Доклад/Баяндама: Баяндама / Доклад: Ел әскерімен айбынды


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Право, Құқық, криминалистика
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
11

Жоспар

1 Ел әскерімен айбынды.. 3

2 Тасымал әлеуеті – темір жолда. 5

3 Туризм – табыс көзі 6

4 Уақытпен үндескен істер. 8

5 Бәсекеге қабілетті жас ұрпақ тәрбиелеу бағытында облыста жүйелі жұмыстар жүзеге асуда. 10

3 Туризм – табыс көзі

... Тек шет мемлекеттерде ғана емес, өз еліміз төңірегінде де өткі­зіліп жатқан халықаралық деңгей­дегі көрме-жәрмеңкелердің мән-маңызы жыл санап арта түсуде. Мәселен, жыл сайын Алматы тө­рін­де KІTF атты халықаралық ту­рис­тік жәрмеңкесі, Шығыс Қазақстан облысында “Белуха” халықаралық туристік фестивалі өткізіліп тұрады. 2005 жылы KІTF халықаралық жәрмеңкесіне 23 мемлекеттен 200-ге жуық компания қатысса, 2006 жылы оған қатысушы мемлекеттердің саны 43-ке жеткен.  Елорданың имидждік бет-бейнесін қалыптастыруда өзіндік орны бар “Астана–Демалыс” халықаралық туристік жәрмеңкесі де ерекше атап өтуге тұрарлық. Яғни, экономи­ка­ны ілгерілетуші тетік ретінде ай­рық­ша басымдық берілген саланы дамытуға барлық жағдай жасалып келеді.               

 

2005 жылы елдегі туристік ин­дустрияның мүмкіндігін айқындау үшін еліміз өңірлеріне арнайы маркетингтік зерттеулер жүргізіледі. Оған Үкіметтің қаулысымен бюд­жет қоржынынан 65 млн. теңге кө­лемінде қаржы бөлінген болатын. Қазіргі таңда сол зерттеулер бас­шы­лыққа алынып, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау және Оң­түс­тік Қазақстан облыстарында турис­тік кластерді дамыту қолға алынуда.

Шетелдік капиталдың ағынын толастатпас үшін, таяу болашақта барлық озық талаптарға жауап беретін ірі халықаралық туристік орталықтарды құру жобасын іске асыру да көзделіп отыр. Ол орта­лықтар Алматы облысындағы Қап­шағай су қоймасының жағалауы­нан, Ақмола облысындағы Щучье–Бурабай курорттық айма­ғынан, сондай-ақ, Маңғыстау облысының “Кен­дірлі” демалыс орны­ның жа­нынан орын тебетін болады. Мұндай игілікті істі жүзеге асыруға 35 млрд. АҚШ долларын тарту көзделіп отыр.

Туризм саласын көлік инфра­құрылымынсыз елестету мүмкін емес. Яғни, көлік инфрақұры­лымының дамуы, өз кезегінде ішкі және сыртқы туризм өрісінің кеңеюіне жол ашып береді. Біздің елге туристер көбіне әуе жолымен қатынайтыны белгілі. Сол себепті, әуе көлік дәлізін жандандыруға мән берілуі тиіс. Егер, Ұлттық Қауіп­сіздік комитетінің шекаралық қызметінің және Дүниежүзілік туристік ұйымының статистикалық қызмет саласы департаментінің мәліметтеріне сүйенсек, сыртқы туризмнің соңғы жылдардағы тұ­рақ­ты өсіміне анық көз жеткіземіз. Мәселен, 2000 жылы сыртқы ту­ризм арқылы бюджетке түскен тү­сім 1,5 млн. долларды құраса, 2006 жылы ол көрсеткіш 4,7 млн. дол­ларға жеткен.  Сол секілді ішкі ту­ризм саласы да жыл санап  жанда­нып келеді. Егер, ішкі туризмнен бюджетке 2000 жылы 941 мың. теңге құйылса, өткен жылы бюджет 3,4 млн. теңгеге толыққан. Ал 2006 жылы мемлекет қоржынына туризм саласы арқылы келген кірістің жалпы мөлшеріне келсек, ол 44 млрд. 718 млн.100 мың теңгені құраған.

