Контрольная работа: Орхон жазбалары және тарихи шындық


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
История
Тип работы:
Контрольные работы
Количество страниц:
14

Жоспар

 

 

1 Түріктер. 3

2. Ежелгі қалалары.. 4

3 Айша-Бибі күмбезі 6

4 Бабаша Хатун мавзолейі 7

5 Наным-сенімдері, діни ұғымдары. 7

6. Орхон-Енисей ескерткіштерінің зерттелуі. 8

7 Орхон жазбалары және тарихи шындық. 10

Пайдаланылған әдебиет. 15

 

 

4 Бабаша Хатун мавзолейі

 

 

 

  Бабаша Хатун мавзолейі – 10-11 ғасырларда салынған архитектуралық ескерткіш. Тараз қаласынан 18 км жердегі Айша-Бибі күмбезінің жанында. Мавзолей тұтас қызыл кірпіштен салынған. Бабаша Хатун мавзолейінің қабырғасы текшеге жақын тік бұрышты болып келген (6,80 х 6,78 м). Қабырғасының 1,37 м биіктіктегі арқа иығынан сегіз қырға ауысатын тромпбелдеу жасалған. Оның үстінен (3,8 м биіктікте) ішкі еңсенің 16 қырлы күмбез қалауы басталады. Мұндай қобылы күмбездер Қазақстан жеріндегі көне ескерткіштерден кездесіп отырады (Кесене, Жұбанана ескерткіштері). Мавзолейдің 12 қырлы, конус формалы сыртқы күмбезі биіктігі 86 см қырлы призманың үстіне орналасқан. Бірінің сыртынан бірі орнаған қос күмбез ескерткіштің ұзақ уақыт сақталуына себепкер болған. Күмбез іргелерінің аршамен құрсаулануы, ескерткіштің өзі тас тұғыр үстіне салынып, тақталардан су ағарлар жасалуы сол тұстағы құрылыс өнері дәрежесінің жоғары болғандығын көрсетеді.

 

  Бабаша Хатун мавзолейінде архитектуралық детальдар шағын көлемде, жеңіл жолдармен ұтымды пайдаланылған. Фасад қабырғаларының бетіне текшелер (ниша) салынып, оларды өрнекті қима тастармен әшекейлеу, ызба қалау әдісімен розеттер жасау – жеңіл детальдарды ұтымды пайдалана білгендікті байқатады. Қос босағадағы осындай өрнекті текше үстінен күн бейнесі жасалып, оның шапағы кірпішпен әсем көмкерілген. Бұл өзі күнге табынған дәуірде өмір сүрген сәулетшінің қиялынан туған өрнек болса керек. Мавзолей маңдайшасындағы жазудың әзірге анық оқылатыны – «Бабажи хатун» деген сөз. Бұл жазулар грек архитектурасындағы «метоп», «триглиф» ордерлеріне ұқсас өрнекті кірпіштермен әшекейленген. Құрылысы жағынан одан өзгеше. Кірпішті өрнектеп қалай білген сәулетші сына тастармен өріп қалау әдісіне көшкендігі байқалады. Ежелден халық өнерінде пайдаланып келе жатқан ою-өрнектердің түрлерін бойына сақтап, қазіргі заманға жеткен қос күмбезімен, архитектуралық ықшамдылығымен көз тартқан Бабаша Хатун мавзолейінің қазақ сәулет өнерінің тарихы үшін маңызы зор.

 

 

5 Наным-сенімдері, діни ұғымдары.

 

 

  Наным-сенімдері, діни ұғымдары. Ежелгі түріктер негізінен қос күшке – Көкке (оны Тәңірі деп те атаған) және Жерге (Жер-Суға) сыйынатын болғаны тарихтан жақсы мәлім.

 

  Қарапайым түріктер өздерінің қағандарын сол Көк-Тәңірінің әмірімен билік жүргізіп отыр деп түсінген. Сонымен бірге, түріктер табынатын үшінші күш болған. Ол – үйдегі от басы, бала-шағаны қорғаушы әйел тәңірісі Ұмай.

 

  Ежелгі түріктер жерді, дүние кеңістігін төртбұрышты («төрт булуң») деп ойлаған. Бұл төртбұрыш – «ілгеру» (күн шығыс), «қурыйа» (күн батыс), «берійе» (күн ортасы немесе оңтүстік), «йырайа» (түн ортасы немесе солтүстік) деп аталған.

 

  «Оғызнама» эпосында Оғыз батыр жорыққа аттанғанда Көкжал бөрі, яғни арлан қасқыр қағанның сан мың әскерін бастап, жол көрсетіп жүреді. Түріктер арлан қасқырды киелі аң санап, оған арнап құрбандық шалатын болған.

