Жоспар
КІРІСПЕ. 3
I.НАРЫҚТЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ТЕОРИЯСЫ.. 5
1.1 Нарық катынастарыныц даму кезендері 5
1.2 Қазақстандағы нарықтың даму тарихы.. 6
1.3 Қазіргі заман нарық теориясы және ондағы мемлекет рөлінің көрініс табуы 9
II. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ МЕМЛЕКЕТ РОЛІ 12
2.1 Нарықты ұйымдастырудың эдістері және оның өзекті үш мәселесі 12
2.2 Нарық механизміне мемлекеттің әсер етуі 14
2.3 Нарықтың атқаратын қызметтері, шарттары жэне түрлері 16
III. НАРЫҚТЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ МЕН КЕМШІЛІКТЕРІ 22
3.1. Қазақстандағы нарық: кәсіпкерлік-нарықты дамытудың алғышарты.. 22
3.2 Нарықтық экономиканың кемшіліктерін жұмсарту және жоюдағы мемлекет атқаратын қызметтер. 23
3.3 Экономиканы мемлекеттік реттеу. 24
ҚОРЫТЫНДЫ.. 31
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР. 33
I.НАРЫҚТЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ТЕОРИЯСЫ
1.3 Қазіргі заман нарық теориясы және ондағы мемлекет рөлінің көрініс табуы
... XX ғасырдың 70-жылдарында болған экономикалық дағдарыс және кәсіпкерлік белсенділіктің баяулауы мемлекеттік реттеудің зияндығы туралы идеяның қайтадан туындап дамуына себеп болды. Еркін нарық идеясының өкілдері нарық механизмінің бәсекенің негізінде балансыланған өсуді, яғни сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігін қамтамасыз етуі мүмкін деп есептейді. Олар өзінің зерттеулерінде микроталдауды басшылыққа алады яғни, экономиканы оқуды әрбір кәсіпорынның жұмыс істеу қарастырудан, тауарларға қойылатын бағадан бастайды. Шын мәнінде, қоғамдық өндіріс нарық арқылы байланысқан шаруашылық бірліктерінің жиыны болып табылады. Бұл экономистер мемлекеттің ролі еркін бәсекеге қолайлы жағдайды жасаумен шектеледі деп тұжырым жасайды. Олар экономикалық бостандықты, мемлекеттің экономикаға араласуының қажетсіздігін қоғамда болатын «табиғи, әмбебапты заңның» әрекетімен түсіндіреді. Мүндай неоконсервативті бағыттағы идеялардың негізінде пайдаға салынатын салық нарқын төмендету жолымен ұсынымды көтермелеу, мемлекетсіздендіру және бәсеке күресу жағдайында жеке кәсіпкерлікті күшейту шаралары көзделген. Олар жалпылама жұмыспен қамту идеясына қарсы және әлеуметтік бағдарламаларды барынша азайтуды жақтайды. Бір жағынан әлеуметтік мақсаттарға қажетті шығындарды мойындай отырып, олар екінші жағынан әлеуметтік кепілдіктер тегін қызмет пен төлем түрінде болуы дүрыс емес деп есептейді. Қорыта айтқанда, бұл мектепті жақтаушылардың пікірінше өндірісті ұлғайту мен дәулеттілікті арттырудың негізі жеке кәсіпкерлікті дамыту болып табылады.
Соңғы кезде негізгі екі бағыттың өз ішіндегі жіктелу олардың жақындасуына себеп болып отыр. Бүған АҚШ экономисі Пол Антони Самуэльсонның неоклассикалық синтез теориясы барынша айқын дәлел бола алады. Оның пікірінше неоклассикалық синтез макроэкономика мен микроэкономика арасындағы алшақтықты жояды. Реттемелі экономика теориясының жақтастары сияқты Самуэльсон да «еркін бәсеке адамдар мен ресурстарды толық қамти алмайды, тек қана мемлекеттің араласуы ғана дағдарысты, жұмыссыздықты болдырмайды» деп есептейді. Сонымен бірге «белгілі бір ақылға сиымды шекте» бәсекені қорғаудың қажеттігін атап көрсетеді. Нәтижесінде жеке кәсіпкерліктің және мемлекеттік кәсіпкерліктің де белгілері құрмаласқан аралас экономика пайда болады. «Толық жұмыспен қамту» жағдайында «шекті пайдалылық», «шекті еңбек өнімділігі» теориялары түрінде көрінетін, сөйтІп Самуэльсон үшін күн мен табыстарды бөлу теориясының негізі болып табылатын классикалық принцип толықтай «заңды күш» алады.
