МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ. 3
1 БЮДЖЕТТЕРДІҢ ОРЫНДАЛУЫ ТУРАЛЫ ЕСЕПТЕРДІ ТОЛТЫРУ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТӘРТІБІ 5
1.1 Бюджеттердің орындалуы туралы есептерді толтырудың түрлері 5
1.2 Мемлекеттік бюджеттің орындалуы туралы есептерді қалыптастыру тәртібі 7
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫ МЕН КАССА ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ЕСЕБІ 13
2.1 Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеттің ақша қаражаттарының есебі 13
2.2 Мемлекеттік бюджеттің кассада жүргізілетін операцияларының есебі 18
ҚОРЫТЫНДЫ.. 24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 26
1 БЮДЖЕТТЕРДІҢ ОРЫНДАЛУЫ ТУРАЛЫ ЕСЕПТЕРДІ ТОЛТЫРУ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТӘРТІБІ
1.2 Мемлекеттік бюджеттің орындалуы туралы есептерді қалыптастыру тәртібі
... Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі жыл сайын ағымдағы жылдың 1 мамырынан кешіктірмей өткен қаржы жылындағы жергілікті бюджетінің орындалуы туралы жылдық есепті қосымшаларымен қоса облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихатына табыс етеді.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы ай сайын және жыл қорытындылары бойынша жергілікті бюджеттің орындалуы туралы есептерді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға табыс етеді.
Мәслихат өткен қаржы жылындағы облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінің орындалуы туралы облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігінің жылдық есебін облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің орындалуы туралы мәслихаттың тұрақты комиссияларында қарайды.
Есепті қараған кезде мәслихат:
- жергілікті бюджетінің орындалуы туралы әкімдік уәкілеттік берген адамның баяндамасын;
- жергілікті бюджетінің орындалуын бақылау нәтижелері туралы мәслихаттың тексеру комиссиясы төрағасының баяндамасын;
- жергілікті бюджетінің орындалуы туралы есеп бойынша қорытындысымен қоса мәслихат уәкілеттілік берген адамның баяндамаларын тыңдайды.
Мәслихатта есепті қараған кезде жергілікті бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептері тыңдалуы мүмкін.
Жергілікті бюджетінің орындалуы туралы есеп мәслихатының тұрақты комиссияларында қаралғаннан кейін, мәслихаттың сессиясында бекітіледі.
Есепті қаржы жылындағы жергілікті бюдеттің орындалуы туралы жылдық есепті бекіткен кезде мәслихат жергілікті атқарушы органдардың жергілікті бюджеттің орындалуы нәтижелері бойынша тиісті шаралар қабылдауы қажет екендігі туралы шешім шығаруға құқылы. [7. 68 – 70б]
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫ МЕН КАССА ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ЕСЕБІ
2.2 Мемлекеттік бюджеттің кассада жүргізілетін операцияларының есебі
... Бюджеттік ұйымның кассирі немесе оны ауыстыратын адам нақты ақшаларды қазынашылықтың атаулы шегі бойынша уәкілеттігі бар банкіден алады.
Банкіде алынған қолда бар ақшалар сол күні кассалық кіріс ордері (н. N KO - 1) бойынша кіріске алады. Кіріс және шығыс кассалық ордерлер кассаға берілгенге дейін бухгалтерияда кіріс және шығыс кассалық ордерлерін (N KO – 2 үлгісі) тіркеу журналында тіркеледі. [19. 167б]
Бюджеттік ұйымдардың кассалары нақты ақшаларды қабылдауды бас бухгалтер немесе оның уәкілеттігі бар адам қол қойған, кассирдің мөрімен (штампымен) куәландырылған соңғының және кассирдің қолы қойылған түбіртекті бере отырып кассалық кіріс ордерлері бойынша жүзеге асырылады. Кассадан нақты ақшаларды беру мақсатқа сай кассалық шығыс ордері немесе тиісті ресімделген басқа құжаттар бойынша кассалық шығыс ордерлерінің реквизиттерімен қоса осы құжаттарға штамп басу арқылы жүзеге асырылады.
Кассирді жұмысқа тағайындау туралы бұйрық шығарылғаннан кейін бюджеттік ұйымның басшысы кассирге қол қойғызып, жоғарыда аталған Уақытша тәртіппен таныстыруға міндетті, бұдан кейін кассирмен немесе оны ауыстыратын адаммен оның толық және материалдық жауапкершілігі туралы шарт жасасады.
Жұмыс істейтіндер саны аз, штатында кассир жоқ бюджеттік ұйымдарда кассирдің міндеттердің бюджеттік ұйымның басшысының жазбаша өкімімен өзінің толық материалдық жауапкершілігі туралы шарт жасасқан басқа қызметкер атқаруы мүмкін.
Егер бюджеттік ұйымдарда бюджеттік және бюджеттен тыс шоттар бойынша ақшалай операциялар бар болса, бюджеттік ұйымдарда кассалық операцияларды есепке алу н. КО – 4 немесе н. 440 кассалық кітапта жүргізіледі.
Кассир кассалық кітапта әрбір кассалық ордер немесе ауыстыратын басқа құжат бойынша ақшаны алғаннан немесе бергенннен кейін жазба жасайды. Кассир жұмыс күнінің аяғында күн сайын бір күнгі операцияның қорытындыларын есептейді, кассадағы келесі күнге қалдырылған ақша қалдығын шығарады және кассалық кітапта қолхатпен кіріс және шығыс құжаттарымен бірге кассирдің есеп беру ретінде жыртылатын парақты (бір күнгі кассалық кітаптағы жазбалардың көшірмесін) бухгалтерияға өткізеді. Сонымен бірге кассир кассадағы нақты ақшалардың қалдығын нақты ақшалардың бар – жоғымен салыстырады.
Кассалық кітаптарды дұрыс жүргізуге бақылау жасау бюджеттік ұйымдарда бухгалтерлік есепті жүргізуді қамтамасыз ететін бас бухгалтер немесе бөлімшені басқаратын адамға жүктеледі.
Уәкілдігі бар банкте нақты ақшаны алу үшін аумақтық қазынашылық қолма- қол ақшаның өткінішті шотына (889) қаражаттар аударған кезде мынадый: 178 «Басқа да дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысу» дебетіне 090, 100, 110, 111, 112 кредитіне бухгалтерлік жазба жасалады. Қазынашылықтың атаулы шегі бойынша қолма – қол ақша алған кезде мынадай: 120 «Касса» дебетіне және 178 «Басқа да дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысу» кредитіне бухгалтерлік жазба жасалады. [20. 68 – 71б] ...
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі. — Алматы. ЮРИСТ, 2005. – 73 - 76 б.
2. Статистикалық жылнама, 2005ж
3. Государственный бюджет. Учебник. — Алматы. Республиканский издательский кабинет, 2004 г. 240 - 241 стр
4. Қ.Қ. Ілиясов,С. Құлпыбаев Қаржы: Оқулық. — Алматы: 2005.- 306 б ...