 

  Сонымен бірге, ежелгі түріктер иен даланы, орман-тоғайды, тау-тасты т.б. күні-түні түрлі рухтар кезіп жүреді деп түсінген. Олардың адамдарға деген қаһарын қайтарып отыру үшін жұрт сол рухтарғар тасаттық садақа беріп отырды.

 

  Жалпы, зороастризм ілімі бойынша, әлемдегі нәрсенің бәрі бір-біріне қарама-қарсы тұрған екі топқа бөлінеді. Олар – бірі-қайытымдылық әлемі, екіншісі-зұлымдық әлемі, бірі-сәулелі дүние, екіншісі-қараңғылық патшалығы. Бұл екі күштің арасында үздіксіз күрес жүріп жатады.

 

  Түріктер отты киелі құбылыс есептеген, оны пір тұтқан. Зұлымдық, қараңғылық, жамандық әкелетін рухтарды отпен тазалап, аластайтын діни ғұрып болған. Түрік қағанына келген Византия елшісі Зимархтың өзін, тіпті киім-кешегіне дейін қалайша отпен аластағанын атақты тарихшы Менандр қызықты етіп баяндаған деректер сақталған.

 

  Ежелгі түріктер өлген адамды шаман рәсімі бойынша жерлеген. Дәлірек айтсақ, биіктеу жерге киіз үй тігіп, өлікті алдымен сол үйге қойған. Сол маңайға құрбандыққа келген малды байлаған. Өлген адамның жақындары жылап-сықтап, бетін тілгілеп, шашын жұлып, өлік жатқан үйді жеті рет айналатын болған. Көшпелі түріктер арасында ислам дінін зорлап тарату 8-ғасырда басталған. Ал соған қарамастан қазақ жерін мекендеген тайпалар мен халықтар арасында Көкті, Күнді, Отты құдай тұтып, табиғат құбылыстарына сыйыну 10-12 ғасырларда да кеңінен орын алып келді. Көшпелі түріктер арасында исламды бұл кезде интенсивті түрде насихаттап жатса да, халықтың едәуір бөлігі шамандық дінді ұстанды. Бұл кезде қыпшақтар ата-баба рауағына сыйынып, тас мүсіндерге табынатын еді. «Кумандар немесе половецтер жұлдыздарғар табынады, аспан әлеміне сенеді және астрологияны оқып-үйренуге бейім тұрады» - деп жазды араб саяхатшысы Абул Фида.

 

  Ислам дінінің көбірек тараған жері Орта Азия мен Қазақстанның оңтүстік аймақтары болды. Мұнда 10-12 ғасырларда мұсылман дінінің суфизм немесе сопылық деп аталатын мистикалық ағымы тараған еді.

 

 

6. Орхон-Енисей ескерткіштерінің зерттелуі.

 

 

Орхон-Енисей ескерткіштерінің зерттелуі. Енисей өзені аңғарынан құпия жазу бар құлыптастар немесе ескерткіштер табылғаны туралы алғашқы хабарды Н.К.Видзен, С.У.Ремезов, сондай-ақ, Сібірде айдауда жүрген швед офицері Страленберг пен немістің белгілі ғалымы Д.Г.Мессершмидт т.б. 18-ғасырдың бас кезінде жазған мақалалары мен хаттарынан білеміз.

 

Скандинавия халықтарының тілінде «рунь» яғни «руна» деген сөз қазақша аударғанда «сыры ашылмаған», «құпия» деген мағына береді. Табберт-Страленберг өзі тапқан құлыптастардағы бұрын-сонды тарихта белгісіз болып келген, ешкім түсінбейтін хат жазуды өз елінің тілінде «Руна» жазуы деп атаған еді.

 

Орыс География қоғамының Шығыс-Сибирь бөлімі 1889 жылы Монғолияға арнайы экспедиция ұйымдастырды. Оны белгілі орыс саяхатшысы әрі ғалымы Н.М. Ядринцев басқарып барып, Орхон өзені аңғарынан «құпия» жазуы бар үлкен-үлкен екі ескерткіш тапты. Осы құлыптастардағы белгісіз жазулардың сырын ашу үшін В.В. Радлов 1891 жылы сонда барып, бірқатар ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді.

 

Бұл кезде Финляндия архиологиялық қоғамы да Енесей өзені бойына, Минусинс қаласына екі мәрте ғылыми экспедиция жасап қайтқан еді.

 

Сөйтіп, 1892 жылы Петербург пен Гельсингфорста орыс жзәне фин ғалымдар жасаған экспедицмяларының жзұмыс қорытындысы туралы есептері баспасөзде жарияланды. Ғалымдар ескерткіштердегі жазуларды суретке түсіріп, атлас жасаған еді.  ...