Курсовая работа: Тіл дамыту әдістемесі


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Педагогика
Тип работы:
Курсовые работы
Количество страниц:
45

Мазмұны

 

Кіріспе. 2

1 Тіл дамыту әдістемесінің маңызы.. 5

1.1    Балалардың тілін дамыту әдістерінің негіздері 5

1.2    Тіл дамытудың мақсаты мен оған қойылатын әдістемелік  талаптар. 10

1.3    Балабақшадағы балалардың тілін дамытудың әдісі мен  тәсілдері 14

2  Мектепке  дейінгі  балалардың  тілін  дамыту  әдістерінің түрлері 21

2.1 Еркін  сөйлеу  қатынасында және арнаулы сабақтарда балалардың  сөздік  қорын  байыту  әдістері  мен  тәсілдері 21

2.2 Мектепке  дейінгі  бала  тілінің  ерекшеліктері 26

Қорытынды.. 43

Пайдаланылған әдебеттер  тізімі 45 

 

 

1 Тіл дамыту әдістемесінің маңызы

 

1.3     Балабақшадағы балалардың тілін дамытудың әдісі мен  тәсілдері 

 

 

... Берілген тапсырма белгілі бір кезеңдегі тілдік дағдының қалыптасуыиа сай беріледі, сондықтаи оқушылардың қолы жеткен шығармашылық деңгейі үнемі мұғалімнің талап биігімен арайлас болғанда ғана тіл дамытуда жетістікке жетуге бо­лады.

 

Көрнекі құралдарды пайдалану барысында мұғалім көрсетілген зат пен құбылысты (немесе оның бейнесін) сөзбен сипаттауды ұштастырып отыруы тиіс. Өйткені сөзсіз   көрнекілік мылқау.

 

Сезім мен сөздің осылайша үлесуі — балалардың жекеден жалпыны, жалпыдан жекені танудың алғы шарты.

 

Тәрбиеші сөз арқылы заттың белгілері мен бір бөлшегін ғана таныстырмайды, сонымен бірге оның өзіне тән ерекшеліктерін айтып түсіндіреді. Мұғалім сөзінің кернекі құралға қарағанда мүмкіншілігі мол, өйткені ол көрнекілік авторы ескермей кеткен қажетті детальдарды толық қамти алады.

 

Бұрыннан таныс материалды түсіндіруге белгілі бір көрнекі құралды ұзақ уақыт көрсетуге болмайды, өйткені мате­риалды талдау нәтижесінде жинақталған ой қорытындысынан оқушының өз бетінше заттың образын жасауына кедергі келтірді.

 

Тәрбиеші балаларға әр түрлі заттардың (үй жиһаздарының, жан-жануарлардың, құстардың, өсімдіктер мен жәндік-тердің аттарын т. б.) суртіи көрсету арқылы «сөз» деген ұғып түсіндіріле бастайды. Мұндай сабақтарда үй жиһаздарының аттары да (сандық, жүк аяқ, кереует, кілем, тұскиіз т.б.) адам аттары да (арыстан, қасқыр, түлкі т.б.), адам аттары да (Марат, Ербол, Динара т.б.) аралас айтылып, таныстырыла береді. Нәтижеде балабақша тәрбиеленушілеріне қойылатын негізгі методикалық талаптардыц бірі - жүйелілік принципі бұзылады. Осының салдарынан оқу жұмысына әлі төселе қоймаған жалпы ой-өрісі мен түсіну деңгейі қалыптаспаған сәбилер үсьшылған материалды қабылдай алмайды.

 

Аталған олқылықты болдырмау үшін сәбилердің сөздік қорын дамытуға арналған сабақтарды жүйелілік принцип  негізінде жүргізілетін логикалық жаттығулармен жетілдіру керек болады. Басқаша айтқанда, сөз ұғымын үйрету кез келген заттарды не олардың суреттерін араластыра ретсіз көрсету аркылы емес, ондай таным көзі заттарды белгілі топқа, класқа бөліп, сөздерді топтарымен таныту арқылы, яғни жүйелілік принципімен үйретілетін болса ғана тиімді нәтиже бермек.

