫН БАҒАЛАУ.. 34
2.1 Қазақстан Республикасындағы тоқыма және кілем өнеркәсібінің дамуын талдау 34
2.2 Кәсіпорындардын технико-экономикалық сипаттамасы және дағдарысқа қарсы басқаруын талдау. 47
2.3 Тоқыма және кілем өнімдері әлемдік нарығының қазіргі жағдайы және дамуы. 59
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТОҚЫМА ЖӘНЕ КІЛЕМ ӨНЕРКӘСІБІ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ.. 72
3.1 Тоқыма және кілем өнеркәсібінің дағдарысқа қарсы басқару механизмінің стратегиясы. 72
3.2 Ғалам даму жағдайындағы тоқыма және кілем өнкеркәсібі кәсіпорындарының дағдарысқа қарсы қамтамасыз ету бағыттары.. 78
ҚОРЫТЫНДЫ.. 90
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 93
1 КӘСІПОРЫННЫҢ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ БАСҚАРУ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.3 Кәсіпорындағы дағдарыстарды айқындау диагностикасының әдістемелік негіздері
... Қатаң нұсқа тапсырыс берушілермен және жабдықтаушылармен үзікті есептесуді көрсетеді. Қарастырылып отырылған қарыз айналымының мерзіміне тең мерзімі арқылы бір уақытта барлық сомамен есептесу жүргізу ұйғарылады. Бұл берілген нұсқада жабдықтаушыларға тоқтаусыз төлем жүргізуді қамтамсыз ету үшін қажетті меншік қаражат сомасы, түсімдер (сатып алушылар аванстары, дебиторлық қарыз) және төлемдер (жабдықтаушылар аванстары, кредиторлық қарыз) мерзімдерінің айырмашылығымен қоса, орташа күндік шығындар шамасы негізінде анықталады. Осы жерде ағымдағы өтімділік коэффициентінің максималды мәні анықталады [30].
Кәсіпорын балансының құрылымын бағалау үшін пайдаланатын келесі көрсеткіш меншік қаражаттарымен қамту коэффициенті болып табылады. Ол меншік айналым қаржыларының ағымдағы активтер құнына қатынасын сипаттайды.
Біздің ойымызша, бұл коэффициент айналым құралдарының кұрылу көздерінің құрамын нақты көрсету үшін, алымында ұзақ мерзімді пассивтерді және де болашақ мерзім табыстарын есепке алған дұрыс.
КМҚҚ=(МК-ҮМА+ҮММ+ БМТ)/Ағымдағы активтер (6)
Бұл жердегі:
МК-меншік капиталы;
ҮМА-ұзақ мерзімді активтер;
ҮММ-үзақ мерзімді міндеттемелер.
Осындай жедел диагностика негізінде оның қаржылық жағдайы туралы қорытынды жасау мүмкін емес. Сол үшін кәсіпорынның қаржылық жағдайына терең талдау жүргізу қажет. Кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқару және белсенділігін анығырақ сипаттау-осыған дейін біз атап өткен Германия дағдарысты реттеу заңдылығында толық қарастырылған: кәсіпорыннын қызмет етуінің құқықтық жағдайларын талдау; өндірістік бағдарламасын талдау; кәсіпорынды өндіріс ресурстарымен жабдықтау жүйесін талдау; кәсіпорынга қаржы ресурстарының қажеттілігін талдау; ұйымдастырушылық жағдайларды талдау; кәсіпорынның қызмет етуінің сыртқы жағдайларын бағалау экономикалық дағдарысқа қарсы басқару қамтамасыз етудің суретін ашуға мүмкіндік береді деп ойлаймыз. Оның үстіне, шетелдік диагностика тәжірибесінің ішіндегі ең көп көрсеткішті модель осы неміс заңдылығында болып қалып отыр. Осы ел заңдылығы бойынша кәсіпорынның экономикалық-қаржылық жағдайы 6 топтан тұратын көрсеткіштерді талдаудан тұрады. Біз осы әдістемені толықтырып, кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқару 8 топтан тұратын көрсеткіштері: ...
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТОҚЫМА ЖӘНЕ КІЛЕМ ӨНЕРКӘСІБІ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Тоқыма және кілем өнеркәсібінің дағдарысқа қарсы басқару механизмінің стратегиясы.
