МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ. 3
1. Д.А. ҚОНАЕВ ЖӘНЕ ЗАМАН ХАТ МӘСЕЛЕСІНІҢ МӘН – МАЗМҰНЫ.. 8
1.1 Д.А. Қонаевтың қоғамдық - саяси қызметі 8
1.2 Д.А. Қонаев еңбектерінің тарихи дереккөздері ретіндегі маңызы.. 20
2. ҚОНАЕВ ЗАМАН ХАТТАРЫ КЕҢЕСТІК ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНЫҢ ДЕРЕКТЕРІ 39
2.1 Заманхаттар республиканың экономикалық және мәдени дамуы жағдайының дереккөздері ретінде. 39
2.2 Д.А.Қонаев заманхаттарында Кеңестік Қазақстанның әлеуметтік-саяси жағдайдың көрініс табуы.. 48
ҚОРЫТЫНДЫ.. 61
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 63
ҚОСЫМШАЛАР. 66
1. Д.А. ҚОНАЕВ ЖӘНЕ ЗАМАНХАТ МӘСЕЛЕСІНІҢ МӘН – МАЗМҰНЫ
1.2 Д.А. Қонаев еңбектерінің тарихи дереккөздері ретіндегі маңызы
... 1941 жылы 22 қазанда қаланың техникалық интеллигенциясының конференциясы өткізіліп, онда Қонаев, завод басқармасының дирекоры Немешаев, энергобасқарма директоры Клименко, «Алтайқұрылыстың» бас инженері Кензерскилердің «Отан соғысы жағдайындағы кәсіпорындар мен қүрылыстың жұмыс жағдайлары» жайлы басндамалары тыңдалады. Кейінірек ең алдымен жергілікті артынан республикалық баспасөзде қорғасын заводы ұжымының «Қазақстан өнеркәсібінің барлық резервтерін жұмыс жағдайына келтіреміз» деген тақырыпта ашық хаты жарияланады. Бұл жоспарды мерзімнен бұрын орындауда үлкен оль атқарғандығын естеліктен білдік. Майдан жұмысшылары мен инженерлерден жаңа күшті талап еткендігі белгілі. Соған мойымай олар барлық күш-жігерін аянбай еңбек етті [1, 89 б.].
Қонаевтың заманхаттарында ондаған, жүздеген инженерлер жайлы баяндауға болар еді, себебі ешбір кітапта, диссертацияларда олар жайлы ашып жазылмайтындығын айтады. Себебі олардың жасаған идеялары, ойлары күн сайын емес, сағат сайын өндіріске енгізіліп, шыңдалғандығын еске алады. Мысалы инженерлер А. Прохоров пен Г. Сыразутдинов мұрағат құжаттарын ақтара отырып, патша өкіметі тұсында кенді игеру қазіргі кезеңге қарағанда тиянақты жүргізілмегендігін тұтас кен орындарын қазу барысында кен өндіруді (1941-1942 жж.) 140 пайызға жеткендігі жайында деректерде келтіреді [1, 91 б.].
Соғыс жылдарында «Барлығы майдан үшін, барлығы жеңіс үшін» ұраны уақыт талабына айналып, кеншілер ерен еңбегін аямағандығын адам ойламаған қиындықтардың барлығын ұжыммен бірге жеңе білгендігін «жоқ», «болмайды» деген сөздерді айтуға болмайтындығын «қажет болса істейміз» деген ұран принципке айналғандығын саралады. Лениногорлықтар соғыс жылдарында шығарылған он оқтың тоғызы Қазақстан қорғасынынан, оның ішінде Лениногор қорғасынынан жасалғандығын мақтаныш сезімімен айтуға толық негізі бар.
1941 жылдың соңында бас инженер Вербицкий басқа қызметке ауысуына байланысты, оның орнына бас инженер етіп өндірістік тәжірибесі мол Новиковты сайлайды. Қонаевтың өзі кейін қызметін ауыстырып кеткен соң, бес күннен кейін оның қайғылы қазаға ұшырағанын еске алады [1, 93 б.].
1942 жылы Қазақстан КП(б) Орталық комитетінің ҚазақКСР түсті металлургия кәсіпорындарында рационализаторлық пен өнертапқыштық қозғалысты дамыту туралы арнайы қаулысы қабылданады. Онда «...Лениногор кенішінің бұрынғы директоры Сиразутдинов ұсынған кен жынысын қазудың жаңа тәсілі бұрғышылардың еңбек өнімділігін екі еседен аса арттырып, өнімнің өзіндік құнын 35 пайызға кемітті» деп атап көрсетеді.
