Мәнжазба / Реферат: Халық денсаулығының және денсаулық сақтау жүйесінің қазіргі


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Медицина
Тип работы:
Мәнжазба / Реферат
Количество страниц:
18

Жоспар

 

 

Кіріспе. 3

1.  Халық денсаулығының және денсаулық сақтау жүйесінің. 4

қазіргі жай-күйін талдау. 4

1.1   Медициналық-демографиялық ахуал және науқастанушылық. 6

1.2   Денсаулық сақтауды қаржыландыру жүйесі 8

2 Салауатты өмір салтын қалыптастыру. 11

2.1 Жұқпалы  аурулар  және   олардың  кейбір  түрлері. 11

2.2   Статистикалық ақпарат жүйесінің тағайындалуы және мақсаты.. 14

Қорытынды.. 17

Әдебиеттер  тізімі 19

 

 

1.  Халық денсаулығының және денсаулық сақтау жүйесінің қазіргі жай-күйін талдау

 

1.2   Денсаулық сақтауды қаржыландыру жүйесі

 

 

...  Азаматтарға медициналық көмектің тегін кепілді көлемін ұсыну жөніндегі мемлекеттің өзіне алған міндеттемелерінің барабар қаржылық қамтамасыз етілмей отырғандығы проблема болып қалып отыр. Медициналық тегін көмекті ақылы қызмет көрсетулермен ауыстыру кездеседі. Кепілді көлемдер мен ақылы негізде көрсетілетін  медициналық қызмет көрсетулердің ара жігінің айқын ажыратылмауына байланысты медицина қызметкерлерінің пайдасына халықтың тарапынан бейресми төлемдердің жоғары деңгейі сақталып отыр. Медициналық көмектің тегін кепілді көлемін ұсыну, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде ұсынылатын медициналық көмекті тұтынуды есепке алу тиісті түрде жолға қойылмаған, мұның өзі көлеңкелі экономиканың өсуіне ықпалын тигізеді.

 

Ресурсты үнемдеудің кешенді салалық саясаты жоқ.

 

Бүгінгі күні  медициналық қызметтерді сатып алушылар мен жеткізушілерге бөлу – шартты нәрсе, өйткені іс жүзінде барлық жеткізушілер денсаулық сақтау органына әкімшілік және экономикалық бағыныстағы мемлекеттік ұйымдар болып табылады. Өңірлерде денсаулық сақтауды дамыту әлеуметтік-экономикалық саясаттағы басымдық болып табылмайды.

 

Осылайша, салада басқарушылық шешімдерді қабылдауды талап ететін бірқатар қолайсыз үрдістерді бөліп көрсетуге болады.

 

Біріншіден, денсаулық сақтау жүйесін ұйымдастырудың аса маңызды принципі – медициналық көмек көрсетудің кезеңділігі бұзылады.

 

Екіншіден, медициналық көмек көрсетудің көлемі мен сапасы, тұтастай алғанда денсаулық сақтауды дамыту көрсеткіштері бойынша облыстар шегінде аумақтар арасындағы теңсіздік байқалады.

 

Үшіншіден, басқару жүйесінің міндетті құрамдас бөліктері – тұтастай алғанда денсаулық сақтау ұйымдары мен жүйесі қызметтерінің мониторингі және оларды бағалау жеткіліксіз қалыптасқан. Денсаулық сақтауды ақпараттық қамтамасыз ету саласында үйлестірілген саясаттың болмауы салада жинақталатын ақпарат анықтығының  төмен болуына, жергілікті жерлерден облыстық және республикалық деңгейге ақпараттардың уақытында түспеуіне, жекелеген кіші жүйелерден келіп түсетін деректерді салыстырудың мүмкін болмауына әкеп соқтырады. Бұл, сайып келгенде, осы ақпараттардың негізінде қабылданатын шешімдер тиімділігінің төмен болуына және денсаулық сақтау ресурстарын ұтымсыз пайдалануға әкеп соғады.

