ЖОСПАР
КIРIСПЕ. 3
I АҚША РЕФОРМАСЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АҚША РЕФОРМАСЫН ЖҮРГІЗУДІҢ ҚАЖЕТТІГІНІҢ ТУЫНДАУЫ.. 5
1.1 Ақша реформасының экономикалық мәні мен сипаты.. 5
1.2 Қазақстан Республикасында ақша реформасын жүргізудің алғышарттары 9
II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 1993 ЖЫЛҒЫ АҚША РЕФОРМАСЫ 13
2.1 Теңгені енгізуімізге байланысты 1993 жылғы ақша реформасы.. 13
2.2 ҚР-ғы 1993 жылғы ақша реформасының экономика үшін маңызы мен жаңа теңгені айналымға шығарудың қажеттігі 19
ҚОРЫТЫНДЫ.. 29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР. 31
I АҚША РЕФОРМАСЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АҚША РЕФОРМАСЫН ЖҮРГІЗУДІҢ ҚАЖЕТТІГІНІҢ ТУЫНДАУЫ
1.2 Қазақстан Республикасында ақша реформасын жүргізудің алғышарттары
... Оның бiрден-бiр себебi бұрынғы орталықтан басқарылып келген экономикалық жүйе бұзылып, қатаң түрде реттелiп келген елдiң ақша айналысы жүйесiнiң тиiмсiздiгi дереу көрiнiп қалды. Сол кездегi айналыста жүрген Ресейлiк рубльдердiң құнсыздануы шапшаң болды. Олай болатын себебi, экономикада өндiрiлген өнiмдер мен қызмет көрсетулерден ақша массасы тым артық болып кеттi.
1991 жылы КСРО ыдырағаннан кейiн Қазақстан ТМД-ның басқа мемлекеттерiмен бiрге “рубль аумағында” қала бердi. Бiрақ бұрынғы орталықтан басқарылып келген экономикалық жүйе ыдырап, рыноктық қатынастар орын ала бастауына байланысты экономика айналыста жүрген ақша массасы күннен-күнге өсiп, инфляция кең етек ала бастады. Осының салдарынан 1992 жылы айналысқа 200, 500, 1000 рубльдiк купюралар шыға бастады. 1992 жылы маусым айында алғаш рет ресейлiк 5000 рубль, кейiннен 10000 және 50000 купюралары шығарылды. Алайда өндiрiстiң одан сайын құлдырауы, мемлекеттiк бюджеттiң тапшылығының өсуi, жалпы экономиканың дағдарысқа үшырауы инфлицияны одан сайын үдеттi. Тiптi сол кездегi инфляция гиперинфляцияға айналды, нақтырақ айтсақ инфляция деңгейi 2000%-дан асып кеттi. Осыған байланысты бұрынғы 15 елдiң рыноктық қатынастарға өтуге бетбұрыс жасауы ортақ валютаны ұстап тұрудың тиiмсiз екендiгiн мойындады.
Елiмiзде инфляциялық дағдарыстың орны ерекше деп те атасақ болады. Өйткенi 1990 жылдан бастап өндiрiстiң құлдырауы, бұрынғы орталықтнған экономиканың ақшаны құнсыздануға жiбермей ұстап тұрған саясаты жойылып, экономика нарықтық қатынастарға бет алғанда қаржы саласы дереу дағдарысқа ұшырады. Өндiрiс пен инфлияцияның дағдарысқа ұшырауы әлеуметтiк саланың күрт құлдырауына алып келдi. Халықтың ақшалай кiрiстерi кеми бастады, еңбек ақы төмендедi, жалпы елде кедейлiктiң деңгейi өсе бастады.
Әлемдiк тәжiрибеде инфляциялық дағдарыс деп екi жыл аралығында инфляция деңгейi 40%-дан төмендесе айтады. Ал Қазақстанда 1992-1994 жылдары гиперинфляция болды.
