Жоспар
1. Алғашқы қауым өнері 3
2. Мысыр өнері 6
3. Ассирия ,Эгей өнері 9
4. Грек классикалық өнері 12
5. Архаика өнері. 15
6. Эллинизм өнері. 17
7. Рим өнері. 19
8. Қайта өрлеу мәдениеті 23
9. Орыс өнер тарихы.. 25
10. Қазақ бейнелеу өнері 27
2. Мысыр өнері
... Орта патшалық өнердің аса тамаша ескеткіші – Мәякеудегі бейнелеу өнері мұражайында сақтаулы тұрған ақсүйек Хуненің құлпытасы.
Ақсүйектің өзі мен әйелі сол жақ төменгі қанатты бедерлеп бейнеленген. Канон бойынша олардың беттері мен аяқтары – қырыннан, кеуделері – алдыңғы жағынан берілген, сонымен бірге екеуінің отырысындағы салтанаттық олардың бет-жүзінің, қолдары мен табандарының паралельдігінен туған әлдебір екпінді ырғақпен ұшталады. Ал, олардың бейнесінің үстіңгі жағы мен қарама-қарсысына осы ерлі-зайыптыларға бөлінгеннен үш есе үлкен алаңға тұтас толтыра салынған құстар, жыландар, жатқан өгізлер, отырған адамдар, жемістер, өсімдіктер, сызықшалар, сызықтар, геометриялық фигуралар бейнеленген. Иероглифтерді оқи білетіндерге жол-жолымен өлгендерді көмген кезде оларға не құрбан етілсе, соның бәрін қоса көрсететін діни мәтін жазылған. Мысыр мемлекеті құлағаннан кейін мүлде ұмыт қалған осы жазулардың мағынасын тек өткен ғасырда ғана француз ғалымы Шампольон ашқан болатын.
Ежелгі Мысырдың бейнелеу өнерінің едәір кейін жасалған ғажап туындысы – атақты перғауын Тутанхамон мен оның әйелі /Қобдиша қақпағы бетіндегі бедер, б.з.д. ХІІ ғ. Кар/. Бұл патша мазарынан табылған ағаш қобдиша қақпағының бетіндегі түрлі түсті бояумен ойылып боялған бедер. Аруаққа табынуға араналған көркем өнер. Бұл бедер б.з.б. ХІV ғасырдың бастапқы кезі, жаңа патшалық дәуіріне жатады.
Патша болған ерлі-зайыптылардың бұл бейнесі ақсүйек Хуненнің құлпытасынан VІ-VІІ ғасыр кейін жасалған, ал ақсүйек Тиді мадақтайтын бедерден мың жыл астам уақыт, перғауын Нармердің тақтасынан екі мың жылдан астам уақыт бөліп тұр. Бәрібір сол өмір сұлулығын мәңгі есте қалдырып, ажалды жеңудің баяғы қайсар да асқақ арманы көрініс тапқан. Тағы да сол стиль. Сол идея және сол стиль мысырлық өнерде Тутанхамоннан кейін де Мысыр дәуірлеп тұрған кезде сақталды. Бір мемлекетте сол бір қоғамдық құрылыс, сол дін, өнер сан мыңдаған жылдарға созылды.
Жаңа патшалықтағы мазар қобдишасын әсемдеген бедерде алдыңғы тарихи дәуірлердегі Мысыр өнеріне белгісіз, сұлулық таңбасы бар. Патша мен ханым өте жас. Олардың бейнесінен жастықтың жалыны алаулып тұр. Бір қолымен жіңішке асаға сүйенген патша екінші қолын әйелі ұсынған лотос шоғын алуға созған. Ханымның бет-жүзінде көркемдік пен әсемдіктің молдығы соншалық, тіпті «әмірші» деп аталатын осы бір нәзік ханымға, осы бір періштедей ,ажап ерке қызға сүйсіне қараймыз.
Патша мен патша ханымның қырым пішіндері, олардың қолдары мен иықтары сызықтарымен салынған. Бірақ бұл арадағы сызықтары бейнелердің негізі ғана емес, тек нұсқа ғана. ...
5. Архаика өнері.
... Мүсіншілердің шығармашылық мүдделері б.з.б. VI ғасырдың өзінде айқындалған архаикалық өнердің екі негізі бейнесін жасау – жалаңаш жігіт пен ұзын киімге оралған әйелді мүсіндеу.
Б.з.б. VI ғасырда Аттика шеберлері өнердің тамаша туындыларын жасады. Осы тұста Афины Элладаның аса маңызды қолөнерлік және сауда қалаларының біріне айналды.
Афинының экономикалық және мәдени өрлеуіне б.з.б. 560 жылы өкіметі басып алып, қаланы 30 жылдан астам уақыт басқарған Писистрит тираниясы едәуір жәрежеде ықпал жасады.
Писистрат заманынан бастап Афины грек мәдениетінің орталығына айналды. Тиран қалаға аса көрнекті суретшілер мен ақындарды тарта бастады.
Жыл сайын екі рет көктем мен күзде халық үшін шарап құдайы Дионистің құрметіне көңілді мереке ұйымдастырылды. Сөйтіп театр өнері қалыптасты.
Кемел кезеңіне жеткен архаикалық өнердің таңдаулы туындыларына б.з.б. VI ғасырдың екінші жартысындағы мүсіндер жасады.
