Курсовая работа: Кедейшілік-әлеуметтік проблема ретінде


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Экономическая теория
Тип работы:
Курсовые работы
Количество страниц:
27

ЖОСПАРЫ:

 

 

 

КІРІСПЕ. 3

1 БӨЛІМ. КЕДЕЙШІЛІК – МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕСІ 6

1.1 Кедейшілік және оның өлшемі 6

1.2 Кедейшілік - әлеуметтік-экономикалық категория ретінде. 10

2 БӨЛІМ.  ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КЕДЕЙШІЛІКТІҢ ОСЫ ЗАМАНҒЫ ЖАҒДАЙЫ   14

2.1 Қазақстандағы кедейшіліктің қазіргі жай-күйін талдау. 14

2.2 Қазақстандағы кедейлік мәселесі және оны шешу жолдары.. 19

ҚОРЫТЫНДЫ.. 26

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 28

 

 

1 БӨЛІМ. КЕДЕЙШІЛІК – МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕСІ

 

1.2 Кедейшілік - әлеуметтік-экономикалық категория ретінде

 

 

... Жалпы ел бойынша ауылдық кедейшіліктің себептері жұмыссыздықтың жоғары деңгейімен және халық табыстарының төмен деңгейімен шарттасылған. Жағдайды сондай-ақ демографиялық факторлар (асырауындағы адамдардың саны көп болатын отбасылардың үлкен саны) нашарлатады. Жұмысқа орналасу мүмкіндігі, әсіресе жастар үшін ауылда өте шектелген.

 

Халықтың төмен табыстарын назарға ала отырып, жеке қосалқы шаруашылық ауылдық жерлерде ерекше мінге ие болады. Ауылдағы жолдардың жартылай қираған жағдайы ауылдың экономикалық дамуын шектейді. Мектептер, ауруханалар, мәдениет пен спорт мекемелері санының қысқаруы ауыл тұрғындарының, әсіресе кедей адамдардың адами даму мүмкіндіктерін шектейді.

 

Ауылды дамытудағы мемлекеттік қолдау, қаржыландыру көлемдерінің артуы ауылдың экономикалық және әлеуметтік дамуына бағытталуы керек. Салқы салу саясаты ауыл шаруашылығының әр түрлі салаларының дамуы үшін қолайлы болуыға тиіс. Ауыл шаруашылық өнімдлерін мемлекеттік сатып алу жүйесін қайта қарау керек, ауыл тұрғындарының несиелерге, соның ішінде микронесиелеуге қолжеткізу үшін, әсіресе ауыл шаруашылық өнімдерінің өзіндік құнын төмендету мақсатында оның өндірушілері үшін жағдайлар жасау керек. Кеңес беру, зоотехникалық, агрономиялық, маркетингтік және ақпараттық қызметтерді ұсыну қажет.

 

Кедейшілік деңгейін төмендетуге бағытталған стратегияларды жүзеге асыру керектігі туындауда.

 

Кедейшілік деңгейін тиімді төмендету үшін маңызды алғышарттар болып мемлекеттік органдарының үйлестірілген күштері мен олардың арасында функцияларды қатаң тарату саналады.

 

Мемлекет пен қоса кедейшілік мәселелерін шешуде үлкен рөл азаматтық қоғам ұйымдарына, соның ішінде ғылыми-зерттеу институттар, үкіметтік емес және діни ұйымдарға беріледі. Маңызды рөлге әлеуметтік диалог пен кәсіподақтардың дамуы ие болады: әлеуметтік және еңбек қатынастары кәсіподақтар, жұмыс берушілер мен мемлекетпен шешілуге тиіс. Бұқаралық ақпарат құралдары есеп беру мен айқындылығын жоғарылату, сондай-ақ адамдардың өміріне ықпал тигізетін саяси шешімдерді қабылдауда қоғамдастықтың қатысуын қамтамасыз ету құралына айналу керек. Несиелер мен техникалық көмек түріндегі донорлық көмек қаржылық базаның нығаюына, азаматтық қоғам әлеуетінің нығаюына және кедейшілікпен күресу облысында халықаралық тәжірибемен алмасуға жағдай жасайды.

 

Халықтың жергілікті деңгейдегі әлеуметтік мобильдігі, жергілікті бастаманың дамуы және өзіндік көмек топтарының құрылуы да кедейшілік мәселелерін шешуде және Қазақстан халқының өмір сүру деңгейі мен сапасын жоғарылатуда маңызды рөл атқарады.

 

 

2 БӨЛІМ.  ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КЕДЕЙШІЛІКТІҢ ОСЫ ЗАМАНҒЫ ЖАҒДАЙЫ

 

2.1 Қазақстандағы кедейшіліктің қазіргі жай-күйін талдау

 

 

... Ауылда денсаулық сақтау мен бiлiм берудiң базалық әлеуметтiк қызметтерiне қол жеткiзу деңгейi бойынша ахуал күрделi күйiнде қалып отыр; шаруашылық iшiндегi жолдарды, коммуникацияларды күтiп ұстау нашарлап кеттi, халықтың көшi-қоны етек алды.

