Курсовая работа: Кәсіпорынның қаржылық стратегиясын талдау


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Экономика
Тип работы:
Курсовые работы
Количество страниц:
30

 

 

Жоспар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Кіріспе……………………………………………………………………. 3
1 Кәсіпорынның  қаржы  жоспарындағы стратегиясын анықтау ……. 4
2  Кәсіпорынның қаржы жоспарының төлем қабілеттілігін  анықтау… 10
3 Кәсіпорынның қаржылық стратегиясында  айналымын қаражаты......  18
  Қорытынды ……………………………………………………………… 29
  Қолданылған әдебиеттер тізімі ………………………………………. 31

 

 

1. КӘСІПОРЫННЫҢ  ҚАРЖЫ  ЖОСПАРЫНДАҒЫ СТРАТЕГИЯСЫН АНЫҚТАУ

 

... Ұзақ мерзімді міндеттемелер - ұзақ мерзімді несиелер мен заемдар.

 

Тұрақты міндеттемелер - пассивтің I бөлімнің "Меншікті капитал" баптары. Актив пен пассивтің балансын сақтау үшін бұл топтың жиыны баланс активінің "Алдағы  қезең  шығындары"  бабы  бойынша сомаға азайтылады.

 

Баланс өтімділігін анықтау үшін актив пен пассив бойынша   келтірілген   топтар   жиындарын   салыстыру керек. Баланс толық өтімді деп келесідей қатынастарда саналады.                                                                                                                                                                    Басқа сөзбен айтқанда, егер активтің сол алғашқы үш теңсіздігінің әрбір тобы кәсіпорынның сәйкес міндеттемелер тобын жапса немесе оған тең болса баланс өтімді болады, кері жағдайда баланс өтімді емес.

 

Жоғарыда келтірілген жүйедегі алғашқы үш теңсіздіктің орындалуы төртінші теңсіздікті орындау қажеттілігін туғызады, сондықтан актив пен пассив  бойынша алғашқы үш топтың жиындарын салыстыру маңызды орын алады. Төртінші теңсіздік "баланстау" сипатын алады, сонымен қатар терең экономикалық мәні бар: оның орындалуын қаржылық тұрақтылықтың ең төменгі шарттарының сақталғандығын, кәсіпорынның меншікті айналым қаражатының барын дәлелдейді.

 

Егер бір жүйенің бір немесе бірнеше теңсіздігінің қолайлы варианттағыға қарама-қарсы мәні болса, онда баланс өтімділігінің абсолютті өтімділіктен азды-көпті айырмашылығы болады. Бұл кезде активтердің бір тобы бойынша қаражат жетіспеушілігі олардың басқа топ бойынша артылғанымен орны толтырылады, бірақ өтелі тек құндық мөлшері бойынша жүзеге асырылады, өйткені   нақты   төлем   жағдайында   аз   өтімді   активтер неғұрлым өтімді активтердің орнын баса алмайды. ... 

 

3. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ СТРАТЕГИЯСЫНДА  АЙНАЛЫМЫН ҚАРАЖАТЫ

 

...  Егер ағымдағы активтер мен қысқа мерзімді міндеттемелердің ара қатынасы 1:1 - төмен болса, онда кәсіпорын өз шоттарын төлей алмайды деуге болады. 1:1 арақатынасы ағымдағы активтер мен қысқа мерзімді - міндеттемелердің теңдігін білдіреді. Активтер өтімділігінің әр түрлі дәрежесін ескере отырып, активтердің барлығы тез арада өтімді деуге болмайды, яғни бұл жағдайда да кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қауіп төнеді. Егер де 1:1 арақатынасынан көп болса, онда кәсіпорынның өзіндік көздері есебінен құралатын бос ресурстарының едәуір көлемі бар екені туралы қорытынды жасауға болады.

 

Кәсіпорын кредиторлары тұрғысынан, айналым құралдарын құрудың осы варианты аса жоғары бағаланады. Сонымен бірге, менеджердің көзқарасы бойынша кәсіпорында қорлардың өте көп жиналуы, қаржыларды дебиторлық борышқа аудару кәсіпорынның активтерін шебер пайдалануымен байланысты.

 

Өтімділіктің әр түрлі көрсеткіштері тек өтімді қаржыларды есепке алудың әр тұрлі дәрежесінде кәсіпорынның қаржы жағдайының тұрақтылығын жан-жақты сипаттап қана қоймай, сонымен бірге талдау хабарламаларының әр түрлі сыртқы пайдаланушыларының мүдделеріне жауап береді. Мысалы, шикізат пен материал жеткізушілері үшін абсолютті өтімділік коэффициенті қажет. Осы кәсіпорынды несиелейтін банк өтімділіктің аралық коэффициенттеріне көп көңіл бөледі. Кәсіпорынның сатып алушылары немесе акциялар мен облигацияларды ұстаушылары кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын ағымдағы өтімділік коэффи­циенті бойынша бағалайды. ...

 

Қолданылған  әдебиеттер тізімі

 

 

 

1. Ишмухамбетова Т.Р., Мендебаев Т.М.  «Өнімнің өзіндік құнын есептеу» - Алматы : ҚҰТУ, 1995.

2. Ишмухамбетова Т.Р., Қапанова А.К.  «Кәсіпкерлік  іс-әрекеттің экономикалық негізі» - Алматы : ҚазҰТУ , 2001. ...