Д.А. Қонаев өз заманында болған оқиғалардан дерек беріп, ол жайлы жеке көзқарасын білдірелді. Заманхатта Қонаев өмірлік іс-тәжірибесінен өз заманы, замандастыр жайлы құнды мәліметтерді береді. Мемлекет және қоғамқайраткері Д.А. Қонаев заманхаттарының инженер-техникалық интеллигенция жайлы тарихи деректік маңыздылығы ерекше.
2. ҚОНАЕВ ЗАМАНХАТТАРЫ КЕҢЕСТІК ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНЫҢ ДЕРЕКТЕРІ
2.2 Д.А.Қонаев заманхаттарында Кеңестік Қазақстанның әлеуметтік-саяси жағдайдың көрініс табуы
... Кенеттен ауыл шаруашылығында да өзара экономикалық байланыстардың жылдар бойына опырылып құлауы орын алды. Соңында ауыл шаруашылығына қажетті материалдар оның ішінде жанармай, техника, сонымен қатар қажетті қосымша жабдықтар беру біржолата тоқтатылды. Мұнда келеңсiз салдарлар айтылмады. Өндірісте ең алдымен егiн шаруашылығының өнімдері, ет және сүт өнімдері кенет азайды. Қарап отырсақ, қарапайым бұрынғы позицияға қайтудың өзі қаншама күш пен уақытты талап етеді. Экономикалық анархия халықтың өмір сүру деңгейін айтпағанда, жаңартылған демократияны түбірімен жойып жіберу қаупін тудырды. Сонымен қатар жақында ең ұлы, бай, құдiреттi деген Еуразия елi статистика бойынша қарасақ, құрамында төрт бесінші тұрғынның өзі қайыршылық жағдайына түсіпті. Және де ең қорқыныштысы дейді, - Д.А. Қонаев, өспелі жүріп жатқан процесстің сонымен қатар идеялық белгілер мен бағдарлардың жоғалып кетіп жатқанын айтып өтеді.
Сонымен қатар өнеркәсiптiк тауарлардың өндiрiсiнің ұлғаюы және ауылшаруашылық өнiмнiң ұлғаюы да орынына тек қана коммерция түрінде ғана мадақтала бастады. Бiз тез арада сапасы төмен өнеркәсiптiк тауарларының өткiзу нарығына, сонымен қатар көптеген арақ-шарап пен шет елдердің темекі өнімдерімен айналысатын елге айналып кеттiк. Ашықтан-ашық спекуляцияның жүгенсiздiгiнің арқасында "Бизнес" сөзі тығылып жатқан еді, бірақ өздерін аздап цивилизацияланған деп есептейді, мұндай жабайы кәсiпкерлiктің бiрде-бір елде де болмағандығын айтуымызға болады.
Д.А. Қонаев шетелдiк инвестициялардың барлық дәмелері, бұл экономикалық хаос шарттарындағы қоқан-лоққының мөлдiр суы, - деп қана жазады. Мұндай жағдайда «Батыс немесе Шығыс көмектеседі-ау» деген түрлi түстi тоқмейiлсу дегенді әлдеқашан аяқтау керек. Ең алдымен барлық мәселеде өзіңе сенім арту қажет, олар күш бізде бар және олар аз да емес, содан кейін барып «импорт». Егер бiз бұрынғы жасаған басқару схемаларын қалпына келтiрмесек, "нарық механизмі" бізге күткендей ешқандай пайда бермейді. «Совхоздар және колхоздардың қысқартуынан, олардың аяқ астына жойылып кетуінен өмірдің өзі сақтандырады» - дегенді Д.А. Қонаев ерекше ескертеді. Материалдық-техникалық жабдықтау мәселесінің жойылуының позитивтi шешiмiне, сонымен қатар аздаған техникаға қызығып, жаңадан фермер шаруашылықтарын жасаумен шұғылдану ол демек, бiле тұра оларды банкротқа душар ету, бiрақ сонда да, ақыл-оймен ойлап қарасақ, бізде бәрібір де аттың алдына арбаны қоюға тырысады.
Келешекте жалпыға бірдей бағытты таңдай отырып, «Көрші отырған Қытайдың тәжірибесін менсінбеудің қажеті жоқ», - деп санайды, Д.А. Қонаев. Барлығына мәлім болғандай, ол жақтағы салыстырмалы түрде жасалған экономикалық реформа нәтижелі жүргізілді, және де барлық позитивтi процесстер коммунистiк партияның басқаруымен өттi». Әрине, Швеция, Оңтүстiк Корея, Жапония, Түркия елдері табысты қоғамды дамытуда жасаған тәжiрибесi біздер үшiн өте пайдалы екендігі айдан анық.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Қонаев Д. Өтті дәурен осылай. – Алматы, 1992.
2. Қонаев Д. Ақиқаттан аттауға болмайды. – Алматы, 1994.
3. Атабаев Қ., Қадыртаева М. Деректанудың теориялық мәселелері: Оқу құралы.– Алматы: Қазақ университеті, 1999. ...