Жоспар
Аңдатпа. 3
Аннотация. 4
КІРІСПЕ. 5
1 ТЕХНИКА–ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ.. 6
1.1 Мұнайдың жылу физикалық қасиеті 6
1.2 Мұнайдың реологиялық қасиеті 8
1.3 Жоғары тұтқырлы мұнайды айдаудың түрлері 11
1.3.1 Көмірсутекті араластырғыштармен парафинді мұнайды айдау. 11
1.3.3. Жоғарғы парафинді және жоғарғы тұтқырлы мұнай және мұнай өнімін сутранспортымен тасымалдау. 12
1.3.4. Мұнай және мұнай өнімдерін қыздырып айдау. 13
1.4 Магистралды құбырөткізгіш шөгінді парафиннен тазалау. 14
1.5 Патенттік зерттеулер. 16
4. ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ.. 32
4.1. Инвестицияның экономикалық тиімділігі және қызметтердің принциптері. 32
4.1.1. Экономикалық тиімділіктің есептеу негізі. 33
4.1.2. Экономикалық тиімділік көрсеткіштері 33
4.1.3. Өндіріс шығын және өнімнің өзіндік құны.. 35
4.1.4. Негізгі өндірістік қорлар. 35
4.2. Капиталды салымдарды есептеу. 38
4.3 Қаражат бөлу мен негізгі қорды есептеу. 39
4.4 Пайдаландылынған шығындар. 40
4.5 Тонна мұнайды айдағандағы тарифті есеп. 43
4.6 Күрделі қаржының және өтімділік ммерзімінің экономикалық тиімділігі 44
5 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ.. 46
5.2 Қоғаныс шаралары.. 48
5.2.1 Санитарлы-гигиеналық шаралар. 48
6 ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ.. 58
6.1 Биосфера компонентіне жобаланатын кешеннің әсер етуін талдау. 58
6.1.1 Атмосфераға әсері 59
6. 1.2 Гидросфераға әсері 60
6.1.3 Литосфераға әсері 61
6.2 Ұйымдастыру шаралары.. 62
6.3 Табиғатты қорғау шаралары және қоршаған ортаны қорғауды инженерлік қорғану 62
6.3.1 Атмосфераны қорғау. 62
6.3.2 Гидросфераны қорғау. 63
6.3.3 Литосфераны қорғау. 66
Аңдатпа
«Магистралды мұнай құбыр арқылы жоғарғы тұтқырлы мұнайды айдау» тақырыбына жазылған дипломдық жоба магистралды құбыры арқылы жоғарғы тұтқырлы мұнайды тасымалдаудың тиімді тәсілін анықтауға арналған.
Дипломдық жобада ғылыми – техникалық әдебиеттер мен патенттік жаңалық табулар пайдаланған және төменгі тұтқыр сұйықтың құбырдан жоғарғы тұтқырлы мұнайды толықтай ығыстыру ұзақтығын анықтау үшін есептеулер жүргізілген, сондай – ақ мұнай құбырының техника – экономикалық көрсеткіштері анықталған.
4. ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ
4.3 Қаражат бөлу мен негізгі қорды есептеу
... Негізгі мұнай өнімдерін тасымалдау кешендерінің құрлыстарында смета құжатын құрау үшін құрлыс – монтаж жұмыстарындағы СНИП бойынша салынған, смета мөлшері болып табылады.Ол жалпы Республикалық жобалау және құрлыс нормативті құжаттардыңжүйесін ұсынады.
Берілген СНИП- тің сметалық мөлшері, құрлыстар үшін материалдарды бағалаушылар, бұйым және құрылым, және де жүктерді таымалдаудың сметалық бағасы, анықтама кітабы және жинақтардың сметалық құны игерілген.Онда магистралды құбырөткізгіш құрлысындағы орындалатын негізгі жұмыстың түрлеріне баға берілген. Және де, кешен алаңдарының құрлысы кезінде орындалатын (су өндіретін, канализациялық, сораптық және т.б. кешендер) едәуір жұмыс комплексі ескерілетін соңғы өнімнің бағасы қолданылады.Біздің есептік құн ірілетілген меншікті капиталдық салымда негізделіп өндіріледі, одан кейін бұл жылдың бірінші жартысында Қазақтан Республикасының Халық Банкының курсы бойынша у.е.-ден халқымыздың валютасына ауысқанда (131,56).
Біріншіденсызықтық бөлімнің бағасын есептейміз.
75 мың у.е. · 450 км. · 4601,48 =4601,48 млн.теңге
Одан кейін аралық айдау станциясының бағасы
3212мың у.е. · 131,56 теңге = 437,92млн. теңге
Магистралды құбырөткізгіштің барлығының бағасы мынаны құрайды.
