Курсовая работа: Информатика пәнін оқытудың дидактикалық принциптері


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Информационные системы и технологии
Тип работы:
Курсовые работы
Количество страниц:
28

ЖОСПАР

 

Кіріспе. 3

1 Информатика пәнін оқыту әдістемесі 6

2 Информатиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі 12

3  Технологияның мәндік сипаты.. 16

4 Информатика пәнін оқытудағы дидактикалық принцптер. 19

Қорытынды.. 27

Пайдаланылған әдебиеттер. 29

 

 

2 Информатиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі

 

 ... Ал жоғарыда көрсетілген әдістердің барлығы бір бірімен ұштастырылса, жас жеткіншектердің компьютерлік сауатты, әрі компьютерлік мәдениетті болып өсуіне жол ашады. Ғылым мен техниканың жылдан жылға кең өріс алып, жедел қарқынмен дамуы, білімнің негізі болып табылатын – бастауыш мектепке де өз әсерін тигізуде.

 

Сондықтан бастауыш білім жүйесіне басты мақсат - әрбір оқушыны информатика ғылымының алғашқы фундаментальді білім негіздерімен таныстыру, өз бетімен жұмысын арттыру мен шығармашылық қабілеттерін дамытуда жаңа ақпараттық технологияны пайдалану және оның тиімді әдістемесін ұсыну. Сонымен қатар, оларды информатика пәнін мектепте оқытатын басқа пәндермен үйлестіре отырып түпкілікті және саналы түрде меңгеруге қажетті дағдылармен қамтамасыз ету болып табылады.

 

Жаңа ақпараттық технологияның басты тиімділігі – бұл мұғалімге бастауыштағы оқу үрдісінің құрылымын түбегейлі өзгерту, оқытудағы пәнаралық байланысты күшейте отырып, оқушылардың дүниетанымын кеңейтуге және жеке қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасауы. Сонымен қатар, жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі – бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз-өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жеңістіктерінен ләззат алуға мүмкіндік беруі.

 

Информатика пәні 1- ші сыныптан бастап енгізілгенмен, оны әртүрлі әдістермен оқытып, осы пәнге деген бала қызығушылығын арттыратын түрлі оқыту бағдарламалары, әсіресе қазақ мектептері үшін өте тапшы. Сондықтан бастауыш сынып оқушыларына информатика сабағын жүргізудің тиімді жолдарын қарастырып, оны нақты материалдармен теориялық және практикалық жағынан байыта түсу – бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

 

Қазiргi кезеңде бiлiм берудегi ақпараттық және коммуникациялық технологиялар информатика мұғалiмдерiнiң бiлiктiлiгiн көтеру мен қайта даярлауда ерекше роль атқарады. Компьютерлік техниканың дидактикалык, мұмкіндіктерін педагогикалық мақсаттарға пайдалану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту әдістері мен формаларын жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді. Оның , оқыту үрдісінде даралап және топтап, оқыту тәсілдерінде, өзіндік танымдық зерттеу жұмыстарын жүргізуге зор мүмкіндіктер жасайтындығы дәлелденген. Бірақ, бүгінгі таңда информатика элементтерін пәнаралық байланыс негізінде оқытудың қажеттілігі мен оны оқу үрдісінде жүргізуте тиімді оқу-әдістемелік құралдардың, оқыту бағдарламаларының жеткілікті дәрежеде болмауының арасында қайшылық бар. ...

  

 

3  Технологияның мәндік сипаты

 

 

... Бүгінгі таңда ғылымдардың жұмыстары негізінде (Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев және т.б.) тұлғаның психикалық қасиетін дамыту саласында оқыту мақсаттарының диагностикалық тапсырмаларына мүмкіндіктер жасалған. Сондай жетекші қасиеттерінің бірі болып оқу материалдарының мазмұнын саналы түрде меңгеру және оларды іс-әрекетте пайдалану саналады. Меңгерген нәрсені санамен қабылдау – білім мен әрекетті меңгерудегі құрғақ жаттандылыққа қарсы тұратын оқытудың басты мақсатының бірі. Іс-әрекеттің жалпы құрылымындағы адамның бақылау және түзету операцияларын орындау сапасы меңгерген оқу материалдарын саналы түрде ой елегінен өткізу дәрежесіне байланысты.

 

Компьютерлік технологияны оқушыларға меңгертуде оқыту  әдістерінің (сөздік көрнекілік, практикалық, білімді қабылдау, білім мен іс-әрекетті бекіту, білім мен іс-әрекетті тексеру әдістері, білім, іскерлік шығармашылық қабілеттерді игеру әдістері, репродуктивтік, индуктивтік әдістер және т.б.), сабақ түрінде берілетін оқыту формаларының (дәстүрлі, дәстүрлі емес сабақ типтері, үйірмелер, факультативтер, олимпиадалар, конференциялар, жарыстар, шығармашылық көріністер және т.б.), оқыту құралдарының (тікелей, айналмалы байланыстағы құрал; талдау, бағалау және шешім қабылдау; белгілеу, көру, есту, ескеру және т.б.) рөлі ерекше. Біз оларды оқыту процесін құру барысында эскиздік жоба жасауда тірек етеміз.

 

Оқытуда дидактикалық бағыттағы педагогикалық бағдарламалық құралдарды да (оқыту; дидактикалық - тестілік, жаттығу, иммитациялық, модельдік қолданбалы және аспаптық бағдарламалар) тәжірибелі – эксперимент жұмысы барысында пайдаланамыз. Олардың нәтижесі диссертатцияда жан-жақты мазмұндалады.

 

Әдетте, оқыту технологиясы әдістеменің енгізінде құралған оқытуға қарағанда, бірнеше өзіндік ерекшелікткрге ие. Оларға диагностикалық (еске түсірілетін ) және операциялық тұрғыда мақсат қоя білу, мақсатқа жетуді бақылаудың шынайы әдістері, оқушының оқу- танымдық іс-әрекетінің жобасы (оқыту мазмұны және процесінің құрылымы), алгоритмдік тұрғыда белгіленген оқыту процесі кезеңдерінің бірізділігі жатады.

 

Білім беру технологиясының маңызды ерекшелігі болып оқытуды ұйымдастыруды айтарлықтай жақсартуға, оқушылардың білім сапасын арттыруға, оқыту процесінің жекелеген бөліктерін таңдамалы түрде қайталаудыжүзеге асыруға, оқыту процесінің әлсіз компоненттерін анықтап жетілдіре түсуге мүмкіндік беретіе кері байланыс жүйесін қалыптастыру саналады. ...

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

1. «Информатика негіздері» ғылыми әдістемелік журнал

 

2. М.М. Безруких, С.П.Ефимова, «Знаете ли вы своего ученика?»

 

3. Е.Ы.Бидайбеков, Ж.К.Нұрбекова, А.Е. Сағымбаева. «Информатикаданьт оқушылардың білімін бақылау, бағалау» әдістемелік құрал – Алматы 2003ж ...