Доклад/Баяндама: Митохондриялар. Ұрықтану процесі


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Медицина
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
15

Сізге осы жұмыстың 2 жолын таңдап сатып алуға болады:

1. Сатып алу

2. ТЕГІН

ТЕГІН жұмыс істеу үшін Сіз келесі әректтер жасайсыз

1. ВКонтакте бетіндегі төменгі түймесін басыңыз, осы сайт туралы достарыңызға айтыңыз

2. Сіздің достарынызды қосу үшін (Бәздің мекен-жай - vk.com/nemax83)

3. Жұмысыңызды және бүлік жағарыда аталған қадамдарыңызды растайтын сілтеме туралы хабарламаны ВКонтакте бетіне жіберіңіз.

Оқуларыңызға Сәттілік !!!

 

... Көптеген   жануарларда  (шөп  биттері,  көбелектер, шаян  тәрісдестілер)  партеногенездік   дамудың   нәтижесінде  жұмыртқадағы  ядролық  затының  көлемі   азаймай   особьтар   пайда   болады.   Мұның  себебі  пісу  дәуіріндегі  бірінші  бөлінуде  бөлініп  шығатын,   бірінші  бағыттаушы  денешіктің  біраз   уақыттан   соң  овоцитке  айналып,  соның   ядросымен  қосылып   кететіндігінен.  Ал,   аралдардағы   партоногенездік   дамитын   аналықтардың  клеткасында  екі   есе  азайған  ядро  болады.

 

Омыртқалы  жануарлардың  ішінде  партеногенездік  өте  сирек  кездеседі.   Соңғы   уақыттарда  бекіре  балықтардың   жұмыртқасының   бірқатары  табиғат  жағдайында   партеногенездік  жолмен  дамитындығы    жөніндегі   мәліметтер   пайда  болды.

 

Партеногенездің  заңын   білу  ұрықтанғаннан   кейін  ғана  дамитын   жануарлардың   жұмыртқасын  жасаиды  түрде дамытуға  жол  ашады.  

 

Аналық  жыныс  безі.  Аналық  жыныс  бездерінің  құрлысы   жұмыртқаның  қоректену  бейімділігіне   тығыз  байланысты.  Кейбір  жануарлардың  жұмыртқасы   осмос   жолымен   қоректенеді.  Жұмыртқаның  негізгі  екі – солитарлы  және  алиментарлы  қоректену  жолы  бар.  Алиментарлының өзі  нутриментарлы және фолликулярлы  болып   бөлінеді.  Нутриментарлы  әдісте  жұмыртқа  қоректендіруші  клетканы  ақыр  соңында  сіңіріп  жібереді.   Фолликулярлы  қоректенуде  әрбір  овоциттің    айналасына  немесе  тұтас   жыныс  безінің   сыртына арнайы фолликулярлы клеткалардан эпителий қабығы түзіледі. Фолликулярлы клеткалар кейбір жануарларда овоцитті толық қоршамайды. Мысалы, насекомдарда фолликулярлы клеткалар овоциттің үстіңгі бір бөлімімен жанасып, аналық организмнен қореқ алып тұрушы фолликул сабақшасын түзеді.

 

Жақсы дамыған фолликулдер қабығы сүтқоректілер мен адамдарда кездеседі.  Әйелдердің жыныс бездері дәнекер тканьді стромадан тұрады. Строманың ішкі-милы қабатын және сыртқы-қабықты қабатын ажыратуға болады. Жыныс безі сырт жағынан бір қабатты ұрық эпителийімен қоршалады. Болашақ қыздың жыныс безінде алғашқы жұмыртқа бездің қабықты бөлімінде пфлюгер қапшығы деп аталатын топтар түзіп орналасады. Пфлюгер қапшығын жазық фоликулярлы клеткалар түзеді. әрбір қапшықтың ішінде санаулы овогония орналасады. Қыз дүниеге келген соң овогонияның көбеюі тоқталады. Овогониялар ересек организмде өсіп овоцитке айналады. Овоциттер қапшықтан босап, жыныс бездерінің стромасында бос орналасады. Әрбір овоцит жазық фолликулярлы клеткалармен қоршалып, алғашқы немесе примордиалды фолликул аталады. Алғашқы фолликулдер бездің үстіңгі бөлімінде ұя тәрізденіп орналасады.

