Доклад/Баяндама: Құқық нысаны


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Қылмысқа қатысушылық
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
7

Құқық нысанын жақсы түсіну үшін әуелі философиялық категория “Мазмұн мен нысанды” жақсы білу қажет. Мазмұн – белгілі бір заттар мен құбылыстарды құрайтын элементтер мен процестердің жиынтығы.

 

Ал нысан – мазмұнның өмір сүру тәсілі, оның құрылымы, ішкі түзілісі.

 

Мазмұн мен нысан қандай құбылысқа болмасын іштей тән. Сондықтан, оларды бір-бірінен бөліп алуға болмайды. Тек қалыптасқан, белгілі бір нысаны бар мазмұн ғана болмақ. Сол сияқты таза, мазмұнсыз нысан деген де болмайды. Нысан әрқашан да мазмұнды, мазмұн нысаналы келеді. Осы екі категорияның өзара қарым-қатынасында басты рөлді мазмұн атқарады. Мазмұн үнемі дамып, өзгеріп отырады. Мазмұнға сәйкес нысан да өзгерістерге ұшырайды. Мазмұн нысанды белгілейді.

 

Бірақ нысан да мазмұннан қалыс қалмайды, өз тарапынан мазмұнға белсенді түрде әсер етеді. Жаңа, өзінің мазмұнына сай келетін нысан оның дамуына, ілгері басуына жәрдемдеседі. Ал өзінің мазмұнына сай келмейтін ескі нысан оның дамуына кедергі жасайды. Мазмұн мен нысанның арасындағы сәйкессіздік ескі нысанның орнын жаңа нысанның басуымен шешіледі.

 

Құқық осы философиялық категорияның заңдарына сәйкес дамып, өзгеріп отырады. Құқық әлеуметтік шындықтың объективтік құбылысының сыртқы нысаны. Ғылым құқықтың ішкі-сыртқы нысаны болады деп түсіндіреді: ішкі нысаны – құбылыстың құрылымын, жүйелік элементтерін көрсетеді; сыртқы нысаны – құбылыстарды құқықтық тұрғыдан анықталған заңды негіздердің жиынтығы.

 

“Құқықтың нысаны” және “құқықтың негізі” бір-бірімен тығыз байланыстағы ұғым. Бірақ олардың айырмашылығы, ерекшеліктері бар.

 

Нысан – құқықтың мазмұнының сыртқы көрінісін және өмір сүру тәсілін көрсетеді. Негіз – құқықтың мазмұнының қалыптасу негіздерін, себептерін, факторларын көрсетеді.

 

Құқықтық нормалардың негіздерінің үш түрі болады: материалдық, идеалдық, заңды.