 

Ауыл шаруашылығының өндiрiс құралдарын, энергоресурстар және материалдар берушi аралас салаларға экономикалық тәуелдiлiгi, ауыл шаруашылығы өнiмiн өңдеу, оны сақтау және тасымалдау базасының дамымауы, салада кiрiстiң төмен болуына байланысты инвестициялар салудың тартымсыздығы ауылдық жердегi халықтың кедейлiгiне әсер етуде.

 

Қолайсыз экологиялық ахуал халықтың кедей топтарының тұрмысына едәуiр әсерiн тигiзуде. Осындай негiзгi факторлар ретiнде судың, ауаның ластануын, шөлейттенудi атауға болады.

 

Сумен жабдықтау проблемасы мен кедейлiк бiр-бiрімен өзара байланысты. Қазақстанның көптеген облыстарында халық қауіпсіз ауыз сумен жеткiлiктi мөлшерде қамтамасыз етілмеген. Ауыл халқын ауыз сумен қамтамасыз етудiң орташа республикалық көрсеткішінің жыл сайынғы төмендеуi 3,5%-ға жетiп отыр, бұл халық денсаулығына, атап айтқанда жұқпалы аурулардың, тырысқақ, сүзек, A вирусты гепатитiнiң таралуы салдарынан келеңсіз әсер етуде.

 

Атмосфералық ауаның ластануы халық арасында аурулардың таралуына зор әсер ететiн қауiптi факторлардың қатарына жатады. Мысалы, мұнай өндiрiлетiн аудандарда ілеспе газды жалындатып жағу, күкiрттi ашық ауада сақтау орын алуда. Жекелеген аудандарда қалдық қоймаларының радиоактивтiк және уытты қалдықтары тозаңданып, шаң болып ауаға ұшып жатыр. Арал теңiзi өңiрлерiнде тартылған теңiз түбiнен уытты тұздар ауаға көтерiлiп, адамдар мен жануарлардың денсаулығына керi әсерiн тигiзiп отыр, сондай-ақ су мен топырақты ластауда.

 

Қазақстанның кең-байтақ аумағы әскери полигондар қызметiнен және ғарыш техникасын ұшырудан зардап шектi. Семей ядролық сынақ полигонында өткiзiлген ядролық жарылыстар салдарынан сәуле ауруына ұшырағандар саны жарты миллион адамға жеттi, 2 миллион гектарға жуық ауылшаруашылық жерi радиоактивтiк ластануға ұшырады.

 

Екiншi қайтара тұздану, шөлейттену салдарынан егiстiк жерлер құнарлылығының төмендеуi халықтың тұрмыс деңгейiне, өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығына және жалпы түсiмiне, мал басына және мал шаруашылығының өнiмдiлiгiне керi ықпал ететiн бiрқатар экономикалық проблемалар туғызуда. Санитариялық-экологиялық жағдайлардың нашарлауы өз кезегiнде халықтың еңбек және зияткерлiк әлеуетiн төмендетедi.

 

Кедейлiк халықты табиғи ресурстарды жөн-жосықсыз пайдалануға мәжбүр етуде. Көмiр, газ, электр қуатын сатып алуға қаражаты жоқ халық сексеуiлдердi, тоғайларды, қалқанды орман белдеулерiн жаппай кесуде. Киiк және басқа да тұяқты жануарларға қатысты қаскер аңшылық етек алуда. Ауылдың кедей халқы көбiнесе тозған және мардымсыз суарылатын жерлерде шаруашылық жүргiзуге мәжбүр және агрохимиялық және ирригациялық іс-шаралар мен pecуpc үнемдейтiн технологияларды пайдалануға мүмкiндiктерi жоқ.

 

Облыстардың әлеуметтiк және экономикалық даму деңгейлерiндегi айырмашылықтарды қысқарту арқылы тұрмыс деңгейiндегi өңiраралық теңсiздiктi кемiту кедейлiктi азайтудың маңызды факторы болып табылады, ол үшiн: ...

 

 

 

1 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

 1. 1999 жылғы 16 қарашадағы «Қазақстан Республикасындағы күнкөріс минимумы туралы» Заң

 

 2. 2001 жылғы 17 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заң

 

 3. ҚР Үкіметінің 2000 жылғы 8 сәуірдегі «Кедейшілік шегін анықтау тәртібі туралы» №537 Қаулысы

 

 4. ҚР Президентінің 1998 жылғы 28 қаңтардағы «2030 жылға дейінгі Қазақстанның даму Стратегиясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» №3834 Жарлығы ...