Курсовая работа: Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаты


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Финансы, Қаржы
Тип работы:
Курсовые работы
Количество страниц:
27

 

ЖОСПАР

 

КIРIСПЕ. 3

1 Инвестицияның теориялық - әдістемелік негізі 5

1.1 Инвестиция туралы жалпы түсінік. 5

1.2  Инвестициялық жобаны таңдаудың көрсеткіштері 9

2 Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаты.. 14

2.1 Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасындағы шетелдік инвестициялар  14

2.2 Инновациялық экономикаға өтудегі инвестициялық саясаттың негізгі мәселелері 19

Қорытынды.. 27

Қолданылған әдебиеттер. 28

 

 

1 Инвестицияның теориялық - әдістемелік негізі

 

1.2  Инвестициялық жобаны таңдаудың көрсеткіштері 

 

 

 

... Елде ақша-несие саясатын қалыптастыра отырып, мемлекет (Ұлттық банк) ұлттық ақша және өсiм ақының валюталық құнын анықтайды. Мемлекет (Ұлттық банк) өсiм ақыны құрудың мұндай факторлар қатынасын нарықтық күштер және мемлекеттiк реттеу арқылы анықтайды.

 

         Шетел капиталын тарту мақсатындағы өсiм ақыны реттеу тек дамушы елдерде ғана емес, сонымен қатар экономикасы дамыған елдер де қолданады. Мысалы, 80-iншi жылдардың бiрiншi жартысында АҚШ төлем балансының жеткiлiксiздiлiгiн қаржыландыру үшiн өсiм ақыны көтердi. Нәтижесiнде елге, әсiресе Батыс Европа елдерiнен капитал ағыны тез өстi. Сол кездегi күрделенген жағдай экономикалық әдебиеттерде “өсiм ақы соғысы” деп атала бастады.

 

         Бiрақ мұндай саясат бiр қарағанға қарапайым емес. Өсiм ақыны төмендетуден экономикалық белсендiлiктiң төмендеуi және халықтың жұмыс бастылық жағдайының нашарлауы және т.б. қолайсыз жағдайлар туады. Мұндай саясат құнсыздануды күшейтуге қабiлеттi, себебi несиенiң қымбаттауы өнiм құнының өсуiне әкеледi. Сондықтан өсiм ақы сферасында мемлекеттiң көбi курсты жасанды көтермелеуге қарағанда нарық факторына сүйенедi[16].

 

         Мемлекеттiк реттеу проблемасы мына себептер бойынша реттеудiң бiр факторлы моделi ретiнде қарастырылмайды, бiрiншiден, өсiм ақының өзi көп факторлы, күрделi нарықтық категория болып табылады. Екiншiден, өсiм ақы (реттеушi ретiнде, бiрақ инфляция жағдайында емес) несие ағынына үлкен дәрежеде әсер етедi.

 

       Шетел капиталымен жұмыс iстеуде, оны екi кезеңге бөлiп көрсеткен жөн:

 

1)    Шетелдiк капиталды тарту кезеңi;

 

2)    Тартылған капиталды қолдану кезеңi;

 

Кәсіпорындарға шетелдiк капиталмен жұмыс iстеудiң әр кезiнде мемлекет қызметтерi мен реттеу принциптерi ерекшеленедi. Мемлекеттiк несиелеу және акционерлiк емес кәсiпкерлiк түрiнiң сфералары жеке шетелдiк капиталды халықаралық кәсiпкерлiк (тiкелей және портфельдi шетелдiк инвестиция) түрiнде тарату және қолдану сферасына қарағанда мемлекет тарапынан көбiрек реттеудi талап етедi. Мемлекеттiк қазыналық мiндеттемелер маңызы артады. Осы ерекшелiкке байланысты шетелдiк капитал аумағындағы заңдылықтар сыртқа заем беру және шетелдiк инвестиция заңдылықтарына бөлiнген. Шетелдiк капиталды тарту және қолдану кезiндегi мемлекеттiк реттеу қызметтері көрсетiлген. Реттеу әдiстерi сондай-ақ шетелдiк капитал және инвестиция түрiне байланысты жіктеледi. Халықаралық мемлекеттiк және банктiк несие беру. Бұл жағдайда реттеу дәрежесi мемлекет халықаралық несиенiң аралық заемщигi болып табылумен анықталады. Мемлекет несиелiк келiсiмге қол қояды, үкiметтiк кепiлдiк берумен оның жабылуын қамтамасыз етедi. Мемлекет несиенi заемге берушi ретiнде бiрнеше қызметердi атқарады.Бұл жағдайда мемлекет ролi мынамен анықталады: ...

