Доклад/Баяндама: Іс қағаздарының стилі


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Делопроизводство
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
9

Сізге осы жұмыстың 2 жолын таңдап сатып алуға болады:
1. сатып алу
2. ТЕГІН
ТЕГІН жұмыс істеу үшін Сіз келесі әректтер жасайсыз
1. ВКонтакте бетіндегі төменгі түймесін басыңыз, осы сайт туралы достарыңызға айтыңыз
2. Сіздің достарынызды қосу үшін (Бәздің мекен-жай - vk.com/nemax83)
3. Жұмысыңызды және бүлік жағарыда аталған қадамдарыңызды растайтын сілтеме туралы хабарламаны ВКонтакте бетіне жіберіңіз.
Оқуларыңызға Сәттілік !!!

 

1. Ресми қабылданған қаулы я шығарылған жарлық т.б. ресми құжаттардың негізінде, оның орындалмауы жөнінде немесе сол құжат бойынша іске асырылып жатқан шаралар жөнінде дайындалған іс қағаздарында  немесе ұйым, мекеме басшысы нұсқауларының орындалу барысына орай жазылған іс қағаздарында алғашқы құжат туралы айтылуы керек. Мысалы, «Қазақстан Республикасы Президентінің 03.04.1999ж. ... туралы шығарған жарлығына сәйкес» немесе «білім және ғылым министірінің 13.01.1998ж. ... жөніндегі нұсқауына сәйкес» т.с.с.

2. Іс қағаздарының өкілеттілік (бұйрықтық) бөлігі тармақтарға бөлініп көрсетіледі. Көлемі үлкен (1-2-беттен көп) құжаттарды бөлімдерге бөліп дайындаған дұрыс. Әр бөлімге тақырып қою керек.

3. Құжаттың әр тармағын нөмірленуі керек. Тармақтар араб цифрымен нөмірленеді (1,2,3...), ал бөлімдер рим цифрымен (І,ІІ,ІІІ...). Ал тармақ ішіндегі мәселелер саны жазбаша көрсетіледі. Мысалы, біріншіден, екіншіден, үшіншіден т.с.с.

 

 

 

Қолданылған мәліметтің дәлдігі туралы.

 

     

 

Іс қағаздарында қолданып отырған ақпарат, мәліметтің барлығы мұқиат тексерілуі керек. Іс қағаздарында ақиқаттығы күмән тудыратын мәлімет қолданылмағаны жөн, құжаттардағы шындыққа жанаспайтын қате мәлімет қай кезде жіберіледі.

 

-  дайындалған құжаттың мазмұны менсапасына немқұрайды бақылау жасалғанда;

 

-  құжатты дайындаушының білім мен тәжірибе деңгейі төмен болғанда; жүктелген тапсырма олардың біліктілігімен сәйкес келмеген жағдайда;

 

-  құжатты дайындаушы өз ісіне немқұрайды, салақ қараған жағдайда;

 

-  құжатты дайындау барысында дұрыс мәлімет қолданбаған жағдайда;

 

-  құжаттарды дайындау барысында бағдарламалық –техникалық құралдарды дұрыс пайдаланбаған жағдайда;

 

-  құжаттарды дайындау технологиясы бұзылған жағдайда.

 

Құжат дайындаған жағдайда іскерлік, қатынас жасап отырған мекеменің аты, реквизиттері, мекеме басшысының аты-жөні, лауазымы анық, сауатты жазылуы керек. Құжаттағы сандық мәліметтер, уақыт көрсеткіштері, цифрлар қайта бір тексеріліп барып жіберілуі керек.

 

Егер құжатта қосымша (приложение) болатын болса ол жолдама хатта көрсетілуі керек, я болмаса құжаттың соңында ескертілуі тиіс. Мысалы, Көлемі 5 беттен тұратын қосымша бөлек дайындалған немесе бұл құжаттан бөлек, 10 беттік қосымшаны қоса жіберіп отырмыз т.с.с.

 

Құжаттағы бүкіл ақпарат мұқият тексерілуі керек. Құжаттағы ақпаратты тексеруді бірнеше түрде жүргізуге болады. Олар мыналар:

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Техникалық. Мұнда қате жазылған сөздер, дұрыс қойылмаған тыныс белгілері, дұрыс түспеген әріптер т.б. басты назарда ұсталады.
  2. Заңдық. Мұнда құжат мазмұнының қазіргі күші бар заңдарға және құқық нормаларына сәйкестігі тексеріледі.
  3. Қаржы-экономикалық. Мұнда құжатта шығарылған қаржы – экономикалық шешімдердің үйлесімділік, тиімділік дәрежесіне баға берілді.
  4. Статистикалық. Мұнда құжаттағы статистикалық мәліметтердің өзектілігі мен ақиқаттығы, дәлдігі тексерілді.
  5. Конфеденциалдық. Мұнда құжат мазмұнында жариялылығы шектеулі мағұлматтың немесе мемлекеттік құпия болып саналатын я қызметтік, коммерциялық құпия болып табылатын мәліметтің жіберілмеу жағы тексерілді.
  6. Ақпараттық. Мұнда құжатты алушының мекен-жайы, реквизитттері сияқты мәліметтердің дұрыстығы тексерілді.

 

Құжаттағы  мәліметтердің дәлдігі, оның мерзімінде дұрыс жасалу жауапкершілігі құжат дайындаушы адамға жүктеледі. Егер құжат дайындаушы адам бірнешеу болса жауапты орындаушы белгіленеді.

 

Құжатты дұрыс дайындап, уақытылы жіберу секретариат қызметкеріне я іс жүргізушіге жүктеледі.   ...