ЖОСПАР
Кіріспе. 2
1 Экономикалық өсудің теориялық негіздері 4
1.1. Экономикалық өсу және экономикалық даму. 4
1.2.Экономикалық өсудің факторлары, көрсеткіштері, типтері 6
1.5 Экономикада және оның өсуіндегі мемлекеттік реттеудің ролі 13
2 Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсудің қазіргі жағдайы және болашағы.. 16
2.1 ҚР-дағы қазіргі экономиканың жағдайы.. 16
2.2.ҚР-дағы экономикалық өсудің болашағы.. 18
Қорытынды.. 20
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 22
1 Экономикалық өсудің теориялық негіздері
1.3 Экономикада және оның өсуіндегі мемлекеттік реттеудің ролі
... Кейнс «Жаңа курс» негізіне кірген дамудың басқа жолын көрсетті. Бұл нарықпен үйлескен мемлекеттік реттеу американдық экономиканың қуатты өсуін қамтамасыз етті. Ал Батыс Европада социал-демократтардың аса үлкен ықпалынан экономикада «асыра сілтеу» пайда болды. Қазір Батыста кейнсиандық әдістің қайта жандануы болып жатыр. Бұған барлық себептер бар. Бірінші фактор – теңгешілдік (монетаризм) әдістерін қолданған барлық елдердегі кризистер (тоқыраулар). Екіншісі – Американың алып державаға айналуы. АҚШ айтарлықтай Халықаралық қаржы (валюталық) фондын, Әлемдік сауда ұйымын, Халықаралық банкті, ал қазір Иракты да басқарып отыр. Дж. Буш кейнсиандық әдістерді қалай қолданатыны қызық. Ол шағын бизнеспен айналысатын әрбір кәсіпкер үшін орта есеппен алғанда шамамен салықты 2 мың долларға қысқартады. Бірақ бұл қысқартулар тек қана инвестицияларға кетеді деген шартпен қысқартылады. Буш салықтарды азаматтар үшін де қысқартады, бірақ қайтадан толығымен емес, кейнсиандық-бағытталған әдіспен. Салық жұбайлар үшін шамамен 2 мың долларға және қосымша түрде балалары бар жанұялар үшін де қысқартылады - әрбір нәресте үшін 1000 доллар.
Экономикалық өсуде мемлекет өзінің қатысуын тура немесе жанама араласу ақылы көрстетеді.
Мемлекеттің тура араласуына нарықтық жүйенің барлық элементтері арасындағы қатынастарды дамытуға бағытталған заңды акттардың қабылдануы жатады. Ал жанама араласу оның мақсаттарына – күрделі жұмсалымды ынталандыруға және қорлар мен инвестициялар арасындағы тепе-теңдікті қайта орнатуға, халықты толық еңбекпен қамтуға, товардың экспорты мен импортын, капитал мен жұмысшы күшін көбейтуге, тұрақтандыру мақсаттарында бағаның ортақ деңгейіне әсер етуге, тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етуге және де басқа да себептерге байланысты.
Мемлекеттік органдар әрдайым көңіл бөліп отыратын объект болып ақша айналымын реттеу, экономикаға үлкен қауіп төндіретін инфляциямен күресу болып табылады. Ақша айналымын реттеу арқылы мемлекет қор жинау шарттарына, бағаларға, әлеуметтік қатынастарға әсер етеді. Төлем балансының жағдайы мемлекеттің экономикалық салауаттылығының басты көрсеткіштері болып табылады. Нарықты шаруашылықты елдердің бәрінде мемлекет әрдайым экспорт пен импорт, капитал қозғалысы, ұлттық валюта курстарын төмендету мен жоғарлату, халықаралық экономикалық интеграция арқылы жедел және стратегиялық реттеуді жүзеге асырады.
Мемлекеттік реттеу инстанциялары экономиканың мемлекеттік реттеудің басқа да объекттеріне ықпал етуге тырысады. Мысалы, жеке фирмаларды ғылыми зерттеуге және олардың нәтижелеріне қызықтыру.
Мемлекеттік реттеу әлеуметтік саясатты жүзеге асыру үшін аса қажет. Ұжымдық тұтыну немесе қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мемлекеттік тұтқаларсыз, ұйымдарсыз мүмкін емес.
2 Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсудің қазіргі жағдайы және болашағы
2.2.ҚР-дағы экономикалық өсудің болашағы
... Болашақ болжамдарға келетін болсақ, МВФ осы жылы ТМД елдерінде экономикалық өсудің баяулауы болатынын айтып отыр. Оның себептері: тұтынушы сұраныс пен инвестициялық ағымның тұрақтануы, мұнайға бағалардың мүмкін төмендеуі.
Қазақстанда 2003 жылы шетелдік инвестициялардың 40% пайдалы қазбаларды табуға, тағы 40% жылжымайтын мүлікпен операцияларға, тек қана 3% өндіірсті өңдеуші кәсіпорындарға жұмсалған болатын. Өзінің экономикалық өсуін тұрақтандырғысы келетін мемлекет классикалық экономикалық теорияға байланысты прогрестің төрт «дөңгелегі»: адамдық ресурстар, табиғи ресурстар, капитал, технология және кәсіпкерлік бар екендігін ескеруі тиіс. Өкінішке орай, мұнай, газ және басқа пайдалы қазбаларды иелене отырып, Қазақстанның экономикасы бір ғана «дөңгелекте» жылжып келе жатыр. Кезінде бұл әдісті Канада және Норвегия қолданған болатын, бірақ экономисттер бүгінгі күнде табиғи ресурстардың бар болуы экономика табысының міндетті шарты емес.
Бүгінгі таңда Қазақстан дұрыс бағытта келе жатыр. Біз жоғары қосылған құнмен жоғары технологиялық өндірісті, кәсіпкерліктің инвестициялық белсенділігін көтереміз. Қазіргі кезде осы бағыттарды дамыту үшін, салық туралы заңдар қайта қарастырылып жатыр. Экономика министрлігі амортизациялық аударымдардың есептелуін қарапайымдауды, салықтық есеп беруді қысқартуды көздеп отыр.
Салық жөніндегі заңдар мемлекеттік 2005-бюджеті үшін 26 млрд. теңге шығын әкелмек. Бұл болашақ өркендеу үшін жасалған алғашқы, бірақ соңғы емес құрбандық. Ең бастысы, он жылдан кейін біз бұл құрбандықтар босқа болмағандығын түсінуіміз.
БҰҰ-ның сарапшылары Қазақстан үшін негізгі басымдық – бағалау және кедейліктің мониторингтің тиімді жүйесін жасау.
Сонымен қатар, республика халықтың еңбекпен қамтылуына және ауыл шаруашылық және агро-өнеркәсіптік секторларға назар бөлуі керек. БҰҰ Қазақстанға маман-кадрлар нарықтық талаптарға сай болуы үшін, білім секторында да реформа жүргізуді жөн көреді. ...
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Әубәкіров Я.Ә., Нәрібаев К.Н., Жатқанбаев Е.Б. Экономикалық теория негіздері. Оқулық. – Алматы, 2002.
2. Ломакин В.К. / Мировая экономика. Учебник. М.: ЮНИТИ. 2000. 727с.
3. Макконнел Кэмпбелл Р., Стенли Л. Брю./ Экономикс.М.: 2000
4. В фазе устойчивого экономического роста // Казахстанская правда, 2002. 8 октября. ...