Мазмұны
КІРІСПЕ. 3
1.ТОПЫРАҚ БОНИТЕТІНІҢ ҚЫСҚАША ТАРИХЫ.. 5
2.ТОПЫРАҚ БОНИТЕТІН АНЫҚТАУ ӘДІСТЕТЕМЕЛЕРІ МЕН ТӘСІЛДЕРІ 9
2.1 Топырақ бонитеті Мемлекеттік жер кадастрының маңызды бөлігі 16
2.2 Топырақ бонитетінің критерилері мен негізгі принциптері 21
3. ТОПЫРАҚ БОНИТЕТІНІҢ БАЛЛДАРЫН ШЫҒАРУ ТӘСІЛДЕРІ 26
3.1 Бұрынғы Одақтағы және Қазақстандағы алғашқы жерді бағалаудың принциптеріне қысқаша шолу. 32
3.2 Тәуелсіз Қазақстандағы жер бағалаудың жаңа кезеңі 36
3.3 Топырақ бонитетінің (1979 ж) Мемлекеттік әдістемесі 37
4.ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ТОПЫРАҒЫНЫҢ САПАСЫН (БОНИТЕТІН) БАҒАЛАУ 39
4.1 Топырақ бонитировкасындағы және топырақ зерттеудегі материалдардың жағдайы. 48
ҚОРЫТЫНДЫ.. 50
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР. 51
2.ТОПЫРАҚ БОНИТЕТІН АНЫҚТАУ ӘДІСТЕТЕМЕЛЕРІ МЕН ТӘСІЛДЕРІ
2.2 Топырақ бонитетінің критерилері мен негізгі принциптері
... Түсіндірме: 4 кесте деректері дәнді дақылдар өнімі жылдық жауын-шашын мөлшеріне, топырақтар сапасына (балл құнарлығы) және механикалық құрамына тәуелді екенін көрсетті.
Экономикалық факторлар тұқым себу – егін ору науқанының ауылшаруашылық техникасы және еңбектік құралдар (ресурсы) мен қамтамасыз етілгендігін сыйпаттайды. Олардың ықпалы екі – тура және жанамалы бағытта көрінеді.
Тура ықпал тікелей өнік мөлшерінде байқалады. Ал ол болса топырақтық жағдайлар мен анықталады. Мыс., құрғақ дала аймағы топырағына (фосформен қамтамасыздану деңгейі төмен) берілген фосфор тыңайтқышының шамалы үлесі (дозасы) айтарлықтай нәтиже (эффект) бермейді.
Жанамалы ықпал бір жағдайдың қалғандарға қатынас көрсеткішінің айқындалуына байланысты.
Бұл жай басқа өндірістік-шаруашылық жағдайларға қатынас ең аз заңдылықты (закон минимума) қолдануға мәжбүр етеді. Ал жағдайлар болса жериеленушілердің аймақтық орналасуына қарай айқын бөлшектенеді. Айталық, қара және қарақоңыр топырақты дала аймағында фосфорлық тыңайтқыштар, тиімді ылғал жеткілікті жағдайда, ең нәтижелі келеді.
Ауылшаруашылық дақылдары өніктілігінің үлгісін (модель) жасауда жиі басқа-да экономикалық факторлар пайдаланылады, яғни 100 гектар егістікке келетін жұмысшылар саны 1 гектар егістікке келетін өсімдік шаруашылығының негізгі фондының (құрал) бағасы.
Жалпы алғанда бағалаулық жұмыстарды экономикалық факторлар егіншіліктің дақылдану деңгейі арқылы есептеледі, оған ғылым жетістігі немесе ауылшаруашылық дақылдарының салыстырмалы өніктілігі үлгісі пайдаланылады. ...
3. ТОПЫРАҚ БОНИТЕТІНІҢ БАЛЛДАРЫН ШЫҒАРУ ТӘСІЛДЕРІ
3.2 Тәуелсіз Қазақстандағы жер бағалаудың жаңа кезеңі
... Дегенмен бұл заңның да қазіргі нарықтық экономикаға дөп келмейтін тұстары байқалып, көп ұзамай халық назарына үкімет қазіргі әлемдік нарықтық экономикасын сәйкестендірілген Қазақстанның Жер туралы жаңа заңның нұсқасын ұсынды. Біршама пікірталас сараптамаларын кейін Қазақстан Республикасының Жер кодексі көпшіліктің қолдануына ие болып, Елбасымыздың 2003 жылдың 20 маусымында қол қоюымен қабылданды.
Бұл кодекстегі басты жаңалық – ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланатын жерлердің негізінен мемлекеттік меншікте болуымен қатар жеке меншікке төлемақы арқылы берілуі (сатылуы). Жер кодексін талқылау кезінде үлкен дау туғызған, біршама халыққа осы күнге дейін күмандандырып жүрген мәселе- осы ауыл шаруашылық жерлерінің жеке меншікке сатылуы. Біздің ойымызша, бұл мәселеден үрейленетін ештеңе де жоқ. Біріншіден ауыл шаруашылық жерлерінің барлығы сатылмайды, көп болса Қазақстан жерлерінің 10-15%-ы ғана сатылуы мүмкін. Екіншіден жеке меншікке жерді алсаң да аласың, алмасаң да аласың деп ешкім сені қинамайды. Сатып алғың келмесе бірнеше жылға жерді мердігерлікке (арендаға) алып пайдалан. Жерді сатып алуға алғашқы кезде ақшаң жетіспей жатса оны оншақты жылға созып, бөліп төлеуге де болады. Жеке меншікті де, ұжымдық, акционерлік, серіктестік т.б. әр түрлі түрлері болады. Қай түрін ұйымдастырсаң да өз еркің. Әңгіме жерді жеке меншікке беруде болып тұр. Себебі біздің тарихымызда ауыл шаруашылық жерлері көп жылдар бойы аса ірі колхоз,совхоздар меншігінде болды. Практика көрсеткендей колхоздікі,совхоздікі деген сөз ешкімдікі емес деген сөз. Сондықтан оны пайдалануда жауапкершілік болмады.
Қазақта «иелі жер – киелі» деген әдемі сөздер бар, оның мағынасы иесі бар жерді иесі тиімді пайдаланып, қорғап, гүлдендіреді деген мағына береді. Шындығында да «Өзім дегенде өгіз қара күшім бар» деген жеке меншік жер иесі өз жерінде еңбек етіп, тер төгуге аянбайды. Себебі бұл жерден алынған өнім басқа ешкімдікі емес, өзінікі.
Жоғарыда қабылданған республикамыздың жаңа жер кодексіне сәйкес тәуелсіз Қазақстанның ғылыми негізделген, өз табиғи- экономикалық жағдайларымызға үйлесімді жер кадастрларын жасау қалыптасуда. Себебі жерлерді жеке меншікке беру (сату), жалға беру төлемақылары Қазақстанның әр аймақтарында ол жерлердің құндылығына қарай әр түрлі. Соған сәйкес, олардың төлемақылары әр түрлі аймақтарда әр қалай. ...
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Оспанов Бақыт, Жамалбеков Есбол. «Қазақстан жер қорлары, оларды бағалау және тиімді пайдалану». Қаз. Ұлттық унив-ті. Алматы: 2005ж.
2. Тазабеков Тілепбай «Топырақтарды жақсарту, бағалау және қорғау». Алматы: Қазұлтагру, 2004ж.
3. Жамалбеков Е.У., Білдебаева Р Н. «Жалпы топырақтану және топырақ географиясы». Алматы: Қазақ унив-ті 1997ж. ...