Мұндай көрсеткіштер туристік инфрақұрылымның болашағына сеніммен қарауға мүмкіндік береді. Ал бұл еліміздің әлемдік туристік қоғамдастыққа интеграциялануына жол ашады дегенді білдірсе керек.   ...

 

5 Бәсекеге қабілетті жас ұрпақ тәрбиелеу бағытында облыста жүйелі жұмыстар жүзеге асуда

 

 ... Бір айта кететін жәйт, жан-жақты дарынды, білімді шәкірт тәрбиелеуде облыстық “Дарын” ауысымды мекте­бінің арқасында облыстағы оқушылар командасы рес­пуб­ликалық ғылыми жарыстарда үшінші жыл қатарынан “Оқу­шы­лар­дың ғылыми жарыс­тарының үздік командасы” ата­ғын және төртінші жыл “Үздік олимпиадалық коман­да” атағын қолдан шығармай келеді. Сондай-ақ үстіміздегі жылы ғана облыс оқушылары “Интел­лек­туал­ды марафон” (Ресей) халықара­лық олим­пиа­дасында 2 алтын, 2 күміс және 3 қола медальді жеңіп алса, биыл Ресейде өткен “Ком­­пью­терлік физика-2007“ байқауына “Жетісу-1”, “Же­тісу-2” атты қос команда қа­тысып, нәтижесінде “Вир­туальды физикалық лабора­то­рия“ байқауында “Жетісу -1” командасы бірінші орын тұ­ғы­рына көтеріліп, “Алтын ме­даль“ иегері атанды. Ал “Же­тісу-2” командасы “Интел­лектуалдық лаборатория” бай­қауында ІІ дәрежелі дипломға ие болғаны облыстағы зейінді оқу­шылардың бәсекеге қабі­лет­тілі­к­тері­нің айғағы. Жеке­лей есепте облыс нам­ысын қорғаған 10 оқушы 5 алтын, 2 күміс, 3 қола медальмен мара­патталса, “Ғылым әлемін аша­мыз” атты халықаралық ғылы­ми конференцияда оқушылар тағы да бас жүлдені иеленген болатын. Гре­цияда өткен “Ба­ла­лар. Интеллект. Мәдениет” атты халықаралық ғылыми олимпиадаға қатысқан 12 оқушы да жеңіс тұғырына көтері­ліп, 4 алтын, 3 күміс, 5 қола ме­даль­ға қол жеткізіп, облыс, рес­пуб­лика абыройын асырғаны да мақтауға лайық.

Ұлыбританияда өткен ха­лық­ара­лық ағылшын тілі олимпиада­сында облыс оқу­шылары 6 алтын және 5 күміс медальді жеңіп алды. Күні кеше ғана Хорватияда өткен дү­ниежүзінің 80 мемлекетінің оқу­шылары қатысқан инфор­матика пәні олимпиадасында Қазақстан командасы тұңғыш рет 3 орынға ие болса, Тал­дықорған қаласындағы №24 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Байжікенов Бақыт­жан алтын медальді иеленіп, мерейі үстем болды.

“Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы” демекші, қазір­гі кезде қо­ғамда болып жат­қан тарихи-әлеу­меттік өзгерістер, ғылыми және өнді­рістік жаңалықтар бүгінгі бала тәрбиесіне жаңаша көзқарас­пен қарауды талап етуде. Осы орайда өскелең ұрпақты ұлт­тық игіліктер мен мәдени мұ­ралар сабақтастығын қалып­тастыруға тәрбиелеу, жалпы білім беретін оқу орын­дары­ның басты міндеті болып отырғаны қуан­тады. Халқы­мыздың рухани қайта түлеу кезеңінде жеткіншек өрендер санасына ана тілі арқылы төл тарихы мен мәдениетін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін сіңі­ру, сол арқылы олардың дү­ние­танымын қалыптастыру — бүгінгі күннің өзекті мә­селесі. Елбасының биылғы Жол­дау­ындағы негізгі мін­деттерді бас­шылыққа ала отырып, бә­се­кеге барынша қабілетті елу елдің қата­рына ену жолында тәуелсіз еліміз­дің ұл-қыз­дарының өжет те қай­ратты, білімді де парасатты болып ер­же­туі үшін облыстағы ұстаздар қауымы ынта-ықыласпен еңбек етуде деуге болады. ...