Жоспар
КІРІСПЕ. 3
I-ТАРАУ. ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ (МӘНІ ЖӘНЕ МАҢЫЗЫ) 4
1.1 Шағын кәсіпкерліктің қызметтері мен бағалау әдістері. 7
II-ТАРАУ. ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚҰРУДЫҢ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕЛЕРІ 9
2.1 Ұлыбританияда шағын кәсіпкерлікті ұйымдастыру ерекшеліктері 9
2.2 Италиядағы шағын кәсіпкерліктің дамыту жолдары.. 11
III-ТАРАУ. ЕЛІМІЗДЕГІ ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛІ ЖӘНЕ ДАМУ ЖОЛДАРЫ.. 14
3.1 ҚР-да шағын кәсіпкерліктің дамуын талдау. 14
3.2 Шағын кәсіпкерлікті елімізде қолдау бағыттары. 16
ҚОРЫТЫНДЫ.. 20
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 21
I-ТАРАУ. ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ (МӘНІ ЖӘНЕ МАҢЫЗЫ)
1.1 Шағын кәсіпкерліктің қызметтері мен бағалау әдістері.
... Ал кәсіпкерліктің қаржылық қызметі келеі функцияларды іске асырудан тұрады: қаржы есебінің енгізілуі; инвесторлар мен кредиторлар есебінен капиталдың мобилизациялануы; сатудан түскен табыстарды жинақтау, ақша нарығы, банктер, инвесторлар, бағалы қағаздармен өзара байланыста қалыптастыру; сатып алушыларды іздеу мен анықтау және тартуға байланысты маркетингтік қызметтер және тағы басқалар.
Келесі кәсіпкерліктің қызметі – ол басқарушылық функциясы кезінде кәсіпорындар мен қоғамдық құрылымдар немесе ақпарат құралдарымен өзара қарым-қатнастардын басқару; кәсіпкерлік идеялар, инициативалық талаптарды және басқару тәжірибелерін қалыптастырып, тарату; капиталдар мен табыстардың қолданылуын басқару; ғылыми зерттеу жұмыстары мен
жобалық жұмыстарды тиімді пайдалану; бизнес қажеттліктеріне сәйкес жұмысшыларды тарату, таңдау, жұмысқа алу сияқты қызметтер атқару.
Сонымен кәсіпкерлік қызметінің сферасына байланыссыз өз қабілеттіліктерін келесі функциялардыорындау арқылы жүзеге асырады.
Сонымен қатар, шағын кәсіпкерліктің қызметін бағалаудың бірнеше бағыты бар, шағын кәсіпкерлікті анықтаудың сандық, сапалық және аралас әдістері бар.
Сандық көрсеткіштер негізінде жалпы кәсіпорындардың шағын бизнес секторына кіретіндігін анықтау үшін: персонал саны, жалпы өнімнің көлемі, өндірістік қорлардың көлемі; өндіріспен сату көлемі; активтердің баланстық құны сияқты сандық көрсеткіштермен анықталады: ал шағын кәсіпкерлікті анықтауда сапалық көрсеткіштерге негізінен субьективті сипаттар мен тәжірибе;
Аралас әдіс «экономикалық» және «статистикалық» тәсілдерді қолдануды ұсынады: нарықтағы үлесі; тәуелсіздік, жалпы ұлттық өнімдегі үлесі; бірқалыпты басқару айналымы.
Дамыған елдерде негізгі критериялардың есебінде шағын кәсіпорындардың анықтауы негізінен шаруашылық айналымның көлемдері мен жұмысшылар саны жатады.
Сонымен қатар, «шағын бизнес», ағылшын елдерінде айтылады, ал Япония және Батыс Еуропада «ұсақ кәсіпорындар» деп пайдаланылады.
Әлемнің дамыған елдерінде шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың басты мақсаты – қолайлы орта қалыптастыру. Бұл негізде мемлекеттің экономикалық саясатының тұрақтылығы, нарық инфрақұрылымының дамуы, интелектуалды меншікті қорғаудың тиімді әдісі; жеңілдетілген әкімшілік шаралары; салық демалыстары және тағы басқалай басты нысанаға алынады. ...
III-ТАРАУ. ЕЛІМІЗДЕГІ ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛІ ЖӘНЕ ДАМУ ЖОЛДАРЫ
3.1 ҚР-да шағын кәсіпкерліктің дамуын талдау
... Ол нормативті – құқықтық акілердің орындалмауы, шағын кәсіпорындардың ісіне араласу, көптеген тексеруші және қадағалаушы басқару органдарының тексерушілік қызметтері шағын кәсіпкерлер жұмысының тоқталуына әсерін тигізеді. Бұл кедергілермен қатар, кәсіпкерлік қызметті бақылайтын салық инспекциясы, жергілікті әкімшілік бөлімдері, санитарлық – экологиялық инспекциялар, өрттен қорғау бөлімшелері, тұтынушылардың құқығын қорғау орталықтары жән е тағы басқасы кәсіпкерлердің мүдделері мен көзқарасына кеміте отырып көп жағдайда заңдық және заң шығарушылық пен сот органдарының функциялары мен өкілеттіліктеріне иемденіп алды. Бұл өз кезегінде бюрократизмге ұштасады, яғни ол дегеніміз заңсыз ақша талап етудің тиімді құралы болып табылады. Ауыр салық екі түрде жүргілізеді: жартылай жария және жасырын. Жартылай жарияға, жергілікті үкіметтің бастамасымен жүргізілетін кәсіпорындарға заң щеңберінен шығып кететін шекте, ақшалай сомада салық салу. Екінші форма – жасырын ауыр салық, нақтылы шенеуніктердің қалтасына тікелей пара ретінде түседі. Ол өз деңгейінде кәсіпкеерлерге теріс ықпал етіп, олардың жұмысын жүзеге асыруға кедергі болады.
Келесі негізгі мәселе – ол тиімді қаржылық қолдау, яғни кәсіпкерлердің инвестициялық несиелерді алуы болып табылады. кәсіпкерлер республиканың банк жүйесінен; шағын кәсіпкерлікті дамыту қорынан; Европалық Қайта құру және Дамыту банкісінің ашық несиелік тізбегінен; шағын кәсіпкерлікті қолдайтын басқа да қаржы көздерінен ала алады. Бірақ шағын бизнесті қолдау көздері анықталғанымен, оны қолдану инвестициялау механизмінің жетілдіруін қажет етеді. Бұл тұрғыда несие алу кәсіпкерлер алдында жиі кездесетін кедергілерге;
І – жоғары пайыз мөлшерлемесі;
ІІ – несиені қайтарудың қысқамерзімділігі;
ІІІ – несие алудағы құжаттар санының көптігі;
ІV – кепілдікпен қамтамасыз ету проблемалары.
Жоғарыдағы несие алудың негізгі мәселелерін келесі факторлар да толықтырады: ...
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Казахстан и мировой опыт рыночной трансформации, Арынов Е. М. – 2003 ж.
2. Ғылыми-практикалық халықаралық конференция материалдары боиынша; Алматы – 1999 ж. және 2001ж.
3. Жатқанбаев Е. Б. «Основы смешанной экономики» Алматы-1992 г. ...