Дипломная работа: Қазақстан Республикасында кеден баждарын төлеуді кедендік бақылаудың теориялық, құқықтық және ұйымдастырушылық негіздері


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Экономика
Тип работы:
Дипломные работы
Количество страниц:
63

Мазмұны

 

 

 

КІРІСПЕ. 3

1 ТАРАУ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КЕДЕН БАЖДАРЫН ТӨЛЕУДІ КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ, ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 5

1.1 Кедендік бақылау болмысы, принциптері, мақсаттары мен міндеттері 5

1.2 ДСҰ кіру жағдайындағы кедендік бақылаудың қалыптасуы. 12

2 ТАРАУ КЕДЕН БАЖДАРЫН ТӨЛЕУДІ БАҚЫЛАУ ТӘЖІРИБЕСІ 25

2.1 Кеден баждарын төлеуді бақылау механизмі 25

2.2 Жылдар бойынша және жеке баждар бойынша кеден төлемдерін бақылау нәтижелері 39

3 ТАРАУ  ӘСҰ КІРУІН ЕСЕПКЕ АЛА ОТЫРЫП, ҚР КЕДЕН БАЖДАРЫН ТӨЛЕУДІ БАҚЫЛАУ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ РЕСУРСТАРЫ.. 41

3.1 Кеден баждарын төлемеу қаупін төмендетуді есепке ала отырып. 41

кеден тарифтерін қалыптастыру. 41

3.2 Халықаралық стандарттар негізінде кеден бажын төлеуді 52

кедендік бақылау жүйесінің механизмін қалыптастыру. 52

ҚОРЫТЫНДЫ.. 61

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 63

 

 

1 ТАРАУ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КЕДЕН БАЖДАРЫН ТӨЛЕУДІ КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ, ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

 

 

1.1 Кедендік бақылау болмысы, принциптері, мақсаттары мен міндеттері 

 

 

 

... Әуе көлігімен тасымалданатын тауарларды жеткізу кедендік төлемдерді қамтамасыз ететін кедендік бақылау арқылы Тауарларды жеткізу ережелеріне сай жүзеге асырылады.

 

  Тауарларды әуе көлігімен тасымалдауда әуе кемелерінің техникалық немесе мәжбүрлі қону орныдарында орналасқан кедендік органдарында  тауарларды жеткізуді ресімдеу жүргізілмейді.

 

  Әуе кемелері ҚР кедендік аумақтарына екі немесе одан көп рет қонса, әуе көлігімен ҚР кедендік шекарасы арқылы өтетін тауарлар тауарлардың кедендік транзит режиміне орналастырылады. Мұндайда жөнелтуші кедендік орган болып, алғашқы қонған орында орналасқан кедендік орган саналады, ал межелі кедендік орган – әуе кемелерінің соңғы қонған орнында орналасқан кедендік орган саналады.

 

  ҚР кедендік аумағы арқылы өтетін тауарларды кедендік ресімдеу және кедендік бақылау транзиттік декларацияны ресімдеусіз және мына жағдайларда кедендік ресімдеу үшін кедендік алымдар алмай-ақ жүзеге асырылады:

 

-  техникалық қону – әуе кемесінің жұмыс қабілеттілігін немесе дұрыстығын тексеру (бортқа авиациялық жанар-жағармай және басқа материалдарды тиеу) бойынша операциялар жүргізу үшін, яғни жүкті, тауарларды тиеу немесе түсіру, олармен жүк операцияларын жүргізу (буып-түю, қайта орау және басқалары), сондай-ақ жолаушыларды отырғызу немесе түсіру мақсатында кеменің қонуы;

 

-  мәжбүрлі қону – әуе кемесінің ұшу жоспары бойынша ары қарай ұшуына мүмкіндік бермейтін, бірақ тауарлармен немесе жүктермен жүк операцияларын жүргізбестен ары қарай жылжуға мүмкіндігі бар себептерімен айналып соғуы.

 

  Құбыр тасымалымен және электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарларды кедендік бақылау

 

  ҚР кедендік шекарасы арқылы магистральды мұнай құбырларымен, газ құбырларымен немесе электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарларды кедендік ресімдеуді жалпы басшылыққа алуды және бақылауды Энергетикалық кеден жүзеге асырады.

 

  Мұндай тауарларды кедендік бақылау және кедендік ресімдеу тәртібі ҚР ҚМ КБК “ҚР кедендік шекарасы арқылы құбыр тасымалымен және электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарларды кедендік ресімдеу ережелері” Бұйрығымен белгіленген.

 

  Құбыр тасымалымен және электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарларды кедендік ресімдеу олардың кедендік режимдеріне сәйкес тауарлардың орналасқан жері бойынша кедендік органдардың қызмет аймағында арнайы орындарда белгіленген тәртіп бойынша жүзеге асырылады.