... Жоба бойынша таза табыс көлемі 1034006 долларды құрауы керек. Біз жобаның қай кезден басталатыны көрсетпей отырмыз, себебі қазір кәсіпорында инвесторды іздеу процесі жүруде, ал қайтарып беру мерзімі 7 жыл екенін көрсеттік. Несиені алу кәсіпорынның тозған негізгі капиталын жаңартады, нарыққа бәсеке қабілетті өнім шығарылады, қосымша жұмыс орындары ашылады, кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз етеді.
2006-2008 жылдарға "АММК ТК" АҚ-ның экономикалық тиімділігін бағалайық. Ол үшін көрсеткіштердің өзара пропорционалды тәуелділік әдісін қолдандық. Бұл әдістің негізін кәсіпорын қызметінің маңызды бір көрсеткішін идентификациялап, базалық көрсеткіш ретінде алып, қалған көрсеткіштерді соған пропорционалды "байлап" өсіріп отырамыз деген тезис құрайды. Базалық көрсеткіш ретінде, әдетте өнім өткізуден түскен табыс немесе өнімнің өзіндік құны алынады. Бұл әдісті таңдауымыз логика тұрғысынан дұрыс және өзара байланысты көрсеткіштер серпінін зерттеу барысында қуатталады. Болжау нәтижелері 38 кестеде көрсетіледі.
38 кесте - "Алматы мақта" ЖШС қызметінің 2006-2008 жылдарға болжамды көрсеткіштері
№ | Көрсеткіштер |
өлшем бірлігі
|
2006 ж.
|
2007ж.
|
2008ж.
|
1. | Өнім өткізуден түскен табыс |
мың теңге
|
776123
|
963550
|
1150977
|
2 | Өткізілген өнімнің өзіндік құны |
мың теңге
|
572261
|
686713
|
824056
|
3. | Жиынтық табыс |
Мың теңге
|
203862
|
276837
|
326921
|
4. | Кезең шығындары |
Мың теңге
|
112797
|
124077
|
136485
|
5. | Негізгі қызметтен түскен табыс |
Мың теңге
|
91065
|
152760
|
190437
|
6 | Салық салуға дейінгі кәдімгі қызметтен түскен табыс |
Мың теңге
|
91065
|
152760
|
190437
|
7. | Таза табыс |
Мың теңге
|
63746
|
106932
|
133306
|
8. | Персоналдың саны |
адам
|
1100
|
1100
|
1100
|
9 | Еңбек ақы қоры |
Мың теңге
|
175888
|
204762
|
233636
|
10 | 1 жұмыскердің орташа айлық еңбек ақысы |
теңге
|
13325
|
15512
|
17699
|
11 | 1 теңгеге шаққандағы шығындар |
теңге
|
0,88
|
0,84
|
0,83
|
Кәсіпорында 2004-2006 жылдары негізгі кызметтен түскен табыс болмайды деп есептедік. "Алматы мақта" ЖШС біз жұмыскерлер саны 2006 -2008 жылдар аралығында өзгермейді деп жобалаймыз, тоқыма және кілем өнеркәсібінде шағын кәсіпкерліктің дамуы қолдау көрсететін басыңқы бағдар болғанымен, Қазақстан бойынша мақта маталарын шығаратын кәсіпорын біреу болғандықтан, кәсіпорынды төлем қабілетсіз, экономикалық қауіпті жағдайда екен деп жауып тастау шешілген сұрақ болмайды. Сондықтан, кәсіпорындағы экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қалпына келтіруді бірте-бірте өткізу керек. Осы тұрғыдан несие немесе инвестиция тартудың біз көзін көріп отырғанымыз жоқ. "Темір банк" АҚ-мен болған тартыстан кейін, кәсіпорынның жақын болашақта өз күшіне сүйенгені дұрыс болар деп ойлаймыз. ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауы Алматы 2005 ж.
2 Назарбаев Н. Ә. Қазақстан - 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі қауіпсіздігі және әл - ауқатының артуы. Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. Алматы, Білім, 1997.
3 Қазақстан Республикасының "Ұлттық қауіпсіздік туралы" Заңы. 26. 06. 1998 // Егемен Қазақстан, 28. 06. 1998. ...