Сізге осы жұмыстың 2 жолын таңдап сатып алуға болады:
1. Сатып алу
2. ТЕГІН
ТЕГІН жұмыс істеу үшін Сіз келесі әректтер жасайсыз
1. ВКонтакте бетіндегі төменгі түймесін басыңыз, осы сайт туралы достарыңызға айтыңыз
2. Сіздің достарынызды қосу үшін (Бәздің мекен-жай - vk.com/nemax83)
3. Жұмысыңызды және бүлік жағарыда аталған қадамдарыңызды растайтын сілтеме туралы хабарламаны ВКонтакте бетіне жіберіңіз.
Оқуларыңызға Сәттілік !!!
... Жерді сатуға тыйым салынады. Үлестен қалған жер мемлекет қазынасына өтеді, мұның билігі жұрт мекемесі қолына өтеді.
Қазақ мемлекетінің жер үстіндегі түгі, суы, астындағы кені Алаш мүлкі болып табылады.
Осы айтылған мәселелер неше жылдар өтсе де әлі өзінің өзектілігін жоғалтпай отырғанын бүгінгі таңда байқап отырмыз. Атам заманнан бері қазақ өз жері үшін жанын салып күреске түсіп келгені тарихтан белгілі. Қазақ топырағындағы философиялық толғамдар да осы төңіректе өрбісе керек. Әлихан Нұрмұхамедұлының көзқарастарындағы мәселенің философиялық аспектісі де осы жерден келіп шығады.
Әлихан Бөкейханов жаңа мемлекеттік аппаратты құруда да шамамен осы сипаттағы принциптерді басшылыққа алуды ұсынады. Бұл ретте ол былай деп көрсеттік. «Елдің тұрмысын, тілін, мінезін білмеген кісі көш басын алып жүре алмайды. Олай болса көп ретте Ресейді бір орыстың билеймін дегенінде мағына жоқ. Ресей тілі өзге, тұрмысы, қаны басқа жұртқа автономия беруі керек».
Оның пікірі бойынша мемлекеттік дербестік ұлттық өркендеудің алғы шарты. «Қазақты автономия қылсаң,- деп жазды ол,-Қараөткел алаштың ортасы, Сонда университет салып, қазақтың ұлын, қызын оқытсақ, «Қозы Көрпеш-Баянды» шығарған, Шоқан, Абай, Ахмет, Міржақыпты тапқан қазақтың кім екенін Европа сонда білер еді-ау. «Қозы Көрпеш –Баянда» Баян махаббат жолына өзін құрбан қылған. Мұны шығарған жұрт махаббатты сынай, бағалай біледі. Мұндай жұрттың қатыны келешекте ұл туып тұр, аты бәйгеден келіп тұр! Қазақ жұрты келешекте кіммен болса да қатар отыруға ұялмайды [ 3;74 ].
Өмірді күрес деп түсінген Ә.Бөкейханов Алаш партиясын құруда да осы мақсаттарды іске асыруды көздеді. " Мен кадет партиясынан неге шықтым?" деген мәлімдемесінде ол: " Кадет партиясы жер адамға меншікті боп берілсе де жөн дейді. Біздің қазақ жерді меншікті қылып алса башқұртша көрші мұжыққа сатып, біразда жылда сыпырылып, жалаңаш шыға келеді.
Кадет партиясы ұлт автономиясына қарсы. Біз Алаш ұранды жұрт жиылып, ұлт автономиясын тікпек болдық.
Француз, орыс һәм өзге жұрттың тарихынан көрінеді, молла хүкіметтен ақша алса, сатылып кетеді. Рухани іс аяқ асты болмақ... Сондықтан хүкімет ісінен бөліп қойған болады. Оны орысша " отделение от государства" дейді. Кадет партиясы менің бұл пікіріме теріс қарайды. Осы жол айрылғаны биыл ашыққа шықты. Мен сонан соң... Алаш партиясын ашуға тырыстым. ("Қазақ", 1917, №2567).
Алаш партиясының сол шақта ұйымдық тұрғыдан құрылып үлгермегендігі де рас. Уақыт, уақиғалар ағымы мұндай мүкіншілік те бермеді. Әлжуаз Уақытша өкімет күн сайын ел ішіндегі биліктен айрыла берді. Ал бұл жағдай өз кезегінде түрлі террористік актілерге ұласып отырды. Елге тұрақтылық беретін саяси биліктің жоқ болуы, әсіресе қарусыз даярлықтан мақұрым қазақ еліне ауыр тиді. Барлық жерде зорлық-зомбылық етек алды.
Міне, осындай жағдайда Әлихан Бөкейханов пен Ахмет Байтұрсынов бастаған бір топ қайраткерлердің ұсынысы және ұйымдастыруы бойынша 1917 жылы 5-13 желтоқсан күндері Орынбор қаласында қазақ мемлекеттігі туралы мәселе қараған екінші жалпықазақ съезі болып өтті. Съездің күн тәртібінде тұрған ең негізгі мәселе – ұлттық автономия туралы баяндама жасаған Ә.Бөкейханов болды. Съезд бұл мәселе бойынша қарар қабылдап, онда "Алаш облыстарын қазіргі бүлікшіліктен қорғау мақсатымен уақытша "Ұлт Кеңесін" құрып, оның аты " Алашорда" болсын -"деді. Он бес адамнан тұратын бұл өкіметтің төрағасы болып көпшілік дауыспен Ә.Бөкейханов салынды. Бұл, әрине Әлихан Нұрмұхамедұлының өзін бақытты сезінген сәттерінің бірі еді.
Империя көлемінде қалыптасқан жағдай Алошарда өкіметіне келесі 1918 жылдың күзіне дейін іске кірсуге ырық бермеді. Ал оның төрағасы Қазан революциясы жеңгеннен кейінгі кезеңде жасырынып жүріп қызмет атқаруға мәжбүр болды. Өйткені, ол большевиктердің бағдарламасын қолдамады; Кеңес өкіметін " найзаның ұшымен, айбалтаның жүзімен" орнаған билік деп түсінді. 1917 жылғы 10 желтоқсанда "Южный Урал" (Орынбор) газетінде жарияланған үндеуінде ол В.И. Ленинді, большевиктер партиясын демократиялық принциптерді аяқ асты етушілер есебінде айыптады.
Азамат соғысы басталып кеткеннен кейінгі кезеңде Әлихан Бөкейханов бастаған Алашорда өкіметі баррикаданың екінші жағында, яғни Кеңес билігіне қарсы күресіп, ақ казктар мен патша генералдарының соңынан ерді. Ондағы басты мақсат та – жерін сақтап қалу болды.
1925 жылы Қазақстандағы саяси билікке Голощекин келгеннен кейінгі уақытта республикадағы жер мәселесі қайтадан шиеленісе бастайды. Оған себепші болған бұл мәселені шешуде бірінші кезекте ескі патшалық билік тұсында көп зардап шеккен қазақ бұқарасының мүддесін есепке алудың орнына, орталық биліктің қолдауына сүйене отырып отарлаудың жаңа кезеңін ашуды көздеген жаңа басшылықтың өктем саясаты еді.
Ғасырлар бойы өз шешімін таппай келген жер мәселесі Қазақстанда революциядан кейінгі алғашқы кезеңде шешілуі толық мүмкін еді.