Доклад/Баяндама: Радиоактивті заттар және радиация туралы жалпы түсінік


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Экология
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
17

Жоспар

 

Кіріспе. 3

1. Радиация және радиоактивтілікке жалпы сипаттамасы.. 5

2. Радиоактивтілік түрлері және  радиоактивті ластану туралы.. 7

қазіргі жағдай. 7

3. Радицияның ағзаға түсу жолдары және әсері мен жолдары.. 8

4. Қазақстандағы радиоактивті ластану проблемасы. 12

Қорытынды.. 13

Қосымшалар. 15

Пайдаланған әдебиеттер. 18

 

 

2. Радиоактивтілік түрлері және  радиоактивті ластану туралы

 

қазіргі жағдай

 

 

 

... Техногенді радиоактивтілік – адамның іс-әрекетінің нәтижесінде  пайда болады. Табиғи радинуклидтердің қайта бөлініп, концентрациялануы пайда болвтын саналы шаруашылық іс-әрекет процесінде табиғи радиациялық фонның өзгеруіне әкеліп соғады. Бұған тас көмірдің, мұнайдың, газдың және т.б. жанғыш пайдалы қазбалардың, фосфат тыңайтқыштарының, кен өндірілуі мен өңделуінің де кең әсері бар. Адамзаттық авияция сияқты транспорт түрі өз жолаушыларын ғарыштық сәулелердің жоғары әсеріне ұшыратады.

 

      Әрине, сонымен бірге ядролық қаруды сынау, атом энергетикасының кәсіпорындары мен өнеркәсіп орындары бұған өте үлкен үлес қосуда. Радиоактивті көздердің таралуы мүмкін екендігі сөзсіз; бұл-авариялар, радиоактивті заттардың шашырап, шашылуы және тағы басқалар. Қуанышқа орай бұндай оқиғалар жиі болмайды.

 

       XX ғасырдың екінші жартысынан бері биосфераның радиоактивті ластануы шапшаңдай түсті. Онда радиоактивтік заттардың таралуы жыл сайын артып отыр. Географиялық қабықтың сан милион жылдар бойына тұрақты қалыпта болып келген радиоактивтік фон деңгейі көтеріле бастады. Бұл процестің келешектегі барлық зардаптарын болжап білу қиын.

 

       Радиоактивтілік ластайтын заттарды тарататын негізгі көздер әзірге ядролық жарылыстар болып отыр. Осы жарылыстардың салдарынан 1945-жылдан бері атмофераға түрлі рдиоактивті изотоптар, оның ішінде ұзақ уақыт сақталатын радиоактивті заттар тарала бастады. Олар атмосферадан топыраққа, беткі және грунт суларына, мұхиттар мен теңіздерге, тірі организмдерге түседі. ...

 

 

 

4. Қазақстандағы радиоактивті ластану проблемасы.

 

 

... Үстіміздегі жылдың ақпан айында шетелдік радиоактивті қалдықтарды Қазақстан Республикасы территориясына көшу туралы заң лқыға түсті. Мәліметтер бойынша еліміздің территориясын толығымен тазалап шығу үшін 1 млрд. 110млн. доллар аржы қажет екен, ал жерімізге шет мемлекеттердің радиоактивті қалдықтарын көму 20-30 млрд.  доллар пайда әкеледі деген пікір бар. Алайда бүгінгі таңдағы экономикалық жағдайда 10-15 жылға бағдарланып отырған бұл жобаның тікелей  және қосымша шығындарын қалай есептеуге болады? Бұл заңды қабылдай отырып біз ұзақ мерзімді саяси және экономикалықжауапкершілікті өзімізге аламыз. Ал бұл жауапкершілікті тек біздің замандастарымыз ғана емес, келер ұрпақ, тіпті олардан кейінгі буында орындауға мәжбүр болады. Парламент бұл жобаны қабылдай отырып, бүгінгі буынды ғана емес, келешек ұрпақты да  қауіпті бизнестің тұтқынына  түсірер еді. Бұл заңды қабылдау арқылы еліміз өз территориясын « радиоактивті қалдықтар моласына » айналдырған ең бірінші мемлекет болар еді.

 

     Радиоактивті қалдықтарды еліміздің территориясына көшу табиғи су көздерін ластап, ауыз су проблемасын туғызып, жер қыртысына үлкен нұқсан келтірмек еді. Семей полигонының нәтижесін көзбен көре отырып, ядролық қарудың зардаптарын біле тұра және радиоактивті қалдықтардың адамдардың денсаулығына әсері жайлы мәліметтен хабардар бола отырып, радиоактивті қалдықтардыкөшуге келісім беру – келешек алдындағы үлкен қылмыс болар еді.  Аталған заңның қабылданбауы белгісіздікке басылған қате қадамнан аман алып қалды.

 

     Қазіргі кезде дүние жүзіндегі барлық ядролық қаруларды сынауға қарсы «Невада – Семей –Моруруа – Лабнор – Жаңа жер» халықаралық одағы құрылды.бұларға қосымша Қазақстандағы экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында қоғамдық негізде «Елім – ай» халықаралық экологиялық қоры және «Эко – Қазақстан» экологиялық ассоциациясы  құрылды.

 

     Қазіргі кезде Қазақстанның көптеген өңірі экологиялық апатты аймақ деп аталады. Соның бірі Семей полигоны болып табылады. Бұл 18 мың км аймақты алып жатыр. Бұл өңірде 1949 жылдан 1989 жыл аралығында бұл жерде 510 рет ядролық жарылыс болып, сынақтар өткізілген. Осындай жойқын әрекеттерден Семей аймағының табиғаты мен халқы өте ауыр зардап шегуде. Мұндай сынақ аймақтары Қазақстанның 34 нүктесінде болғандығы да белгілі болып отыр.

 

     Қазақстанда атом энергиясын халық игілігі үшін пайдалану мақсатында игілікті істер жүргізілуде. 1963 ж.  Ақтау қаласында теңіз суын тұщыландыру мақсатында арнайы атом энергиясын пайдаланатын қондырғы салынды. Ол қондырғы  «54 – 350» деп аталады (жылдам нейтрондар). Онда тәулігіне 120-150 мың текше метр теңіз суын тұщыландырады. ...