1. Құқықтық норманың мазмұны мен түрлері......... 2
2. Қазақстан Республикасының құқықтық нормалары....... 8
1. Құқықтық норманың мазмұны мен түрлері
Құқықтық норманың мазмұны мен түрлері Құқықтық норма – қоғамдық қатынастарды реттеуге қолданылатын әлеуметтік ережелердің бір түрі. Ол бүкіл халықтың мүддесін қорғаудың, мемлекеттің билігін, саясатын іс жүзіне асырудың құралы. Құқықтық норма қоғам мүшелерінің мінез-құлқын, іс-әрекетін арнайы ережелермен реттейді. Жеке дара норма немесе нормалардың бір жүйесі құқық бола алмайды. Құқық деп қоғамның билігін, саясатын, мүддесін іс жүзіне асыруды толық қамтыған нормативтік актілердің жиынтығын айтамыз. Сонда да жеке дара құқықтық норманың маңызы зор. Оның мазмұны өте күрделі мәселелерді біріктіреді. Коғамдық мүддені, саясатты, мемлекеттік билікті, бостандықты, теңдікті, әділеттікті, адамгершілікті, заңдылықты, тәртіпті, білімді, ғылымды, рухани сананы, халықтың әлеуметтік жағдайын, денсаулығын т.б. демократиялық іс-әрекеттерді. Құқықтық норманың кұндылығы: – құқықтық нормалар қоғамды реттеп басқарудың құралы, сол арқылы адамдардың, заңды тұлғалардың қарым-қатынастарына дұрыс бағыт беріп отырады; – құқықтық нормалар қоғамдық құрылыс жүйені қорғаудағы ең сапалы құрал, нормативтік актілер қоғамға зиянды іс-әрекеттерге жауапкершілікті күшейтіп отырады; – құқықтық нормалар қоғамның дамуына пайдалы қатынастарды қолдап, қолайсызданын қысқартып, экономиканың, әлеуметтік жағдайдың жақсаруына мүмкіншілік жасап отырады; – құқықтық нормалар қоғамда әділеттікті, теңдікті, бостандық т.б. демократиялық қағидаларды қалыптастырады; – құқықтық нормалар халықаралық, мемлекетаралық байланысты, қатынасты жақсартудың құралы...
Ол қатынастардың басым көпшілігі бостандықты, әділеттікті, теңдікті, адамгершілікті және қоғамның экономикалық, саяси, әлеуметтік, рухани, мәдени т.б. даму бағыттарын қамтып, реттеп, басқарады. Бұл басқарудың негізгі бағыттары, қағидалары Конституцияда және заңдарда көрсетілген. 2. Норма – көп қатынастардың мазмұнын, орындалу бағыттарын, әдіс-тәсілдерін алдын-ала анықтап, көрсетіп отырады. Болашақ қатынастың, оны реттеудің, орындалуының “үлгісін” жасайды. Міне, осы “үлгілерді” зерттеу арқылы ғалымдар мемлекеттердің өткен тарихымен танысып жатады. 3. Нормативтік актілердің көпшілігі өзгермей қатынастарды көп жылдар дұрыс, жақсы реттеп, басқарып тұрақты нормаға айналады. Бұл екі жақты әлеуметтік тұрақты процесті типизация деп атайды. Мұның маңызы өте зор. Заңдылықты нығайтуға, құқықтық тәртіпті сақтауға зор үлес қосады. 4. Нормативтік актілер, мемлекеттік норма, оның орындалуы жалпы қоғамдық міндет, оны халық түсінеді, біледі...
2. Қазақстан Республикасының құқықтық нормалары
Қазақстан тәуелсіздікке қолы жетіп, егеменді мемлекет құру кезінде құқықтың даму процесі басталып, аяқталмаған жағдайда нормативтік актілердің дамуын жан-жақты зерттеп жақсы түсінуге толық мүмкіншілік бар. Өткен тақырыптарда көрсетілгендей құқық пен мемлекет қоғамның экономикалық, әлеуметтік даму процесін, жеке және заңды тұлғалардың қарым-қатынастарын реттеп басқару үшін өмірге келді. Бұл – объективтік процесс. Сондықтан, құқықтың қоғамда қалыптасуы үш бағытта дамиды. Біздің Қазақстан Республикасының құқығы да осы үш бағытта дамуда: – қоғамда өмірге келіп, қалыптасқан қатынастарды реттеп басқару үшін құқықтық нормалар қабылданып, қызмет жасауда; – қоғамның объективтік даму процесінің болашағын болжап, оларды басқару үшін алдын-ала нормативтік актілерді дайындау; – қоғамның өткен дәуірін ғылыми тұрғыдан зерттеп заңды тәжірибелік қорытындылар жасап құқықтық нормалардың сапасын жақсарту. Сонымен, құқықтық нормалар қоғамның экономикалық-әлеуметтік қажеттіліктері арқылы өмірге келіп құқықты қалыптастырады. Құқық тек қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму процесін басқарумен шектелмейді. Сонымен бірге адамдардың және заңды тұлғалардың қарым-қатынастарын да реттеп-басқарып отырады. Осы процесте халықтың, ұйымдардың қоғамның дамуы қажеттілігін, тілектерін жақсы дұрыс түсінуін – объективтік құқық дейді. Ал сол объективтік процесті нормативтік актілер арқылы реттеп басқаруды – субъективтік құқық дейді. Бұл екі процестің арасында тығыз байланыс, бір-біріне тәуелділік, іс-әрекетінде бірлестік болады, бұларсыз объективтік және субъективтік процесс дұрыс, жақсы дамымайды. Сондықтан, мемлекет бұл процестің біржақты дамуына жол бермеуге тиісті. Субъективтік құқықтың белгінышандары: – субъектілердің құқықтарының заңды түрде болуы; – ол құқықтарды іске асыруға, пайдалануға мүмкіншіліктің болуы; – субъектілердің бостандығын, құқықтарының дұрыс дамуын мемлекеттің бақылауында, қорғауында болуы...