МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ. 2
І ТАРАУ. ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК. 4
1.1 Құқық ұғымы, белгілері. 4
1.2 Нормативтік реттеу жүйесіндегі құқықтың орны. 12
ҚОРЫТЫНДЫ.. 22
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 24
І ТАРАУ. ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК.
1.2 Нормативтік реттеу жүйесіндегі құқықтың орны.
... Конституция мемлекеттің негізгі заңы және ол сол мемлекеттің құқықтық жүйесінде приоритетті жағдайды иеленеді. Конституция құрамына мемлекет және құқықтың әлеуметтік сфералары саясаттың, экономиканың, қоғамның мәнін анықтайтын базалық идеяларды білдіреді.Конституцияда мемлекеттік реттеудің мәні мен шектері бекітілген, мемлекеттің сыртқы саясатының негізгі бастаулары анықталған, ұлттық және халықаралық құқықтардың ара-қатынасы көрсетілген.
ҚР-ның Конституциясымен ҚР-да Президенттік басқару формасы анықталған және мемлекеттің басты қазынасы адам, оның өмірі, құқықтары және бостандықтары.
Республика қызметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен,оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу.19
Мемлекетіміздің құқықтық-демократиялық даму жолында өркендеуінің бірден-бір ұйытқысы-тәуелсіз еліміздің Конституциясына он жыл толды. Тарих үшін бұл уақыттың бір ғана сәті екендігіне қарамастан, еңсесін тіктеп, таяуда ғана тәуелсіздік алған еліміз үшін бұл оқиғанын маңызы ерекше. Себебі, «Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы,...»,-деп басталатын ата заңымыз біздің ата-бабаларымыздың аңсап кеткен егемендігі мен тәуелсіздігіне қол жеткізуінің куәсі іспетті. Тарихи сонау тереңде жатқан қазақ елі үшін тәуелсіз ел болып, еліміздің мемлекет болып бой көтеруі-үлкен жетістік екені даусыз.
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына дәстүрлі жолдауында Конституциямыздың әлеуетін барынша пайдалану қажеттігі, оның әлемдегі демократиялық қоғамның негізгі міндеттеріне сәйкес келетіні танылып отырғандығын және Конституцияда берілген құқықтарды айқын пайдалану жайында ғана болуға тиістігін атап көрсетеді.
Бүгінгі елімізде жүргізіліп жатқан сот реформасындағы оң өзгерістер біртіндеп жүзеге аса бастағаны және соның арқасында сотқа деген халықтың сенімі күннен күнге артып келе жатқанын айта кетпесе болмас.Көптеген заңдар қабылданып, өзгерістер енгізілді, әрине алда, шешімін табуға тиіс басқа да келесі мәселелер бары белгілі. Дегенмен, басшылыққа алып,бағдар беретін негізгі заң өз әлеуетін әлі жоғалтқан жоқ. Мәселе оның орындалуына қатысты болуға тиіс.
Сондықтан, Қазақстанның әл-ауқаты мен тұрақтылығының, демократиялық жолмен дамуының іргетасы болған Конституцияны құрметтеу және оны сақтау-әрбір азаматтың борышы.Еліміздің тұрақтылығы мен тыныштығының кепілі - Конституция.
Қазақстан Республикасының Конституциясы қоғамдық тіршілік тынысын реттеуші және қазақ халқын басқа мемлекеттерден қалмай биік шыңға жетелеуші және ол шынайы демократиялық құжат екеніне көзіміз жеткен секілді.Еліміз Конституцияға бағынғанда ғана ол бізге қызымет ететіндігін ұғынуымыз қажет. ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. А.С. Ибраева, Н.С. Ибраев Теория государства и права: учебное пособие.- Алматы, «Жеті жарғы», 2003, - 65-71стр.
2. А.С. Ибраева Заң терминдерінің қазақша – орысша және орысша – қазақша қысаша түсіндірме сөздігі.- Алматы, «Жеті жарғы» 1996ж.
3. А. Жакупова «Конституция – основа развития государства» // Заң және заман.-2005ж. №9-17б. ...