Доклад/Баяндама: Қоғамның әлеуметтік нормалары


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Қылмысқа қатысушылық
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
11

Әлеуметтік нормалар тарихи дамудың белгілі бір кезеңінде қоғамдық қатынастар негізінде қалыптасқан әлеуметтік топтар мен жеке адамдар іс-әрекеттерін реттейтін талаптар. Әлеуметтік нормалардың үш ерекшеліктері бар:

 

1) қоғамдық маңызы бар іс-әрекеттерге ынталанудан шығады (мақсат, ой-арман, рухани құндылық т.б.);

 

2) белгілі бір жүйеге сәйкес келетін, міндетті түрде орындалатын тәртіптің түрі мен шегін көрсетеді;

 

3) қоғамдық ұйғарымның (санкцияның) негізі болуы керек.

 

Әлеуметтік нормалардың мәнін ғылыми жолмен түсіну үшін, ең алдымен, оларды қоғамның тарихи дамуының жемісі деп ұғыну керек.

 

Марксизм ілімі адамдардың іс-әрекеті мен әлеуметтік нормалардың арасындағы байланыстың өте күрделі диалектикалық сырын ашып, қоғам дамуының негізі экономикалық өмірге тәуелді екендігін ғылыми дәйектілікпен дәлелдеп берді. Әр түрлі қоғамдық экономикалық формациялардың өздеріне тән әлеуметтік нормалары қалыптасады да, олардың құрамы мен элементтерінің арақатынастарында ерекшеліктер болады. Бір қоғамдық-экономикалық формацияның қалыптасуына сәйкес әлеуметтік нормалардың кейбір компоненттерінің өзгеріп отыруына қарамастан, тарих сахнасына шыққан жаңа ұрпақтар оны дайын күйінде қабылдап, болашақ іс-әрекеттің қажетті құралы ретінде пайдаланады. Әрбір қоғамдағы әлеуметтік әртүрлі саланы қамтып, олардың жиынтығы сол қоғамдағы әлеуметтік нормалардың тұтас жүйесін құрайды...