4601,48 + 437,9 =5039,4 млн. теңге ...
5 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ
5.2.1 Санитарлы-гигиеналық шаралар.
... Ыстық булардың шоғырлануы орда МШШ-дан асып кетсе, онда жұмыстардың барлық түрлері доғартылуға, адамдар пайда болған қауіпті жағдай туралы хабарлануға (қажет кезінде қауіпсіз жерлерге әкетілуге), өрт сөндіру құралдары даяр етілуге, газдану себебі анықталуға және жойылуға тиіс. От және оқшауламалық жұмыстар ыстық булардың шоғырлануы МШШ-тан төмен болатын кезде ғана қайта басталуы мүмкін.
Жөндеу учаскелерінде өрптке қарсы талаптардың сақталуына бақылауды күзет (өрт сөндіру бөлімі) (ӨСБ) бөлімшелері жүргізеді, олар төмендегілерге ерекше назар аударуға тиіс:
- жөндеу учаскесін тұзу өрт сөндіру құралдармен қамтамасыз етуге;
- жолдардың, өтпелердің және өрт техникасы үшін кірме жолдардың жай-күйіне;
- жұмыс орындарында өрт қауіпсіздігі шаралары бойынша нұсқамалывқтың бар болуына.
Күзет (ӨБ) бөлімшелерінің жөндеу учаскелерінде өртке қарсы жай-күйді тексеру нәтижелері анықталған кемшіліктерді жоюға қажетті шаралар, орындау мерзімдері және жауапты адамдар көрсетілетін кесімдермен ресімделеді. Мерзімдер мен шараларды орындауға жауапты адамдар ЖҚБөл бастығының келісімімен тағайындалады.
Өрт шыққан жағдайда жұмыс жүргізушісі (шебер):
- өрт шыққан жерге (ӨБ) жасағын (қажет кезінде көрші МҚС күзет бөлімшелерінің (ӨБ) жасақтарын, IIM өрт бөлімшелерін) жіберетін МҚБ ӨДК болған жайды баяндайды және магистральды мұнай құбырларындағы ысырмаларды тез жабу жөнінде шаралар қолданады;
- жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде ықтимал апаттарды жою жоспарына сәйкес әрекет етеді.
Өрт сөндірілген соң және мұнайдың құбырлардан орға (апат болған жерде) төгілуін тоқтатқан соң оны ыстық заттардан тазалау және будың шоғырлануын газ талдағыштың көмегімен өлшеу керек. Пісіру жұмыстарын қайта бастауға орда будың шоғырлануы МШШ-тан төмен болғанда ғана рұқсат етіледі. ...
6 ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
6.3.1 Атмосфераны қорғау
... Айдау станцияларында және магистаралды мұнай өнімдерін құю орындарында ең бірден-бір ластау көзі болып резервуарлар саналады. Онда булану кезінде көп мөлшерде жеңіл көмірсутектер бөлініп шығады.
Резервуарлар лай заттарды санын азайту үшін келесі ұсыныстармен өндіріледі
-понтондар және қалқыма қаплпақшалар;
-газ теңестіру жүйесі;
-дөңгелек резервуарға кірердегі ауа ағындысының шағылысы.
Пантондар синтетикалық құрал-жабдықтардан жасалған. Буланудан 70-80%, қалқымалы қалпағы 80-90% және газ теңестіру жүйесі 35-70% жоғалтады. Қалқымалы қақпасымен және пантонмен резервуардағы мұнайдың булануы кезінде жоғалтудытөмендету үшін пантонмен резервуар қазығының арасындағы сақиналы саңылауда ілмек тәрізді тығынмен беріктіріледі. Тығынның герметикасын жоғарлату үшін жаңа конструкциялық сутығын өндіріліп шығарылды. Осының арқасында тығынның ішіндегі газ кеңістігін құрылуын болдырмайды және оның тиімділігін дәрежесін жоғарылатады.
Негізінде НДКМ және КПГ түрлі тыныс алу және сақтандырғыш клапандары тиімді. өйткені олардың өтімділігі типтік клапандардан 4 есе жоғары бұның өзі бір резервуардағы олардың саны бірден төмендетеді.
Резервуардағы жеңіл көмірсутектерді жоғалтумен көмектесудің тиімді әдісі – мұнайды резервуарсыз айдауың жүйесіне өту.
Бұл резервуардың сорапқа ьасты «Рубин» қондырғысы буферлік қондырғысы арқылы жалғануымен жетеді.онымен қоса резервуадағы «демалу» азаяды және соған сәйкес жеңіл көмірсутектердің жоғалуы төмендейді. Сораптық станцияның ғимараттарын газдандыруда айдайтын сораптағы тығыздауыштан мұнайдың ағып кетуіне әкеледі. ...