Мәнжазба / Реферат: Нарықтық инфрақұрылым


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Экономика
Тип работы:
Мәнжазба / Реферат
Количество страниц:
15

ЖОСПАР

 

Кіріспе........................................................................................................3

1. Экономиканы ұйымдастырудың нарықтық сипаты.............................4

2. Нарықтың қызметі және құрылымы.....................................................6

3. Нарықтың элементтері, қызмет ету принциптері................................9

4. Жеке және нарықтық сұраныс және ұсыныс.......................................12

Қорытынды.................................................................................................15

Қолданылған әдебиеттер тізімі.................................................................16

 

1. Экономиканы ұйымдастырудың нарықтық сипаты

 

... Осыған байланысты, өркениеттік нарық қатынастарының біздің экономикадан тез орын алуына жол ашатын шарттардың зәрулігі өте жоғарылап отыр. Бұндай шарттарды екі топқа бөлуге болады. Біріншісінарықтық байланыстарды қамтамасыз ететін жалпы шаруашылық шарттарға жол ашумен байланысты:

 

- меншіктің алуан түрлі формаларына (жеке меншікке, кооперативтік, акционерлік, мемлекеттік меншікке) жол ашу. Бұл шартқа бірте-бірте (құрылымдық өзгерістер экономикадағы сәйкестікті шұғыл бұзбайтын етіп) жол беру керек;

 

- мемлекеттік реттеушілерді сақтай отырып, өндірісті демократияландыру. Бұнда есте болатын жағдай: нарық экономикасы өзін-өзі реттеп шексіз өркендеп тек жетіліп жандана баратін жүйе емес;

 

- үш негізгі элементтерді біріктіретін: тауар мен қызметтер нарығын, өндіріс факторларының нарығын, қаржы нарығын біріктіретін нарықтық инфрақұрылым жасау.

 

Факторлардың екінші тобына құқықтық заңдарды жасаумен байланысты шаралар жүйесі және шаруашылық жүргізудің нарықтық әдісіне көшу туралы экономикалық тәртіптерді қабылдау жатады. Біріншіден, меншік пен шаруашылық жүргізудің көптүрлі формалары қалыптасу және оларға қожалық ету кезеңінде, талан-тараждыққа және орынсыз пайдалануға жол бермейтін, нақты шаралардың болуы қажет. Екіншіден, экономиканың жетекші салаларында құрылымдық өзгерістер жүргізіп тапшылықты жою керек. Үшіншіден, шетел капиталының қатысуымен және аралас кәсіпорындарды құру арқасында, экономиканы ашық жүйеге айналдыру қажет. ...

 

 

 

3. Нарықтың элементтері, қызмет ету принциптері

 

...  Экономикалық рационалдық принципі табыс пен шығындарды салыстырып отыруға негізделеді. Рационалдық таңдау өзгеріп тұратын варианттардан жасалады. Осы варианттардың ішінен, мүмкін болатын пайда ең аз көлемде болса да, күмәнсіз табысты қамтамасыз ететін вариант алынады. Рационалдықтың критериі – табыс төтенше құқықтың болуымен байланысты. Фирма неғұрлым өзінің пайдасын көбейтуді көздейді, ал тұтынушылар – капиталды шектеп пайдалана отырып, барынша өздерінің қал-ахуалын жақсартуды көздейді. Нарық экономикасын осы аталған принциптер негізінде құру тепе-теңдік болмысына жетуді қамтамасыз етеді. Осы болмыс нарық механизмінің орталық проблемасы. Бұл жағдай екі қарама-қарсы күштерді қолдануға негізделеді – бір жақтан, сұраныс пен ұсынысты, екінші жақтан, нарықтағы бағаны.

 

Сирек кездесу нарық экономикасының өте маңызды шарты болып табылады. «Сиректік» деген түсінік экономистер үшін өте маңызды методологиялық құрал, әсіресе тауардың пайдалылығын дәлелдеуде қолданылатын. Демек, шекті пайдалылық теориясында «сиректік» деген түсінік негізгі және ешқандай түсіндірме тілемейтін, физикалық ақиқат болып табылады. Сиректік мәселелерін зерттеу, белгілі бір тұрғыда кейбір игіліктердің тапшылығын дәлелдеуге мүмкіндік береді.

 

Классикалық мектептің өкілдері Д.Рикардо, А.Смит «сиректік» түсінігін күнмен байланыстырады. Олардың айтуы бойынша, сиректік еңбектің санымен қатар, тауардың құнын белгілейтін маңызды факторларға жатады. Осы замандағы нарықтық қатынастар теориясында «сиректіктің» түсінігі белгілі трансформацияға ұшырап отыр. Егер бұрын сиректікті табиғи және әлеуметтік факторлармен байланыстырған болса, қазір сиректік нарықтың қызмет ету мерзімімен байланыстырылып отыр. Сұранысы мол жаңа игілік бір мезетте және толығымен қажеттіліктерді қамтамасыз ете алмайды. Бұл үшін белгілі уақыт мерзімі қажет. Осыдан тұжырым: сиректігі мол болған сайын, осы игіліктің қажет санын өндіруге соншама мол уақыт керек. ...

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

1. Мамыров Н.Қ., Тлеужанова М.Ә., Макроэкономика Алматы -2003ж 23-28б

2. Ихданов Ж.О., Орманбеков Ә.О., Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері 2002 202 б.

3. Осипова Г.М., Экономикалық теория негіздері  Алматы-2002ж 123б. ...