Курсовая работа: Бейнелеу сауаттылығының негіздері


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Педагогика, Искусствоведение
Тип работы:
Курсовые работы
Количество страниц:
19

Жоспар

 

 

 

 

1. Сурет салу жабдықтары және олармен жұмыс. 3

2. Сурет салу сауаттылығына үйрету. 4

3. Сызықтар мен штрихтар жүргізу тәсілі 4

4. Перомен сурет салу. 5

5. Темпера. 7

6. Заттардың пропорциясын байқау. 10

7. Жарық, көлеңке заңдылықтары. 12

8. Эскиз және нобай орындау. 13

9. Перспектива. 14

10. Композиция. 15

11. Натюрморт және оны бейнелеу. 16

12.  Адамның бейнесін салу. 17

13. Батик, коллаж, оригами өнері туралы. 19

 

 

3. Сызықтар мен штрихтар жүргізу тәсілі

 

 

...  Штрихтардың басқа сызықтардан (сызба сызықтарынан) айырмашылығы - мұның кеңістік сипаттары көбірек. Мәселен, сызықтар деп өзіндік дербес мәні бар ұзын сызықтарды айтсақ, ал штрих - қысқа сызық, әрі ол басқа штрихтармен бірлестікте ғана белгілі бір мәнге ие бола алады. Басқаша айтқанда, сызықтар пішіннің шекараларын белгілеп, олардың сұлбасын (контур) жасаса, ал штрихтар тобы пішінге өң-рең береді. Сөйтіп, жеңіл, болар-болмас көрінетін сызықтардың көмегімен болашақ жалпы пішін, қимыл-қозғалыс, кеңістік беріледі.

 

Штрихтарды оңға, солға немесе төмен (өзіңе қарай) сызуға болады, ал қарындаштың ұшын жоғары қарай (өзінен әрі қарай) жүргізуге болмайды.

 

Егер штрих сызығы дұрыс жүргізілмеген болса, оны өшірмей-ақ дәл сол жанынан екінші сызық жүргізген дұрыс. Сонда жіңішке жүргізілген алғашқы дәл емес штрих сызықтары суретке қарағанда көзге түспейді де, сурет           салынып біткенде ол сызықтар көрінбей қалады.

 

Штрихтар мен нәрсенің түрін, жарық пен көлеңкені, нәрселердің рең-бояуындағы үйлесімін, қандай материалдардан жасалғанын, суреттегі түрліше көлеңкелерді, түсер қатынасын қарындашпен бірқатар штрихтар жаcay арқылы көрсетуге болады.

Сонымен, штрих дегеніміз - суретке салынатын заттың объектісін, яғни, оның сурет салушыдан қанша кашықтықта тұрғандығын, қандай материалдан жасалғандығын және сыртқы түсін белгілейтін сызық.

Штрихтың қоюлығы мен жиілігі, бағыты нәрсенің нендей материалдан істелгендігі мен оның бетінің өзіне тән ерекшелігін көрсететіндей болуы керек. ...

 

 

7. Жарық, көлеңке заңдылықтары.

 

 

...  Бейнеленетін объектілердің жарық түсіріп тұрған жағы жарық деп, ал екінші қарама-қарсы жағы көлеңке деп аталады. Заттың жарық көзінен сәулелер түспейтін жақтары  меншікті көлеңке деп аталады.  Жарық түсіп тұрған  заттан екінші заттың бетіне  түсетін көлеңкені түспе көлеңке деп атайды.    Жарықтан  көлеңкеге ауысар жері  шала көлеңке деп атайды. Мөлдір нәрселерге жарықтың   тікелей түсіп, шағылған бөлігі жылт деп атайды.

 

Меншікті көлеңкенің жарықтау жерлерінде рефлекстер болады. Бұлар жақын тұрған заттардан шағылысқан сәулелердің меншікті көлеңке түсуінен пайда болады.

 

Жылтыр немесе мөлдір заттардың бетіне түскен өте ақшыл дақтарын көру қиын емес. Бұл- заттың өзіне түскен сәулелерді ең көп шағылыстыратын жері.

 

Бұл дақтар заттардың дөңес және ойыс бетінде, сондай-ақ олардың қырларында көбірек байқалады.

 

Бейнелеу барысында заттың қай бөліктеріне жарық түсіп тұрғанын  дұрыс ажырату үшін жарық сәулелерінің бағытын анықтап алудың маңызы зор.

 

Суретте жарық пен көлеңке өң арқылы беріледі. Өңнің қоюлығы  не бәсеңді заттың  көлеңке лері мен оған түскен жарықтың  арасындағы қатынастарыға сәйкес болып шығуы тиіс.

 

Түстердің және жарық  пен көлеңкенің үйлесімін берген кезде ақшыл нәрседегі көлеңке қара нәрседегі жарықтан ашағырақ болатынын есте ұстаған жөн. Өңі берілетін суреттер ді саоғанда өңдер қатысын салыстырып, анықтап алу керек.

 

Суретте салғанда ең алдымен заттың жарық түсіп тұрған бөлігіндегі ең жарық нүктені, көлеңке түсіп тұрған бөлігіндегі  ең жарық нүктені, көлеңке түсіп тұрған бөлігіндегі ең күңгірт жерді тауып алуға тырысу керек,әлбеттерефлексті де ұмытып  кетуге болмайды. Суреті салынатын нәрсенің жарық тісіп тұрған бөлігі рефлекстен әрдайым жарығырақ болуы тиіс.