 

Балабақшада сөз үйрету тақырыптары мектеп жасына дейінгі балалардын ой-өрісіне сай, олардың өздеріне жете таныс заттар мен құбылыстардың аттарын білдіретін сөздерден таңдалып, сараланып және дербес ерекшеленіп алынған логикалық топтары болуы тиіс. ...

 

 

2  Мектепке  дейінгі  балалардың  тілін  дамыту  әдістерінің түрлері

 

2.2 Мектепке  дейінгі  бала  тілінің  ерекшеліктері

 

 

... Бала ақыл-ойының даму кезі тілді меңгеруге қарағанда кеш дамиды. Егер бала 10 жасында ана тілін өз дәрежесінде меңгерсе, ақыл-ой тек 40 жасқа келгенде толығады. Демек тіл мен ойлаудың сензитивтік кездері түрлі уақыттарға сай келеді.

 

Кейбір жағдайда баланың алғашқыда белгілі бір нәрсеге ықыласы болмаса, кейін соған қызығушылығы артуы мүмкін, Оның себебі әуелгі кезде бұл іс-әрекет түріне ықыласы да оны қызықтыратын түртікісі де болмауы мүмкін. Демек, сензитивтік кездің болуы кейде түрткінің болуына да тәуелді келеді. Мұнан шығатын қорытынды, баланың синзитивтік кезі белгілі бір жасына ғана сай келмей, оның жеке басының психикалық ерекшелігіне сырттан түрткі әсердің күшіне қарай алдағы өмірінде де кездесуі мүмкін.

 

Мектепке дейінгі кезеңде тілді практика жүзінде қолдану ауызша сөйлеу тіліндегі сөздерді бөліп талдаудан анағұрлым ерте қалыптасады. Бөбек (1-3 жас) сөйлемнен сөзді мүлдем ажырата алмайды, тек қайталаумен шектеледі. Ал мектепке дейінгілер. (6-7 жас) бірте-бірте сөйлем құрамынан заттың мағыналық сөздерді, яғни зат есімді оқшаулай алады, біртіндеп басқа да сөз табына бөлуге өтеді.

 

Мектеп жасына  дейінгі  балалардың  ауызша  сөйлеу тіліндегі жеке сөздерде бөліп алу процесі бірнешс кезецнен өтеді. Бірінші кезеңде бала белгілі бір ойыншықпен ойнайды, ойын барысында ауызша сөйлеу тілінен сөзді бөлу үшін сыртқы тіректі таба алмайды. Екінші кезеңде бұл сырты тіректер тіл құрамынан сөзді бөліп алуға көмектеседі, бірақ бұл опе­рация тұрақты сипат алмайды. 

Жұмбақтар

  Екі  пышақ бірлесіп,

  Кесіп-пішіп  береді

   Екеуі бірге жүрмесе,

   Жоқ қой бізге керегі.

                                       (қайшы)    

   Екі семсер айқасқан,

   Оқта-текте  шайқасқан

                                         ( қайшы)

   Екі батыр қазына іздейді,

   Екі батыр жол өлшейді.

                                          (қол мен аяқ)

   От ішінде үш таяқ,

   Үшеуі де күшті аяқ

   Ортасында,ілмегі

    Ілмегінде ілгені.

                                         (мосы мен шәукім) 

 

 

Пайдаланылған әдебеттер  тізімі

 

 

1. Л.П. Федеренко, Г.А.Фомичева, В.К. Лотарев,  Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  тілін  дамыту  методикасы. А., «Мектеп», 1981, 244 бет[1]

  2. Мұқанов  М. Ақыл  -ой  өрісі. Алматы, «Қазақстан»  баспасы. 1980  жыл  [2]

3. Баймұратова Б «Мектеп  жасына дейінгі балаларды  сөйлеуге үйрету» Алматы, «Мектеп» 1981 ж [3] ...