Жалпы неоклассикалық синтезді жаңа теория деп есептеуге болмайды, ол экономиканы реттеудегі мемлекеттің жетекші ролі жағдайындағы жоғарыда көрсетілген екі бағыттың эклектикалық құрмаласуы болып табылады. П.Самуэльсон өзінің «неоклассикалық синтезіне» ғылыми-техникалық революцияға, экономиканы реттеуде мемлекеттің, ірі корпорациялар мен кәсіподақтардың арасында болатын ұзақ мерзімді келісім-шарт сияқты нысандарға үлкен мән беретін АҚШ экономисі Джон Кеннет Гэлбрейттің негізгі жағдайларын да қосады. Бұндай ұсыныстардың мақсаты - мемлекеттік бақылауды күшейту, әлеуметтік жанжалдарды бәсеңдету үшін әлеуметтік маневр жасау әдісін кеңінен қолдану.
Біздің алдымызда да нарықтық экономиканы реттеудің дүние жүзінде жинақталған бай тәжірибесін қолдану қажеттігі түр. Әрине олардың бәрі біздің жағдайымызға сәйкес бола қоймайды. Біз үшін қазіргі басты міндет – әлеуметтік жағынан қорғалмаған тұрғындар тобына қолдау көрсете отырып, барлық азаматтар үшін кәсіпкерлік пен өзінің қабілетін еркін қолдануға мүмкіндік беретін әлеуметтік жағынан бағдарланған нарықтық экономиканы құру және дамыту болып табылады. ...
III. НАРЫҚТЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ МЕН КЕМШІЛІКТЕРІ
3.1. Қазақстандағы нарық: кәсіпкерлік-нарықты дамытудың алғышарты
... Көптеген елдердің тәжірибесі көрсеткендей елдің экономикалық тұрақтануына қол жеткізу үшін шағын және орта бизнес рөлі ерекше. Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы нарықтық экономикаға өтудің алғышарты болып табылады. Кәсіпкерлікті дамыту арқылы көптеген өнеркәсіп орындары мен кәсіпорындар ашылады. Жұмыс орындары көбейеді, салық түсімі жоғарылайды, елімізге импорттық тауарлардың әкелуін азайтып, елдің импортын азайтады және т.б. Әрине Қазақстан он төрт жыл тәуелсіздігі ішінде нарықтық экономика саласында көптеген жетістіктерге жетті. Мысалға алатын болсақ Атырау қаласында шағын бизнестің 9000 субъектісі бар. Оның ішінде заңды түлға 2560, жеке тұлғалар мен фермерлік шаруашылық 6386, экономиканың осы секторының өндірілген өнім көлемі 3,4 млрд. Теңге, жұмыс орындарының саны 31000 адам. Шағын бизнес субъектілерінің бюджетке төленетін төлемдері 424,3 млн теңгені құрайды. Алкоголь өнім өткізу орындары 7 нарық орталары жұмыс жасайды. Атырау облысы аймақтарында көптеген дүкендер, киоскілер ашылды. Шағын бизнесте негізгі орынды өнеркәсіптің өндіріс ауыл шаруашылығының өнімін өңдеу құрылыс, көлік байланысы болады. Нарықтық механизмге өту негізделеді. Шағын бизнесті ашу үшін кәсіпкер банктен несие алады. Банк несиені шағын деңгейдегі тәуекелділігімен береді. Сондықтан да несиені қанша қаржы керек, қандай мақсатта қажет екендігін білетін кәсіпкер алады. Ақша тек бизнес жоспарға байланысты беріледі. Нарықтық экономиканың кедергісіне қарсы тұруы үшін кәсіпкерлер бірігеді. Ал кәсіпкерлікті ашу үшін көмек қажет. Осыған байланысты консалтингтік қызметтің рөлі ерекше. ...
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1.Әубакиров Я. «Экономикалық теория және нарықтық қатынастар».// «Ақиқат» 1996 ж. №1
2.Уоттсе М. «Нарықтық экономика әліппесі».// «Ақиқат» 2001 ж. №9
3.Әміров Т. «Нарықтық қатынастардағы кикілжіндер». // «Ақиқат» 1995 ж. №4 ...