Писистрат пен оның балаларының тираниясы заманында афиналық құл иеленушілердің нәзік эстетикалық талаптарына гректер қора деп атаған қыздардың тамаша бірнеше ондағаны табылды. Олардың көбісі б.з.б. VI ғасырдың екінші жартысына, Аттикада иониялық шеберлер жұмыс істеген кезге жатады. Б.з.б. 530 жыл шамасында парос мәрмәрінен қашалған. Шебер жүн матадан ұзын пеплос / лыпа / киімін, белін буынған қыздың қимылсыз қалпындағы кескінін бейнеленген.
Қыз басына сән берген қола шір сақталмаған, құлағында сырғасы болған, мүсінші мәрмәрда қыздың албыраған жүзін, қиықшалау, баданадай көз жанарын, қиғаш қасы мен сәл езу тарта жымиған ойлы күлкісін таңғажайып нәзіктікпен жеткізген.
Иониялық шеберлер жасаған коралар аттикалық мүсіндерден анағұрлым сезімтал, сәндірек сияқты.
Соңғы архаика кезеңінен жеткен азғана діни мүсіндердің үлгісі – Италияның оңтүстігіндегі грек отары Таренттен табылған мәрмәр тәңірия. Мүсінші кімді бейнелегенін айту қиын: Гера ма, Персефона ма, әлде Афродита ма, белгісіз.
Архаикалық дәуірдің монументтік өрнек өнері сақталған жоқ, Афины керамикасы афинылық экспорттың дәстүрлі өнімдері – май мен жүзім шарабы сияқты кең сұранымға ие болды, бүкіл грек әлеміне тарады. Б.з.б. VI ғасырдың орта шенінен V ғасырдың ортасына дейін, афиналық құмыралар басқа қалалардың бұйымдарын ығыстырып отырды.
Қара пішін стилінің аса ірі шебері - б.з.б. VI ғасырдың үшінші ширегіне жататын Эксекий болды.
Өз құмыраларына ол әдетте ″Эксекий жасады″ деп қол қоятын. Оның таңдаулы шығармаларының бірі – б.з.б. 540 жыл шамасында жасалған таңғажайып килик / шара /.
Эксекий ұнататын сюжеттер – Геракл ерліктері, грек аңызына айналаған жауынгер әйелдер. Амфоралардың бірінде суретші Ахилл мен оның досы Аякстың асық ойнап жатқанын бейнеленген.
Атфора тұтқасы мәнерлеп салынған жапырақтармен өрнектелген. Композициялық шешімі тамаша құрылған. Қызыл пішінді құмыра өрнегі б.з.б. VI ғасырдың соңғы үшінші бөлігінен бастап, VI ғасыр бойында дамыды. ...
10. Қазақ бейнелеу өнері
... Күмісші шебер алуан түрлі бұйымдар жасайтын. Бұлардың ішінде әйелдерге арналған әшекейлік бұйымдар, сыртқы киімнің түймелері, сәндік заттар, киіз үйдің керегесін, уық, шаңырағын, есік ернегін зерлеу, ағаш және былғары ыдыс-аяқтың, музыка аспаптарының әшекейлері, сонымен қатар қару-жарақ, ер-тұрманды әшекейлеу ерекше орын алады.
Осы аталған зергерлік бұйымдардың көптеген түрлері Қазақ Мемлекеттік өнер музейінің қорында бар. Бұл әшекей бұйымдардың көбі XVIII ғасырдың аяқ кезі мен XX ғасырдың басында жасалған.
Батыс Қазақстанда жасалған заттардың әшекейлері ауқымды, өрнегі ірі келеді. Солтүстік Қазақстан зергерлік бұйымдарының ерекшелігі - құрылымының күрделілігі, формаларының әсемдігі, салпыншақтарының көптігі және бұйымдарға анық, маржан, терезе, тағы басқа тастардан көз салу болып табылады.
Орталық және Шығыс Қазақстан шеберлерінің шығармалары қарапайымдылығымен, пішіндерінің айқындығымен, әшекейлеу стилінің ықшамдығымен ерекшеленеді.
Оңтүстік Қазақстанда жасалған бұйымдардың өзгешелігі - ою-өрнегінің, нақышының көптігі, әрі күрделілігі, сылдырмақ салпыншақтары мен алтын жалатқан бөлшектердің жиі қолданылатындығында.
Қазақ жерінде қолөнердің дамуы б.з.д. уақыттан дамығанын тарихтан білеміз. Жауынгерлердің сауыттары мен қаруларының шебер жасалуы сол кездегі қолөнершілердің жетістігін дәлелдейді. Жетісу сақтарының тамаша ескерткіштерінің бірі -Есік обасы болып табылады. Ол Алматының шығысында 50 шақырымдай жерде, Іле Алатауының баурайында. Обаның диаметрі - 60 м, биіктігі - 6 м. Топырақ үйіндісінің астында екі қабір бар - орталықтағы және бүйіріндегі. Орталық қабір тоналған, ал бүйіріндегі аман қалған. Ғалымдар еденнің мүрде жатқан бөлігіне уық алтын таналармен әсемделген мата төсеніштің жайылғанын анықтады. Ал төсеніштің үстінде басы құбылаға қаратылып, қару-жарағын таққан адам жерленген. Антропологтардың анықтауына жүгінсек жерленген адам 17-18 жастар шамасында, оның бойы- 165 см болған.
Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Әшекейлерде барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, құс бейнелері салынған. Мойнына тағылған алтын әшекейдің екі ұшында жолбарыстың басы бейнеленген.
Алтын адамның сол қолының жанында шиі алтындалған, алтын масақты оқ салынған. Осы арада сабы алтын таспамен оралған қамшы ,алтын жіппен кестеленген былғары қалта , ішінде қола айна мен бір кесек қына болған. ...