 

Төртіншіден, дәрілік заттарды сатып алу кезіндегі бірыңғай  әдістер мен стандарттардың болмауы сатып алынатын өнімдердің қымбаттауына және оның сапасына байланысты проблемаларға әкеп соқтырады.

 

Бесіншіден, денсаулық сақтауды басқару органдарының қызметін халық денсаулығының жай-күйі деңгейіне тікелей және жанама  әсер ететін басқа да мемлекеттік басқару субъектілерімен (еңбек және әлеуметтік қорғау, экология, білім беру, мәдениет және басқа органдармен) үйлестіру әлсіздігі. Бұл үйлестіру салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызды құралы болып табылады және сайып келгенде, медициналық қызметтер көрсетуге қажеттіліктердің төмендеуіне әкеп соқтырады.

 

Алтыншыдан, БМСК денсаулық сақтау жүйесінің орталық буыны бола отырып, халық денсаулығының көрсеткіштерін сапалы түрде жақсартудың басты функциясын жүзеге асыруға тиіс. Денсаулық сақтаудың бүкіл жүйесінің қызметінің тиімділігі мен сапасы, елдің еңбек әлеуетін сақтау, сондай-ақ  отбасы деңгейінде және халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтары: балалар, мүгедектер және  егде жастағы адамдардағы туындаған медициналық-әлеуметтік проблемалардың көпшілігін шешу оның жай-күйіне байланысты. Бүгін БМСК дәрігерінде «диспетчерлік функциялар» басым бола бастады: амбулаториялық науқастарды тар аядағы мамандарға консультацияға жіберу жиілігі тым жоғары.  ...

 

 

 

2 Салауатты өмір салтын қалыптастыру.

 

2.2   Статистикалық ақпарат жүйесінің тағайындалуы және мақсаты

 

 

... Ақпаратты   қамтамасыздандыру   ақпараттық   ресурстардан   (кіретін, аралық және шығатын мәлімет), оларды жүргізетін құралдардан тұрады. Ақпарат    жүйесіндегі    ақпаратпен    жабдықтау,    жүйеде    қолданылатын мөлшерлік   -   анықтама   ақпаратты   және   әкономикалық   ақпарат   пен құжаттардың жіктелуін қамтиды.

 

Автоматтандырылған АЖ-ны тұрғызу мен жұмыс істеудің негізгі шарты ұйымдастырумен жабдықтау. Ұйымдастырумен жабдықтау - бұл АЖ-ны тұрғызу мен жұмыс істеуге арналған шаралардың, әдістер мен жабдықтардың жиынтығы. Ол АЖ-ны түрғызу мен қолдануға қатысты ең көлемді мәселелерді қарастырып және әлементтердің қүрамын, байланысын, өзара әрекетін, ұйымдастыру құрылымын анықтайды, сондай-ақ жүйе қызметін реттейтін құқықтық актілерді қамтиды.

 

АЖ-ны тұрғызу - ақпараттық кезеңдерін зерттеу, жобалау шешімдері мен жобалау құжаттарын өңдеуді, жүйе әлементтерінің әрекетттеріне ену ретін анықтауды қарастыратын күрделі де, жұмысы көп кезең.

 

АЖ-ның функционалдық бөлімі - бүл басқарудың маңызды бөлігін құрайтын ішкі жүйелердің немесе есептер жиынтығының және есептердің бірігуі. Функционалдық ішкі жүйе - бүл ақпараттық жүйенің қызмеіімен шектелген бөлімі. Басқарудың негізгі қызметтері - болжау, жоспарлау, жедел басқару, есеп, талдау, реттеу. Осы негізгі қызметтер объектінің негізгі қызметтерінің түрлерімен байланыста болады. Функционалдық бөлім қүрамына өндірісті техникалық дайындау, материалдық қорларды басқару, еңбек қорларын басқару, қаржылар, бухгалтерлік есеп кіреді. ...

 

 

 

Әдебиеттер  тізімі

    

1. Бралиева ,Биярова А. Ө . « Ақпараттық  жүйелер  теориясы» 

2. О. Камардинов  «  Информатика»

3. Оснавные  показатели  здравоохранения  в  республике  Казахстан...