ЖОСПАР
КІРІСПЕ. 2
1-БӨЛІМ. МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ – ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ. 4
1.1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық маңыздылығы.. 4
1.2 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі 9
1.3 Мемлекеттік бюджетті жоспарлау мен жобалаудың теориялық және методологиялық аспектілері 13
2-БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ, ПАЙДАЛАНУ.. 18
2.1 Қазіргі жағдайдағы бюджеттің пайдалану проблемалары.. 18
2.2 Қазақстан Республикасы бюджет жүйесін қалыптастыру. 22
Қорытынды.. 32
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 34
1-БӨЛІМ. МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ – ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ
1.3 Мемлекеттік бюджетті жоспарлау мен жобалаудың теориялық және методологиялық аспектілері
... Көптеген аймақтарда бірінші кварталда өздерінің "аймактық" қаражаттарын дұрыс қолдана алмаған. Бұл жерде көзге түскендер, олар Батыс Қазақстан, Қарағанды және Жамбыл облыстары, сонымен қатар Астана және Алматы қалалары. Бұнымен қатар басқа барлық аймақтарда қазына табысы бюджетті құрған кезде жоспарланғаннан көп болып шықты. Нәтижесінде, алғашқы үш ай қортындысы бойынша барлық аймақтарды қоса алғандағы фактілі табыстары шығындарынан асып түсіп, 22 млрд.теңгені құрады.
Бұл жоспарланбаған миллиардтар ең бастысы экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің көп штаттарына және оның аймақтық бөлімшелеріне қарамастан, біздің елімізде сапалы бюджеттік жоспарлаудың жоқ екенін дәлелдейді.
Жалпы елде 1999 жылдан бастап жоспарлаудың жаңа жұмыстары жүргізіле басталған. Жаңа әдістер мен процедуралар бюджеттік қаражатты тиімді және нәтижелі босатуға көңіл аударумен бюджеттік жоспарлау процесіне енгізілді. Бұл, ең бастысы, койылған мемлекеттік мақсатқа жету үшін қажетті осы мақсаттардың табыс көлемімен есебін, жоспарланатын жүйе үшін басты мақсаттарды шешуге бағытталуын, ресурстардың бір қалыпты концентрациясын, салық төлеуші қаражаттарының мүмкіншіліктерін және басқа да мемлекеттік табысты жалпы мемлекеттік бағдарламамен өлшемдеуді талап етеді.
Бюджеттік жоспарлаудың жақсаруына республикада бюджеттік бағдарламалау әдісінің енгізілуі ықпал етті. Бұл әдіс бағдарлама әкімшіліктері арасында ресурстарды бөлу, мемлекеттік приоритеттерді басқару мен құру үшін негіз болып табылады. Сонымен қатар бюджеттік бағдарламалаудың артықшылығы құрылатын бюджеттің негіздемелі болуын қамтамасыз ету, бағдарлама жасалуының нәтижесіне көңіл бөлу: транспарантты ақпаратты қоғамға көрсете алу мүмкіндігін ашу және есеп берудің жоғары болуы болып табылады.
2-БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ, ПАЙДАЛАНУ
2.2 Қазақстан Республикасы бюджет жүйесін қалыптастыру
... Борыштық портфельдің осындай құрылымы дағдарыс нәтижесінде қаржылық шығындардың басталу рәсіміне елеулі ұшырады және осы тұрғыдан экономикалық қауіпсіздіктің өлшемдеріне сәйкес келмейтін осал болып табылады. Үкіметтің борыштык портфелін әртараптандыру мақсатында ішкі рынокта қарыз алуды бір уақытта арттыру кезінде сыртқы қарыз алу көлемін қысқарту қажет.
Мақсаттары мен міндеттері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш саласындағы саясаты 2004-2006 жылдары мынадай 2 бағытта іске асырылатын болады: ЖІӨ-ге проценттік қатынаста үкіметтік борыштың мөлшерін дәйекті қысқарту. Бұған ЖІӨ-ге проценттік қатынаста республикалық бюджет тапшылығының мөлшерін біртіндеп және тиісінше оны қаржыландыруды қысқарту нәтижесінде қол жеткізілетін болады;
Республикалық бюджеттің тапшылығын қаржыландырудың жалпы құрылымында сыртқы қарыздардың есебінен республикалық бюджеттің тапшылығын қаржыландыру үлесін қысқарту жолымен үкіметтік борыш құрылымында сыртқы борыштың үлесін біртіндеп азайту. Жүргізілетін саясат шеңберінде мынадай мәселелерді шешу ұйғарылады: республикалық бюджет тапшылығының мөлшерін біртіндеп қысқарту; жинақтау жөніндегі саясат шеңберінде Үкіметтік борыштың ұтымды мөлшерін анықтау; міндеттемелердің орындалмау тәуекелін азайту және қысқа және орта мерзімді перспективада Үкіметтің ішкі борышын өтеу жөніндегі төлемдер төлеудің ең жоғары шегін төмендету, ол үшін басым орта мерзімді және ұзақ мерзімді міндеттемелерді шығаруға қайта бағдарлау ұйғарылады; республикалық-инвестициялық жобалардың тізбесіне енгізілген жобаларды дайындау және сараптау сапасын жақсарту және сыртқы қарыздарды тиімді пайдалану; жергілікті атқарушы органдардың қарыз алу процесін ретке келтіру. Жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуы республикалық бюджеттен инвестициялық жобаларды қаржыландыруға бюджеттік кредиттер алу нысанында ғана жүзеге асырылатын болады; валюталардың кросс бағамдары және теңгені айырбас бағамы өзгерген жағдайда теріс салдарды азайту мақсатында қарыздардың валюталары жөніндегі Үкіметтің сыртқы қарыздарының портфелін әртараптандыру. Қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу мемлекеттік борышты қауіпсіз деңгейде сақтауды, оның құрылымын оңтайландыруға және ұзақ мерзімді перспективада бюджеттің тұрақтылығын арттыруды қамтамасыз етуі тиіс. ...
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы.
2. Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі №548-11 жаңа Бюджет Кодексі.
3. "Бюджет жүйесі туралы" 1999 жылғы 1 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы. ...