 

 

 

2 Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаты

 

 

 

2.1 Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасындағы шетелдік инвестициялар

 

 

... Республикада қолайлы инвес­ти­ция­лық ахуал жасау және инвести­ция­ларды тарту саясатын жалғастыру үшін, мемлекет қазіргі заманғы техноло­гия­ларды қолдана отырып, жаңа өндіріс­тер құруға, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту мен жаңартуға инвесторларды ынталандыру шара­ларын қолдануда. Соның ішінде шетелдік және отандық инвесторға  Инвестициялар коми­тетімен келісім-шарт жасасу арқылы инвестициялық преференциялардың мынадай түр­лері берілуі мүмкін: корпоративтік табыс салығы, мүлік пен жерге салық,  инвестициялық жо­баларды іске асыру үшін жаб­дықты әкелу кезіндегі  кеден баж­дарын төлеуден босату бойынша салықтық жеңілдік­тер, сондай-ақ мемлекеттік заттай гранттар.

 

Инвестициялық преференция­лар берілетін салалар Қазақстан Рес­публикасы Үкіметінің 2003 жыл­ғы 8 мамырдағы қаулысымен бекі­тілген.

 

Тізбеге экономикалық қызметтің 245 түрі енгізілген. Оның ішінде: ауыл, орман және балық шаруашы­лығы; сусындарды қоса алғанда, тамақ өнімдерін өндіру, тоқыма өндірісі; сүректі өңдеу және ағаштан бұйымдар жасау; қағаз, картон және одан жасалатын бұйымдар өндірісі; химия өнеркәсібі; резеңке және пластмасса бұйымдары өндірісі; метал­лургия өнеркәсібі; дайын металл бұйымдары өндірісі; кеңсе жабдықтары мен есептеу техникасы өндірісі; медициналық техника бұй­ымдары, өлшеу құралдары, опти­калық аспаптар мен аппаратуралар өндірісі; жиһаз өндірісі; электр энер­гиясын, газ, бу және су өндіру және бөлу; қонақ үйлер, туристік лагерь­лер мен кемпингтер қызметтерін ұсыну; барлық көлік түрлерінің қызметі; ғарыш байланысы; жыл­жымайтын мүлікпен жасалатын операциялар  және басқалары бар. 

 

Инвестициялық преференциялар алуға қажетті құжаттарды Инвести­ция комитетінен білуге болады. Олар 30 жұмыс күні ішінде қаралады. Мысалы, 500 мың доллар инвес­тиция жасалғанда,келесідей преференциялар ала алады:

 

Корпоративтивтік табыс са­лы­ғы бойынша (КТС) жаңа кәсіп­орындарға  инвестициялық қызмет­тен алынған табыс салығынан 3 жылға дейінгі мерзімге босатылады. Ал, жұмыс істеп тұрған кәсіп­орындарға жалпы жылдық табыстан пайдалануға берілген, тіркелген активтер құнын шегеру құқығы 3 жылға дейінгі мерзімге беріледі.

 

Салықтық преференциялар беру мерзімі тіркелген активтерге, инвес­тициялардың көлеміне байланысты болады.

 

Инвестиция ерекшелігіне сай жер және мүлік салықтарынан да 3 жылға дейін босатуға болады.

 

Егер инвестиция жасаған кәсіп­кер шетелден құрал-жабдық алып келсе, ол кедендік баж салығын төлеу­ден босатылады.[17]

 

Сондай-ақ инвесторларды тартуда мемлекеттің зор ықпал ететініне мына мысал дәлел: Қазақстан Республикасының Премеьер-Министрі Кәрім Мәсімов Бірікен Араб Әмірліктерінің Президент істері жөніндегі министрі шейх Мансұр бен Заид Әл Нахаянмен кездесті. Кездесуде Қазақстан Респуликасының Президенті Нрсұлтан Назарбаевтың 2007 жылдың соңында БАӘ-ге сапары және 2008 жылғы ақпанда ҚР Премеьер-Министрі Кәрім Мәсімов бастаған қазақстандық делегацияның жұмыс сапары барысында қол жеткізген келісімдр аясында екі ел арасындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды. Үкімет басшысы БАӘ-нің бизнесмендерінің біздің елімізде ірі жобаларды инвестициялуға ұмтылысын қолдуға әзір екенін айтты және Қазақстан мен Әмірліктер арасындағы Қазақстан - Әмірліктер іскерлік кеңесін құру туралы меморадумға қол қойылуын қанағаттанарлықпен атап өтті.[19]

 

Осылайша Қазақстан Республикасында шетел капиталын тартуды ынталандырудың әрі қарай дамуына қолайлы жағдайлар мен алғышарттар жасалуда. ...

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

 

1. Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты».// Егемен Қазақстан. 2008-07 ақпан.

2. Беренс В., Хавранек П.М. Руководство по оценке эффективности инвестиций: Пер.с анг.М.: Юнити, 2000г

3. Вахрин П.И. Инвестиции: Учебник. М.: Дашков и К, 2003г

4. Липсис И.В. и др. Инвестиционный проект: методы подготовки проекта.   Москва, 1998г ...