Курсовая работа: Макроэкономика


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Экономика, Макроэкономика
Тип работы:
Курсовые работы
Количество страниц:
39

Мазмұны

Кiрiспе.............................................................................................................. 3

I. Макроэкономиканың пәні және әдісі........................................................... 5

1.1. Қазіргі макроэкономика ғылымының қалыптасуы мен дамуы............. 5

1.2. Макроэкономиканың зерттеу пәні және негізгі макроэкономикалық проблемалар.......................................................................................................................... 8

1.3. Макроэкономиканың зерттеу әдісі, мақсаттары және талдау құралдары      11

II. Макроэкономика - экономиканың негізгі бөлiгi...................................... 14

2.1. Макроэкономикалық теорияларының пайда болуы............................ 14

2.2. Макроэкономикалыє модельдер........................................................... 20

2.3. Макроэкономикалық көрсеткiштер....................................................... 23

2.4. Макроэкономикалық тепе-теңдiк және олардың байланысы............... 29

III. Қазақстан Республикасының макроэкономикалық саясаты және экономикалық өсу ........................................................................................................................ 32

3.1. Мемлекет және тепе-теңдiктi шешу мәселелерi..................................... 32

3.2. Мемлекет билiгiнiң тиiмдi факторлары................................................. 36

Қорытынды.................................................................................................... 38

Пайдаланған әдебиеттер тiзiмi ..................................................................... 40

 

 

I. Макроэкономиканың пәні және әдісі

 

1.2. Макроэкономиканың зерттеу пәні және негізгі макроэкономикалық проблемалар

 

 

 

... Макроэкономиканың зерттеу объектісі – ұлттық экономиканың өсу қарқыны мен факторлары, ұлттық табыс көрсеткіштері және қоғамның байлығы.

Макроэкономикалық көзқарас тұрғысынан халық шаруашылығы төрт макроэкономикалық субъектіден құралады:

 

1. Үй шаруашылығы – жұмыс күші ұсынысын және игіліктерге деген сұранысты қалыптастырады, алынған табыстарының бір бөлігін тұтынады, ал қалған бөлігін жинақтайды, олар ең аз шығын жұмсай отырып өз пайдалылықтарын максималдауға тырысады.

2. Фирма – өндіріс факторларына сұраныс білдіретін және игіліктердің ұсынысын жасайтын, әрі инвестициялау үрдісін жүзеге асыратын белгілі бер елдегі барлық кәсіпкерлік сектордың жиынтығынан құралады, фирмалар ереже бойынша, өз қызметін жүзеге асыру барысында үнемі пайданы максималдауға тырысады.

3. Мемлекет – ұлттық қауіпсіздік, ғылым, инфрақұрылым қызметтері сияқты ерекше қоғамдық игіліктерді ұсынушы сектор, ол әдетте, пайданы максималдауды мақсат етіп қоймайды, халық шаруашылығының тиімді әрекет етуі үшін оңтайлы жағдайлар жасайды. Сонымен қатар, мемлекет маңызды макроэкономикалық субъект ретінде игіліктерді өндіреді және сатып алады, салық салады, трансферттік төлемдер төлейді, ақша ұсынысын қалыптастырады.

4. Сыртқы орта – шет елдердегі экономикалық субъектілердің жиынтығынан және шетелдік мемлекеттік институттардан құралады, олар отандық экономикаға өз игіліктерін ұсынады және сол отандық экономиканың өндірген игіліктеріне сұраныс білдіреді, экспорт пен импортты қалыптастырады. Сыртқы әлем секторы ұлттық төлем балансы мен валюта бағамының жағдайын анықтау үшін зерттеледі. ...

 

 

 

II. Макроэкономика – экономиканың негізгі бөлiгi

 

2.1. Макроэкономикалық теорияларының пайда болуы

 

 

 

...  Қазiргi кезде оның маңызы зор. Жұмыссыз қалған әрбiр адам, егер ол шындығында жұмыс iстегiсi келсе, басқа жалдаушының назарын өзiне аудару үшiн аз жалақымен де жұмыс iстеуге келiсiм бередi. Осылайша артық тауары бар адам, тауарын тез өткiзу үшiн бағасын төмендетедi. Икемдi реттелген баға мен жалақы үшiн жұмыскер тиiстi жұмыс атқарады, фирмалар өзiне қажеттi керек тауарларын шығарады.

 

Ұтымды күтудiң мәнi – нарық әрдайым тепе-теңдiкте деген болжамға саяды. Iс жүзiнде жаңа классикалық макроэкономистердiң ұмтылыстары әлi де жеткiлiктi дәрежеде емес немесе олар жеке адамдар сауда жасау арқылы тұрмысын, жақсарта алады дегеннiң шешiмiн табла алмайды Мұны Лукас былай баяндайды: тротуарда 50 доллар жатпайды, яғни жеке адам өзiнiң материалдық жағдайын жақсартатын кез келген мүмкiндiктi қалт жiбермеуi тиiс.

 

Бүгiнгi таңдағы макроэкономикада аталмыш топтың ықпалы жоғары. Кейнс мектебiнде тәрбиеленген жаңа Кейнсшiлдер 1980 жылдары пайда болды. Бұл топтың өкiлдерi: Джордж Акерлоф, Жаннет, Иеллен – Калифорния университетiнен, Оливер Бланчард – Массачусетс технологиялық институтынан, Грег Манкив, Ларри Саммерс – Гарвард университетiнен, Бен Бернанк – Принсетон университетiнен. Олар нарық мазмұнына онша сене қоймағанымен, нарықтың не себептi сәтсiздiкке ұшырауын түсiндiруге тырысады.

 

Кейнсшiлдердiң пiкiрiнше, кейде жеке адамдар өз пайдасы үшiн қаншама әрекет еткенiмен, олар нарықты тазалауға ат салыспайды, ал осыған байланысты бағаның өзгеруi әдеттегiдей жалпы бағаның тұрақсыздануына әкелiп соғады да, ақырында өнiм өндiру мен жұмыспен қамтамасыз ету iсiнде макроэкономикалық ауытқулар туындауы мүмкiн. Мысалы, еңбек нарығында фирмалар еңбек бағасын азайту үшiн жалақыны қысқартпайды, Өйткенi олар сол арқылы жұмысшы күшiнiң сапасыздығын жоюға күш салады.  ...

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тiзiмi:

1. Назарбаев Н. Қазақстан 2030: Ел Президентiнiң Қазақстан халқына Жолдауы.- Алматы: Бiлiм, 1997.

2. Мамыров Н. Макроэкономика. Алматы. 2003ж.

3. Крымова В. Экономикалық теория. Алматы. 2003ж. ...