ЖОСПАР
Кіріспе. 3
1 Арал теңізінің экологиялық ахуалы.. 5
2 “Возрождение” аралы алапат апаттың араны.. 7
3 Қатерлі ауруларға шалдыққан аралдықтар. 12
4 Арал проблемасы бүкіл дүние жүзі халықтарын алаңдатуда. 13
Қолданылған әдебиеттер. 16
2 “Возрождение” аралы алапат апаттың араны
... Ең сұмдығы мынау. Америкалық “ The New York Times ” газетінің мәліметіне қарағанда, халықаралық деңгейде көтеріліп келе жатқан жаңағы дауды басу үшін КСРО жағы жиналып қалған көп тонна антраксты тез құртудың жолдарын қарастырады. Сосын Екатиренбург түбіндегі әскери кәсіпорынның мамандары айрықша құпия сақтай отырып, бұл сібір жарасын қоздырғышты тот баспайтын болаттан жасалған арнайы ыдыстарға салып, үстіне хлорлы әкті төгіп тастайды. Бұдан кейін ажал оғын сепкіш бұл ауыр жүк 24 вагонға тиеліп, сонау Орал бойынан Арал қаласына дейін жеткізіледі. Антракстің ендігі аялдар мүйісі Возрождение аралы болды. Қауіпті қоздырғыш мұнда жермен тасылып әкелінген соң 11 көрге ( могильникке ) көмілді. Енді олардың қаншалықты сенімді көмілгені, сыртқы ауаға тарау мүмкіндігі құпия қалпында қалып отыр. Белгілісі, әлденеше ғасырлар бойы бойындағы бактериясының күшін сол күйі сақтай беретін осынау қызыл ұнтақтардан біз құтыла алмаймыз. Және ол біздің бір бүйірімізде жатыр. Оның қашан бұрқ етері белгісіз.
Жалпы қазір Арал теңізінің аумағы биологиялық қарулардың әлемдегі ең көп көмілген қорымы саналуда. Америкалық жоғарыдағы беделді басылымның дерегіне сүйенсек, АҚШ жағы 1992 жылға дейін Кеңес Одағының Орта Азияда ірі көлемде антракс жасап келгенін білмеген көрінеді. Олар тек 1988 жылы ғана орбиталы жер серігінің көмегімен аралдағы айрықша белсенділікті ғарыш көгінен көргенін тіркеп қоя салған екен. Америкалықтар нағыз құжаттарды сол елең - алаң кездерде өз елдеріне эмиграцияға келген Степногорск биотехникалық орталығын басқарушы, әскери биолог полковник Қанатжан Әлібек арқылы қолдарына түсіпті. Арада үш жыл өткеннен кейін, 1995 жылы америкалық мамандар өзбек жағының шақыруымен аралға жасырын келіп - кетеді. Олар антракс көмілген туннельге тәжірибе жасап көреді. Сонда алған нәтиже бәрін естен тандырады. Антракстың түйіршіктері өте қауіпті дезинфекциядан өткізілгеніне және 10 жылдай уақыт көміліп жатқанына қарамастан, қуатын жоймаған болып шықты.
Қазақстан ғалымдары көңілі қалаған кісі Возрождениеден сібір жарасының штампын оп - оңай алып қайта беретінін айтады. Өйткені, аралды былай қойғанда ондағы нысандар мен түйіршіктер көмілген жерлер биіктің бақылауында тұрған жоқ. Мұның үстіне дәл осы атараптан мұнайдың мол қоры табылғаны айтылып жүр. Олай болса, енді таяу жылдарда арғы жағынан өзбектер келіп, бергі беттен қазақ қауымы барып, сол мұнайдың түбі көрінгенше жеті қат жердің қойнауынан сора бастайды. Бұл дегеніңіз шамалы жылдан соң арал талай адамның табаны тиетін үйреншікті мекенге айналады. ...
4 Арал проблемасы бүкіл дүние жүзі халықтарын алаңдатуда
... Арал теңізін сақтау жөніндегі халықаралық шаралар – Арал апатынан зардап шеккен елдер басшыларының іс - қимылдарына көмектесуге бағытталған алғашқы халықаралық келісім. 1990 жылдың 24 – 26 қаңтарында БҰҰ - ның қоршаған орта бағдарламасының (ЮНЕП) ұсынысымен жасалды. Бұл халықаралық құжат “ Арал теңізін сақтауға арналған нақтылы іске дайындыққа қатысу ” деп аталды. 1990 жылғы 11 – 12 қарашада Хаттамаға қол қойылып, келісім заңды түрде беікітілді келісім бойынша оқымыстылар мен мамандардың қатысуымен “Диагностикалық құжат” жасалды. Бұл ұлкен ғылыми -тәжірибелік зерттеу Арал апаты кеселінің бетін ашып берді, нақтылы іске бағдарлама жасауға себін тигізді. “ Диагностикалық құжат ” 1992 жылдың 4 тамызында ЮНЕП - тің басқаруымен Женева қаласында бекітілді, оған ҚР атынан Ұ. Қараманов, К. Салықов, Н. Мұқитанов қол қойды. Келесі сатыда Дүниежүзілік банк пен ЮНЕП, ПРООН, ЮНЕСКО, т. б. мекемелер қосыла отырып, орталық Азия елдерінің мемлекетаралық кеңесінің және Халықаралық Арал қорының басшылығымен “ Арал теңізі мәселелеріне нақтылы көмек Бағдарламасын ” іске қосты. Бұл тарапта 7 баңдарлама, 18 жоба жасалып, ауқымды жұмыс қолға алынды.
Осыған байланысты, кейінге ығыстыруға болмайтын нақты шара – осы өңірдің тұрғындарының халқының ахуалын жақсарту, жер асты суларын кеңінен пайдалану арқылы тұщы ауыз су жіберу, су құбырлары құрылысын жүргізу, “Көкарал” бөгеті құрылысын аяқтап, Кіші Аралды сумен толтыру.
Теңіздің тартылуы салдарынан, ауаның орташа ылғалдылығы 18 пайызға төмендесе, ауа райының жылы кезеңдері бір айға қысқарды. Бұл өлкедегі бұрынғы 3000 - дай көлден қазіргі таңда 85 - і қалды. Аралдықтардың қазіргі жоспары Кіші теңізді суға толтырып, оны бұрынғы қалпына келтіру. “ Көкарал ” бөгетінің құрылыс құрылыс жұмыстарын аяқтау. Егер, “ Көкарал ” бөгеті болмаса, сырдария суы Үлкен теңіздің тереңдіктеріне ағып барып, үлкен айдынға жайылып, бостан - босқа буланып, ауға ұшатын еді. Кіші теңіз тола бастағаннан бері, оның табиғи байлықтары да көбейе бастады. Оның болашағы баянды болу үшін, Кіші теңізге Сырдарияның суын көбірек жеткізу мәселесін түбегейлі шешу қажет.
Табиғат – бізге ата - бабамыздан мұраға қалған ең қасиеттіміз. Арал өңірін экологиялық апаттан құтқару үшін көпшіліктің күші, күресі қажет.
Қолданылған әдебиеттер
1. “Экология және табиғатты тиімді пайдалану” Ә. Бейсенова, Т. Есполов
2. Арал теңізінде орналасқан арал// “Егемен Қазақстан” 2004 жыл, 28 сәуір
3. Арал аспанындағы атом жарылыстары//“Егемен Қазақстан” 2003 жыл, 29 қазан ...