Осы мәселеге мемлекетiмiз әр түрлi саясаттарды iске асыра бастады. Бiрақ 1991-1993 жылдар өзiмiздiң ұлттық валютамыз болмауы себебiнен қаржы жүйемiз ақша-несие және валюталық саясатты толық түрде жүргiзе алмады. Осыдан бастап елiмiз экономиканы ақша-несиелiк және валюталық түрде реттей бастады, ұлттық валютамызды тұрақтандыру саясатын жүргiзудi қолға алды және жаппай мемлекеттiк меншiкке жекешелендiру сяасаты, яғни кәсiпкерлiктi дамыту реформалары жүргiзiлдi. Бұл саясаттардың барлығын жүргiзiп, iске асырып отырған мемлекетiмiздiң Ұлттық Банкi болды. ...
II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 1993 ЖЫЛҒЫ АҚША РЕФОРМАСЫ
2.1 Теңгені енгізуімізге байланысты 1993 жылғы ақша реформасы
... Жоғарыда аталған заңға қоса, “Қазақстан республикасының ақша жүйесi туралы” 1993 жылдың 13 желтоқсандағы заң; “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi туралы” 1995 жылдың 30 наурыздағы заң “Асыл тастар және қымбат бағалы метелдармен байланысты қатынастарды мемлекеттiк реттеу туралы” 1995 жылдың 20 шiлдедегi заң, сонымен қатар ҚР Президентiнiң Жарлықтары үкiмет қаулылары мен ұлттық банк басқалырымен нормативтiк актiлерi жатады.
Ұлттық ақша реформасы негізінде 1995 жылдың орта кезінде Ұлттық банк пен Қаржы министрлігі қаржы нарығына алғашқыда қазыналық вексельдерді, одансоң міндеттемелер мен ноталарды және басқа мемлекеттік бағалы қағаздарды шығарғаннан кейін теңгенің құлдырауын тежеуге мүмкіндік туды. Инфляция теңге енгізілген 1993 жылы 2500 пайыз болса, ал 1994 жылдың бас кезінде 1260 пайызға дейін төмендеді. 1995 жылы Қазақстандағы инфляция деңгейі 58 пайыз болды.
1997 жылы мемлекеттің алтын валюта қоры кәсіпорындарды жекеменшіктендіру және шетел инвесторларына басқаруға беру сияқты инфляцияланбайтын көздерден түскен 700 млн. доллармен толықты. Бұл жылы теңге курсының ауытқуы тиынмен, ал инфляцияның деңгейі пайыздың бөліктерімен есептелетін жағдайға жетті.
Еліміздегі ақша реформасы Қазақстанда одан ары жалғасын таба үстінде. 1998 жылы теңгенi еркiн қалқымалы рынокқа жiбердiк. Әрине бұл кездерде елiмiзде инфляция деңгейi бiршама төмендеген кездер едi. Сондай-ақ айналыста iрi ақшалар қажеттiгi туындауына байланысты соңғы жылдары айналысқа 5000 және 10000 теңгелiк ақшалар да шыға бастады. Бұған бiрден-бiр есеп елiмiздiң экономикалық жағдайынын тұрақтала бастағанынан және халықтың табысының өскендiгiнен болып отыр. Бүгiнгi таңда елiмiздегi инфляция деңгейi 6-7%-ды құрап келедi. Әрине бұл да болса бiздiң ұлттық валютамыздың күннен-күнге нығайған белгiсi деп айтсақ болады.
Сонымен Қазақстанның ұлттық валютасы теңге соңғы жылдары тұрақты төлем құралы ғана болып қалмай, еркiн алмастырылатын валюталарға шексiз айырбасталады және бүгiнгi таңда теңгемiздiң тұрақтылығы, сондай-ақ АҚШ долларына қарағанда нығаюда көрiнiп отыр. Әрине бұл жетiстiктер елiмiздiң қаржы және ақша реформаларын тиiмдi жүргiзiп, ТМД елдерi деңгейiнде елiмiздiң қаржы секторының ең қолайлы реформаланғанын көрсетiп отыр. ...
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. “Қ.Р-да ұлттық валютаны енгiзу туралы” Қ.Р. Президентiнiң заң күшi бар жарлығы // 12.11.1993.
2. “Қ.Р-ның ақша жүйесi туралы” Қ.Р-ның Заңы // 13.12.1996.
3. “Валюталық реттеу туралы” Қ.Р –ның заңы // 24.12.1996. ...