Мәнжазба / Реферат: Қытай мәдениеті


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
История
Тип работы:
Мәнжазба / Реферат
Количество страниц:
10

... Қытайда медицина  ғылымы саласы да  ұдайы даму үстінде  болды. Б.з.б. І ғ. медициналық  кітаптардың  каталогы  жасалып, онда көптеген ауруларды  емдеудің  рецептер  берліді, сонымен қатар  фармакология саласында  құнды ғылыми   трактаттар жазылды. Осы орайда  күні бүгінге  дейін  медицина саласындағы  баға жетпес табыс болып  саналатын ауруларды  инемен емдеудің  Қытайда ойлап табылғанын да  естен  шығармағанымыз  дұрыс.

 

Қытайдың бір орталықты мемлекетке біріге  бастаған кезеңінде (б.з.б. 221-207 ж.) қытай  қорғанының негізгі бөлігінің  салынуы да – сәулет өнерінің  айтарлықтай табыстарының  бірі болды. Ұлы қытай қорғаны – Қытай императорларының  адам айтқысыз  байлығы мен  шексіз  билігін паш ететін, ең бастысы – дүниежүзіндегі ең  ең үлкен керемет болып саналатын осы бір  таңғажайып алып құрылысты салған қытай шеберлерінің  еңбекқорлығы мен  шыдамын әйгілейтін, талай адамдардың  өмірін  өксіткен қанды да, қасіретті ескерткіш болып табылады. Ал осы  бір тарихи – мәдени  ескертіш толық күйінде  болмаса да, біраз бөлігі осы  кезеңге дейін сақталып қалған. Жоғарыда  атап көрсеткен,  залына он мың адам сиятын император сарайындағы  залдың төменгі  қабатының биіктігі  соншалық, мұндағы  ілінген сырықтың  биіктігі елу  қар болған, бірақ өкінішке орай  бқл тамаша әсем ғимарат – император сарайы  бүгінгі күнге келіп жетпеген. Оны  салдырған – Қытайдағы дербес  князьдіктерді өзіне бағындырып, жас мемлекет – Қытайдың күш-қуатын арттырған және  «Циннің» (Цинь мемлекетінің) «бірінші императорымын» деп жариялап, бұл патшалыққа  өз есімін берген -  Цинь Шихуанди болатын.  Ол көзінің тірісінде-ақ биіктігі бес жүз қар,  айналысы бес мың қар келетін  кесене салдырған. Оның төбесінде  жұлдыздар  әлемі бейнеленіп, еденімен аққан сынап өзені  сынап теңізне құйылып жатқан. Кесене құрылысына  700 мың адам қатысқан. Осы сияқты алып құрылыстарды салуға  миллиондаған адам жұмылдырылған, демек  мейлінше  көп жұмыс күші қажет болған. «Осы  орайда,  император осыншама  адамды қалай   жинады екен?» - деген орынды сұрақтың туындауы сөзсіз. Ғалымдардың пікірінше, жұмыс күшінің негізінен екі басты көзі болған: біріншісі – қолға түскен жүздеген мың  тұтқындар болса, екіншісі – императордың мемлекетті «У» және  «Ши» деген бөліктерге  бөлуі  себепкер болған. Егер бір адам  жаза басып, күнәлі  болып қалса, сол үшін  он  жанұя құлдыққа алынған, ал олар өз кезінде  Цинь Шихуандидің  ұлы құрылыстарына  жөнелтілетін болған.

 

         Ежелгі заманда салынған Ұлы Қытай қорғаны  сияқты алып құрылыстардың барлығы да, шындап келгенде дәл  осындай адамдардың  күшімен тұрғызылған. Күн сайын өлген ондаған мың адамдар келесі күні-ақ қайтадан жаңа жұмыс күштерімен толықтырылып отырған. Цинь Шихуанди дүниежүзіндегі  ең әйгілі  әскери – инженерлік  құрылыс – «Ұлы Қытай қорғанының» негізін салдырған тарихи тұлға  болып есептеледі.

 

          Қорыта  келгенде айтарымыз, ұлы Қытай халқы  - мәдениет пен өнердің  қай саласында болса да  қомақты табыстарға жетіп, дүниежүзілік өркениетке өзіндік үлестерін қоса  білген дарынды да, еңбекқор  халық болды. ...