Сізге осы жұмыстың 2 жолын таңдап сатып алуға болады:
1. сатып алу
2. ТЕГІН
ТЕГІН жұмыс істеу үшін Сіз келесі әректтер жасайсыз
1. ВКонтакте бетіндегі төменгі түймесін басыңыз, осы сайт туралы достарыңызға айтыңыз
2. Сіздің достарынызды қосу үшін (Бәздің мекен-жай - vk.com/nemax83)
3. Жұмысыңызды және бүлік жағарыда аталған қадамдарыңызды растайтын сілтеме туралы хабарламаны ВКонтакте бетіне жіберіңіз.
Оқуларыңызға Сәттілік !!!
Жоспар
Кіріспе. 3
1. Графика. 4
2. Живопись. 5
3. Жанды бейне. 6
4. Мүсін. 6
5. Сәулет өнері 7
6. Бейнелеу өнерінің жанрлары. 8
7. Дизайн. 9
2. Живопись
Живопись- қағаз, тақтай, картон, кенеп бетіне әр түрлі бояумен орындалатын шығарма.
Живопись бейнелеу өнерінің кең дамыған түрі болып саналады.Живопись орындалу тәсіліне, бояу түрлеріне байланысты бірнеше топқа бөлінеді.
Станокты живопись – белгілі қағазда, картонда, кенепте, тұғыр (станок) үстінде орындалатын живопись
Монументальды живопись – белгілі сарай, ғимараттардың іші- сыртын безендіру үшін қолданылатын живопись. Роспись,мозаика, фреска, т.б.
Миниатюралық живопись – кітап мазмұнына байланысты шағын көлемді материалда орындалатын сурет. Негізінен кітап көркемдеуде басты орын алады.
3. Жанды бейне
Бейнелеу өнері түрлерінің ішінен жанды бейне көрермендер арасында барыншатанымал.Егер мүсін өнері –көлемді денелерді графика –қағазда салынған ақ қара түстер арқылы көрсетілсе жанды бейне өз көркрмнедеріне ешқандай түсініктемесіз –ақ түсінікті.Жанды бейне –бүкіл майлы бояулармен жасалған және кергішке салынғаен біз мұражайда қызықиайтын картиналар ғана емес .Жанды бейне ұғымы кең ,әрі сан алуан техниканы қамтиды.Мысалы:темперамен,гуашьпен,акварельмен,пастельмен сангинамен салынады.Сонымен қатар жартылай гравюра –жанды бейне де бар.
Мұның бәрі станоктык, яғни станокте жасалатын жанды бейне. Мономенттік жанды бейне де болады.Оның үлгілерін біз ескі ғимараттардың қабырғаларынан көреміз.Мұндай жанды бейне арнайы техникада әк «сүтіне аралыстырылған бояулар мен жаңа сылақ бетінде жиі жасалады(Фреска).Мүлдем бояусыз істелетін өзінше ерекшелігі бар монументтік жанды бейне де бар Бейне түрі материалдардың алуан түсті кесектерінен жасалады (.Мозайка). Сондай- ақ «жарықтанатын» жанды бейне –шыныдан жасалған картинадан өтіп ,түрлі-түсті жарық түсіретін шығарма да болады (витраж)
4. Мүсін
Мүсін, яғни «скульптура» латынша /sculptura/ сөзі алғашқыда қатты материалдардан фигураларды қашап жасауды, шекуді мүсін жасауды білдірген.Кеңінен пішіндеу арқылы жасалған щығармалар да осы ұғымен білдірген.
Мүсіннің басқа бейнелеу өнері түрлерінен айырмашылығы сол,онйһың басты әсерлік құралы аймақтық форма.Мұның өзі оны жасаған кезде ағаш металл тас сияқты ұзақ сақталатын иатериалдарды пайдалануға мүмкіндік береді.Түрлі халықтар мен дәуірлердің толып жатқанг мүсіндік шығармалары бізге дейін жетті. Ежелгі Мысырдың,Үндістан мен Американың мүсіндері мен барельефтері кеңінен мәлім.Антикалық Грекия аса көрнекті мүсіншілер – Фидийдің, Мирон мен Поликлеттің мәңгі өшпейтін шығармаларын әлемге тарту етті.
Мүсін жұмыр / оны барлық жағынан қарауға болады/ және бедерлі болып келеді.Жұмыр мүсінде адамды бейнелеи отырып тек маскамен, яғни бетпен,баспен ғана шектеліп қала алады.Басты иықпен бірге кеудеге дейіе мүсіндеу кеуіт болып табылады.Адамды беліне дейін бейнелеу жартылай фигура, ал бүкіл бойымен бейнелеу мүсінше деп аталады.Көпфигуралы композиция мүсіндік топ немесе ансамбль деп аталады.
Рельеф - тек бір жағынан қарағанда жақсы көрінетін, жазық беттегі мүсіндік бейне.Рельеф екі түрге бөлінеді фигуралар фонның жазықтығынан өз көлемінің жартысынан аз шығып тұрса, барельеф деп, ал фигуралар жартысынан көбірек шығып тұрса ол горельеф деп аталады.
Мүсін шығармалары жанды бейнедегі сияқты, станокты және монументі –сәндік болып ,-бөлінеді.Станокты шығармалар айналадағыларға тәуелсіз өмір сүреді, сондықтан түрлі жағдайлада қоюға болады. Монументі-сәндік шығармалар әдетте жеке ансамбльдің, алаңның немесе саябақтың сәулет композициясының құрамдас бөлігі болып табылады.
5. Сәулет өнері
Мүсін өнері әрқашанда пластикалық өнердің ішінде ең бастысы болып келеді.Ол дәуір идеясын мейлінше айқын білдірді және өз заманының басқа бейнелеу өнерінің мүсін мен жанды бейненің стилін анықтап отырды.Бұл әоі ұзақ жасайтын өнер: мысырлы пирамидалар немесе американ үндістеріінің ежелгі храмдары сан мыңдаған жылдар тұрып ,бізге дейін жетті.
Сонымен бірге ,сәулетті өнер ретінде қабылдау көбіне мүмкін емес сияқты көрінеді.Біріншіден, оның мүсін мен суреттерден айырмашылығы өте көп: ол ештеңені бейнелемейді және ештеңені суреттемейді.Екіншіден, біз сәулет ғимаратарында өмір сүреміз,оқимыз және жұмыс жасаймыз,барлық уақытта сәулет өнерінің арасында жүреміз,барлық уақытта сәулет өнерінің арасында жүреміз.Сәулет – бұл адам қызметінің ерекще түрі,мұнда техника мен өнер ,пайда мен әсемдік бірге өрілген.
Сондықтан да сәулет тікелей ештенені бейнелемегенімен және суреттемегеннімен бейнелеу өнерінің барлық түрлерінің ішінде мейлінше әсерлі біздің сезімімізге әсер етуге мейлінше қабілетті өнер болып табылды.
Дарынды сәулетші жасаған ғимаратта, әрбір құрылыста өзіндік бет- бейне бар, оған ерекше көңіл күй берілген.
Сәулет негізі үш түрге бөлінеді.Бірінші-көлемді құрылыстар сәулеті.Бұған тұрғызылған үйлер,қоғамдық орындар жатады.
Екінші түрі- ландшафты сәулет.Ол негізінен демалыс орындарының құрылыстарымен байланысты.Бұған скверлер,сонымен қатар сәнді орындықтар, фонтандары бар саябақтар жатады.
Сәулеттің үшінші түрі –қала құрылысы.Бұларға жаңадан қалалар мен ауылдар салу немесе қала аудандарын өзгерту жұмыстары жатады. ...