Құқықтық нормаларды қолдану үшін оның мазмұнын азаматтар, бірлестіктер, органдар жақсы білу керек. Егерде қоғамның құқықтық сана-сезімі төменгі дәрежеде болса, нормативтік актілер дұрыс қолданылмайды, заңсыздыққа жол береді. Құқық нормаларының маңызды ерекшеліктерінің бірі – олардың жалпылама қиялдық (абстрактылы) сипаты. Бұл нормаларды қолдану барысында нақтыландыру, талқылау, түсінік беру қажеттігі туады.
Сондықтан, мемлекеттік органдар жаңа құжатты бекітсе қабылдаса оған жан-жақты түсінік беріп отырады. Түсінік берудің негізгі мақсаты – жаңа норманы халық оқып, біліп сол арқылы оның дұрыс қолдануын, іске асуын қамтамасыз ету. Түсінік бергенде норманың өмірге келу себебі, оның қолдану тәсілі, жолдары, ондағы құқық пен міндеттердің орындалуы, жауапкершіктің түрлері көрсетіледі.
Құқықтық нормаларға түсінік берудің екі бағыты болады: біріншісі –жеке адамдардың норманы өздері оқып, білуін қамтамасыз ету; екіншісі – үгіт, насихат арқылы халыққа жаңа норманың мазмұнын, мақсатын түсіндіру. Түсінік беретін мемлекеттік органдардың қызметкерлері өте сауатты, тәжірибелері мол болу керек. Сонда ғана олар түсінікті жоғары дәрежеде бере алады.
Құқықтық нормаларға түсінік берудің тәсілдері:
1. Грамматикалық (филологиялық) түсінік беру – нормалардың, оның сөйлемдерінің, мазмұнының құрылуын тексеру, гипотеза, диспозиция, санкцияны анықтау.
2. Жүйелік талқылау – нормаларды жүйе-жүйеге, сала-салаға бөліп, салыстырмалы түрде түсінік. беру. Негізгі заңды анықтау, қосалқы нормаларды салыстыру. Мысалы: жол ережесін бұзуда қандай негізгі норма, қандай қосалқы нормалар бар соны жан-жақты оқып, түсініп барып қолдану керек.
3. Саяси-тарихи талқылау – норманың өмірге келуінің уақыты, ол кездегі саясаттың мазмұны оның алдына қойған мүдде-мақсаты. Оның бәрі жан-жақты талқыланып, қорытынды жасалу керек.
4. Логикалық талқылау өте күрделі, өте дұрыс қорытынды беретін тәсіл. Түсінік берудің барлық тәсілдерінің нәтижелерін біріктіріп қорытынды жасау.
Құқыққа түсінік беру субъектілері: Конституциялық кеңес, жоғарғы соттың Пленумы, нормативтік актілер шығаратын мемлекеттік органдар, заңгерлер, ғылыми ұйымдар мен ғылыми қызметкерлер...