 

Көлемді пішінді салғанда оған түскен жарықты, ақ дақты, жарытылай өңді, көлеңке мен рефлексті таба білу міндетті шарт екендігі әрдайым есте болу керек.

 

Жарық пен көлеңке арасындағы айқын қарама-қарсылық контраст деп аталады. Заттар бақылаушыға неғұрлым жақын тұрса, жарық түсіп тұрған беті мен көлеңке арасындағы контраст соғұрлым күңгірттеу болады. Сондықтан алдыңғы контраст соғұрлым күңгірттеу болады.

 

Жарық пен көлеңкені дұрыс түсіру арқылы  нәрсенің көлемін дәл беру, сурреті салынып отырған заттың жарық жерлер мен күңгірт жерлерінің қатынасына зер салып қарауды қажет етеді. Жарық пен көлеңкеі нәрсенің негізгі пішіндерімен  бір мезгілде белгілеген жөн.  ...

 

 

 

10. Композиция.

 

 

 

Композиция  (латын тілінде “құрастыру”, “тәртіпке келтіру” деген мағынаны білдіреді)- шығарманың құрылысы, оның негізгі бөлшектерінің орналасуы, оқиғалар баяндау реті. Суретшінің қолында композиция-көркем құрал. Ол композиция арқылы кейіпкерлердің мінез-құлқын, іс-әрекетін ашып бейнелеп отырған өмір құбылыстарын өз түсінігінше жеткізіп көрсетеді.

 

Композиция шығарманың құрылымы тұрғысынан мазмұнның неғұрлым айқын, нанымды, әсерлі шығуына жағдай жасайды.

 

Қарапайым тілмен айтқанда көркем шығарманың ішкі құрылысы толып жатқан бөлшектерден тұрса, композиция сол бөлшектерді өзара құрастырып, біртұтас етеді. Жұмысты бастар кезде композицияның орны ереше, ал қалған салалары соған байланыстылығын ұмытпаған жөн. Сондықтан да суретші, нақ нұсқаны қойып, өз орнын белгілеген соң , салынар суретті қағаз бетіне қалайша әсерлі орналастыруды ойластырады.

 

Композицияның негізгі талабы-шығарманың көркемдік бірілігін табу. Шығарма авторы сурет, кескіндеме, роман, пьеса, симфония, т.б. болсын, солардың жекелеген бөліктерін біріктіріп , тұтас бір әсер беретіндей ету немесе әр қилы дүниелерден ортақ бір коппозициялық ойға бағындырылған шығарма жасау. Бұл үшін суретші алдымн композицияның ортақ нүктесін табу керек. Композияның қалған бөліктерін соған байланысты құрады.

 

Композициялық орталықты қандай тәсілімен анықтау әр суретшінің өз қалауы. Кейде кейбір картинаның шебер де нәзік орындалғаны сондай композициялық орталықты табу оңай түспейді. Ешқашанда да картинаның композиция орталығын оның геометриялық орталығымен топтастыруға болмайды. Көп жағдайда сәйкес келмеді де. Сондай-ақ  композициялық орталық тақырыптық орталықпен  де қабыса бермейді. Ал  геометриялық, композициялық, тақырыптық орталықтардың бір жерден шығуы сирек құбылыс.  Мұндай қабылысудың классикалық үлгісінен  мысал келтірейік.

 

ХVI ғасырда Италияда әлемнің ұлы суретшісі Леонардо да Винчи өмір сүріп, жұмыс істеді. Бірнеше жылдар бойы ол “Құпия кеш” атты үлкен картина –фреска жасаумен айналысты.

 

Композиция суретші үшін  негізгі мақсат емес екенін ескеру қажет, өйткені композицияның негізгі мұраты-суретшінің идеялық ойын көрсету. Осында композициялық құрылымының түйіскен жері ғана емес, сонымен қатар, шығарманың   композициялық құрылымының түйіскен жері ғана емес, сонымен қатар, шығарма мазмұнын анық көрсетуге қызмет етуі керек.

 

Композицияның өрнектелу күші композициялық орталық бір уақытта тақырыптық орталық болған кезде арта түспек.

 

Сонымен, қандай да тақырыпты суреттің компоновкасын бастау, оның композициялық орталығын табудан басталатынын қайталап айтамыз.

 

Суреттегі денелердің көлемі, пішіні және орналасуы, композициялық орталық деп  саналатын заттың немесе тұлғаның  көлеміне, пішіні және орналасуы көп тәуелді. Бұл тәуелдікті композициялық ырғақ деп аталады. Бейнелеу өнеріндегі композициялық ырғақ, музыкалық шығармадағы ырғаққа ұқсас, әрі пайда болған дыбыс, өзінен бұрынғы дыбыстың табиғи  жалғасы.

 

Суреттегі композициялық ырғақ композициялық ырғақ композициялық орталықтың басқа бөліктерімен арасындағы байланысқа  ғана  емес, сол бөліктерінің бір-бірімен байланысына тәуелді.