 

Көптеген жануарларда  аналық жыныс клеткаларының көбеюі өмір бойына жүріп отырады.

 

Ал, сүтқоректілер мен адамдарда жыныс клеткалары тек ұрықтық кезінде көбейіп, ұрықтық кезеңнен соң өсіп жетіледі. Бірақ овоциттердің болмашы ғана саны жұмыртқа дәрежесіне жетіп, қалғандары пісіп-жетілу кезеңіне дейін-ақ өліп кетеді. Мысалы дүниеге келген қыз баланың 50-100 мың овоцитінен тек 500-і ғана пісіп,жұмыртқа дәрежесіне жетеді. Бірқатар сүтқоректілерде овогониялар жыныс клеткасы  жолынан тыс жерде де ұрықтық эпителийден түзілуі мүмкін. Ал, тышқан мен егеуқұйрықтыларда овогония түзілуі өмір бойы жүріп отырады.

 

Қыздардың жыныс бездерінде алғашқы жыныс клеткалары овоцит күйінде болып, жасы жеткен соң алғашқы фолликулдер дамиды, оны Граафов сауыты деп атайды. Алғашқы фолликулдің дамуы фолликулярлы клеткалардың өзгеруінен басталады. Фолликулярлы клеткалар бөлініп, жазық түрінен текше тәрізденіп, кейін жоғары призмалы клеткалар түріне айналады. Олардың көбеюі нәтижесінде бір қабатты эпителий көп қабатты  болады. Бұл кезде овоцит- жылтырауық қабықпен қоршалып, жедел өседі. Сөйтіп овоцит өзін қорщаған фолликулді эпителиймен бірге фолликул деп аталынады. Жұмырқаның фолликул аты Граафов сауытынан ауысқанша сақталынады. Сөйтіп фолликулярлы эпителий өсе бастайды.  Өскен фолликулярлы эпителийдің клеткалары арасында сұйықтыққа  толы қуыстар пайда болады. Қуыстар көбейіп, бір-біріне қосылып, бір үлкен қуыс түзеді. Соның нәтижесінде пісіп-жетілген тығыздалған фолликул Граафов сауытына айналады. Граафов сауытының қабырғасы бірнеше қабатты клеткалардан тұрады. Жұмыртқаны қоршаған бөлімі жуандап, сауыт қуысына бағытталып төмпешік түзеді, оны жұмыртқа беруші төмпешік деп атайды. Граафов сауыты сыртынан дәнекер тканьді қабық-текамен қапталады. Фолликулдар жыныс безінің қабықты заттарына терең орналасып, толық піскен  Граафов сауыты жыныс безінің қабықты қабатының үстіне орналасады. Граафов сауытының жұмыртқа  беруші төмпешігі ұрықтық эпителийге қарай орналасады. Граафов сауыты үлкен болады. Сондықтан жыныс бездерінің үстінде шығынқы жатып, жай көзбен анық көрінеді. Механикалық күштердің әсерінен сауыттың қабырғасы жұқарып жарылады, піскен жұмыртқаны қоршаған фолликулді клетканың қабаты – сәулелі шоғыр түзеді. Сөйтіп піскен жұмыртқа жыныс клеткасының жолына түседі. Піскен жұмыртқа жыныс клеткасының жолында шырышты ағыс арқылы жатынға тартылып алынады. Ұрықтану жыныс клеткасының жолында өтеді. Өйткені жыныс жолы бұл үшін қолайлы орта.   ...