Доклад/Баяндама: 1627-1636 жылдардағы Маньчжур әскери жорықтары.Кореяның Маньжурлық Цин әулетіне бағынуы


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
История
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
10

Сізге осы жұмыстың 2 жолын таңдап сатып алуға болады:
1. сатып алу
2. ТЕГІН
ТЕГІН жұмыс істеу үшін Сіз келесі әректтер жасайсыз
1. ВКонтакте бетіндегі төменгі түймесін басыңыз, осы сайт туралы достарыңызға айтыңыз
2. Сіздің достарынызды қосу үшін (Бәздің мекен-жай - vk.com/nemax83)
3. Жұмысыңызды және бүлік жағарыда аталған қадамдарыңызды растайтын сілтеме туралы хабарламаны ВКонтакте бетіне жіберіңіз.
Оқуларыңызға Сәттілік !!!

 

Жоспар

Кіріспе. 3

1.XVII ғасыр басындағы Корея. 4

2.Маньчжурлықтардың Кореяға әскери жорығы.. 7

3.Кореяны «кішкентай Қытай» ретінде қарастыру құрылысының басы.. 10

 

2.Маньчжурлықтардың Кореяға әскери жорығы

 

... 1637жылы қаңтарда 120мыңдық маньчжур әскері Амноккан өзенінің солтүстік жағалау шекарасында шабуылға дайын тұрды.Маньчжур әскерін Тай-цзун патшаның өзі басқарып келе жатты.Олар арнайы 300 адамды саудагер ретінде киіндіріп Сеулға Корея патшасы Канхвадоға қашып кетпеуі үшін жіберді.

 

12-айдың 9-күні Цин әскері Амнокканнан мұзды басып өтті.Қолбасшы Лим Геноп әскерінің Пэнма қамалында қарсыласуына қарамастан,оңтүстік Сеул жаққа жылжыды.14-күні жау әскері Кэсонға,алдыңғы шеп Сеул аймағына жетіп қалды.Сол күні Инчжо патша өзінің отбасы мен ата-бабасынын еске алатын тақтайшаларды Канхвадо аралына аттандырып жібереді.Кешке өзі оңтүстік қақпа арқылы қашпақ болады.Бірақ ол жер жаудың атты әскерімен қоршауға алынған еді.Инчжо патша қасындағылар батыс қақпаға барып жауды айналдырғанда,Патша су шығатын тесік арқылы қашып құтылады.Тек кешкі сағат 10-да ғана 12000 әскері және 2 айға жетерлік азығы бар Намхан қамалына келеді.

 

Намхан қамалының әскері 1айдай ерлікпен қамалды бермеген соң,маньчжурлықтар алдымен Канхвадо аралын алмақ болады.1-айдың 21 –і келген маньчжурлықтар,корей әскеріне қарамастан аралды оңай жаулап алды.Ішінде патша отбасы мүшелері бар 200 тұтқын алған маньчжурлықтар Намхан қамалына бет алады.Намхан қамалының азығы таусылып,көп адамдар бейбім келіссөз жүргізуін сұрайды.1-айдың 30-күні Инчжо патша өзінің жеңілгенін мойындап,тақмұрагері екеуі шығып,Тай-цзун патшаға бас иеді.Және Кореяның Цинге тәуелділігін мойындайды.

 

Осылай Корея Цинмен бейбітшілік орнатып,Корея Циннің сюзеринеттігін мойындайды.Тақмұрагері мен басқа ханзадалар Цин еліне елші ретінде баруға міндетті болып,Корея Цинге жылына алтын және 20 құнды тауарлар жіберіп тұруға тиіс болады.

 

Цин мемлекетінен жеңілгеніне қарамастан,кәрістер өз мемлекеттерінің жабайы маньчжур мемлекетіне бағынып,заңды Мин әулетімен қарым-қатынас үзгенін мойындағысы келмеді.Бірақ 1644жылы маньчжурлар Пекинді басып алып,Корея тағы да 100 жыл бұрынғыдай Қытайға бағынышты болып қалды.Тек бұрынғы қиыр шығыстың мәдени орталығы емес,жабайылар басқарған Қытайға бағынды.

   

3.Кореяны «кішкентай Қытай» ретінде қарастыру құрылысының басы 

 

... Оның ойынша,ежелгі Корея тарихы мифтердің жиынтығы емес,шынымен болған оқиға.Осылай Корея тарихы да Қытайдікі секілді ежелден бері келе жатыр деген ой қалыптасады.Екіншіден, Хо Мактың ойынша ежелде жабайы және Орта мемлекет деп бөлу қолайсыз болған.Оған қоса Конфуцийдің өзі де «жабайы халықтардың» салт жораларын үйренген.

 

Айта кететін жайт ,маньчжурлық кезеңдегі барлық кәріс ғалымдарының ойы бір жерден шықпайды.Мысалы, 1711жылы  «Корея тарихынан маңызды жиынтықтар» еңбегін жазып бітірген  Лим Сандок (1683-1719) Корея тарихы біріккен Силла кезеңінен басталады деп ойлайды.

 

Корея үшін XVII ғасыр қоғамдық ой мен идеология жағынан ғана емес,қоғамдық және экономикалық  даму жағынан да күрт өзгеріске толы болды.Бұл Корея үшін ортағасыр мен жаңа заманның шекаралық ғасыры болды. ...