 

  Тауарлардың ҚР кедендік шекарасы арқылы өтуіне негіз – егер декларант белгілі себептермен КЖД бере алмаса, тасымалдаушы үшін белгіленген тәртіппен ресімделген кедендік жүк декларациясы (КЖД) немесе уақытша кедендік жүк декларациясы (УКЖД) болып табылады.

 

  Бір кедендік режимге өтінім берілген, құбыр тасымалы көлігі шарты бойынша жеткізілетін тауарларды күнтізбелік бір ай көлемінде декларациялауға болады, ал электр беру желілері бойынша – жеткізу көлеміне қарамастан, бір тоқсан ішінде декларациялауға болады.

 

  УКЖД кедендік органға тауарды жеткізу жоспарланған айдың алдындағы мерзім ішінде, ал электр беру желілері бойынша жоспарланған тоқсан алдындағы мерзім ішінде беріледі.

 

  УКЖД беруге тауарларды түсіруге дейінгі жеткізу айында жол беріледі. ... 

 

 

 

      3 ТАРАУ  ӘСҰ КІРУІН ЕСЕПКЕ АЛА ОТЫРЫП, ҚР КЕДЕН БАЖДАРЫН ТӨЛЕУДІ БАҚЫЛАУ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ РЕСУРСТАРЫ

 

3.2 Халықаралық стандарттар негізінде кеден бажын төлеуді кедендік бақылау жүйесінің механизмін қалыптастыру 

 

...   Кедендік инфрақұрылым саласында

 

  Жаңа кедендік органдар құру және қызмет етуші кедендік органдары мен мекемелерін қайта ұйымдастыру, оларды Қазақстан Республикасы аумағына орналастыруды оңтайландыру кедендік жүйені реформалаудың аса маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Осы бағытта реформалаудың мақсаты тауар және жолаушы легі көлемінің үнемі өзгерістілігі және құрылымының қиындығы жағдайында тауарларды СЭҚ қатысушылары үшін тиімді, үздіксіз және қолайлы кедендік ресімдеуді қамтамасыз ету болып табылады.

 

  Кедендік құрылым мен инфрақұрылымды реформалау саласындағы міндеттер:

 

-  2005-2008 жылдар кезеңіне кедендік объектілерді дамытудың келешегі зор бас жоспарын әзірлеу;

 

-  жеке тұлғаларды кедендік ресімдеуді жүзеге асыратын кедендік органдардың штаттық санын тиімді түрде қайта бөлу, тауар және жолаушылар легінің көлемі үнемі артып отыратын учаскелерде арнайы құрылымдық бөлімшелер құру;

 

-  кедендік ресімдеуді жүзеге асыратын кедендік органдардың бөлімшелерін қайта ұйымдастыру, сыртқы сауда жүктерін өңдеу орындарына максимальды түрде жақындату қажеттілігін ескере отырып, оларды тиімді орналастыру;

 

-  кедендік ресімдеу орталықтарын құру, сол орталықтарда кедендік органдардан басқа “кеден маңындағы инфрақұрылым” өкілдерін біріктіру;

 

-  кедендік органдардың қолданыстағы инфрақұрылымын кедендік ресімдеудің жаңаша технологияларының талаптарына сәйкестендіру;

 

-  Кедендік одақтың кеңеюі, ДСҰ кіру перспективаларын есепке ала отырып, кедендік инфрақұрылым объектілерін тиімді орналастырудың схемасын әзірлеу;

 

-  интеллектуалдық меншік объектілерінің, радиоактивтік, бөлінетін материалдар мен қауіпті қалдықтардың қозғалысын кедендік бақылау жүйесін ашу;

 

-  кедендік органдардың техникалық базасын жетілдіру, әзірлемелерді ұйымдастыру, кедендік бақылауға қажетті техникалық құралдарды қалыптастыру және қолданысқа енгізу;

 

-  кедендік құрылыс тың ведомстволық нормативтік-техникалық және нормативтік-ұйымдастыру базаларын қалыптастыру,Қазақстан Республикасының кедендік органдарында капиталды құрылысты ұйымдастыру және басқару жүйесін жетілдіру. ...

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

Монографии

 

1. Быков О.Н. “Год планеты: Экономика. Политика. Бизнес”, Многотомник, Институт мировой экономики и международных отношений РАН, М.:Республика. - 1992 г. - 336 стр.

 

2. Магомедова А.И., Хасанова Е.З. “ГАТТ: правовая природа и структура”, Редколлегия журнала ‘Вестник Санкт-Петербургского Государственного Университета’, Серия: Философия и социально-экономические науки, СПб. - 1992 г. - 48 стр.

 

3. Чернышев С.В. “Механизм регулирования международной торговли: нормы и правила ГАТТ”, Сборник научных трудов, Всесоюзный Научно-исследовательский Конъюнктурный Институт,  М. - 1991 г. - 71 стр. ...