Жоспар
Кіріспе. 2
I БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН САЯСИ ӨМІРІНДЕГІ ОРНЫ МЕН РӨЛІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ.. 6
1.1 Баспасөз. 6
1.2 Телевидение. 16
1.3 Радио. 19
II БАҚ-НЫҢ ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӨЗЕКТІ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯСЫ 22
Қорытынды.. 35
Қолданылған әдебиеттер тізімі 38
I БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН САЯСИ ӨМІРІНДЕГІ ОРНЫ МЕН РӨЛІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
1.3 Радио
... Дегенмен де дәл қазіргі таңда жоғарыда аталған радиоарналар өз кезегінде де мемлекеттік жағдайларға байланысты саяси-әлеуметтік жаңалықтарды орыс тілінде халық назарына ұсынып отыр. Қазақ тіліндегі, яғни мемлекеттік тілдегі хабарлар 10-15 пайздан аспайды. Бірақ та нарық талабына сай коммерциялық радионың жұмыс істеуіне де ешкім қарсы емес.
Ал, Қазақ радиосы республикадағы бірден-бір аумағы кең және ақпараттық форматтағы радиоарна болып табылады. Негізінен, бұл радио ақпарат құралдарының ішінде ерекше мәнге ие болып отыр. Ол біріншіден, бірден-бір мемлекеттік арна болып саналады, яғни басты мақсаты ақпараттық саладағы мемлекеттік ұстанымды тарату, насихаттау болып табылады. Радионың ғасырға тән уақытын мемлекетіміздің, халқымыздың болмысынан бөліп қарау еш мүмкін емес [10.30б].
Өзінің ақпарат құралы ретіндегі бастау жолында алғаш қазақша хабар таратқан күнне бері, осынау радио жылдар өте келе, бар күш-қуатын жинап, тәжірибесін арттырып, республика тыныс-тіршілігінің нағыз үніне айналды. Сөйтіп ақпарат қабылдайтын, өңдейтін, тарататын айтулы ұйым болды. Халық жүріп өткен кезеңдердің шежіресін үзбей баяндап отырды. Хабарларда еліміздің әр кездегі саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени өмірі жан-жақты қамтылып отырды. Соған орай хабар ұйымдастырудың құрылымдық жүйесі қалыптасты. Қазақстанда басқа радиостанса болмай тұрған заманда, сөйтіп Қазақ радиосы өзінің көшбасшылық сипатын қалыптастырады. Радиожанырлар мен пішіндер шығармашылық тұрғыда одан әрі дамытылып, соны публистикалық әдіс-тәсілдерге бастады. Ізденістер аясы кеңейіп, қызықты да мазмұнды аналитикалық хабарлар туындады [43].
Соңғы кезде Қазақ радиосының хабарларында Батыс “мәдениетінен” келетін проблемалар үнемі алға тартылып, дабыл қағып келеді. Ғаламдану процесінде ұлттық ерекшелікті жоғалтып алмау мәселесі хабарларда тілге тиек етіледі. Әлемдік өркениеттен қалмай, бірақ өз болмысымызды жоғалтпай өмір сүру – дәл бүгінгі өзекті жәйіт болып отырғаны бәрімізге де айдан анық болып отыр. Біздің тәуелсіздігіміздің басты бір белгісі де осы болса керек. Қазір алыс-жақын шетелге хабарлар таратылады. “Шалқар” бағдарламасы қайта ашылды.
Негізінен Қазақ радиосының жедел ақпарат орталығына күніне 200-ден аса әртүрлі электронды хаттар келіп түседі екен. Оның ішінде жаздыру жолымен алатын Қазақ ақпарат агенттігі “Интерфакс Қазақстан”, “Kazakstan Today”, “Қазақстан Пресс”, “Кода” ақпараттық агенттіктерінің, бірқатар министрліктер мен ведмостволардың баспасөз қызметінің хаттары бар. Сол сияқты Интернет арқылы күнделікті жаңалықтарға талдау жасау жүзеге асырылады. Соның қатарында, Си-Эн-Эн, Би-Би-Си, Ресей ақпарат агенттігі, ИТАР-ТАСС және т.б. бар.
Жалпы ұлттық ақпаратты кеңістік бүгінде Алматы мен Астанадан қалыптасуда. Оның негізгі өлшемдеріне ең алдымен күнделікті “Егемен Қазақстан”, “Казахстанская правда”, “Жас Алаш”, “Экспресс-К”, “Заң газеті”, “Время” және апталық “Новое поколение”, “Деловая неделя”, “Ана тілі”, “Қазақ әдебиеті”, “Қазақ елі”, “Түркістан”, “Караван”, “Панарома”, “Начнем с понедельника”, “XXI-века” жатады. Журналдарға, жалпы республикалық мағынасы барлар – “Континент”, “Простор”, “Ақиқат”, “Мысль”, “Жалын”, “Жұлдыз” ал, электронды БАҚ-на “Қазақстан”, “Хабар”, “КТК”, “НТК”, “Еврапа плюс Казахстан”, “NS” жатады.
II БАҚ-НЫҢ ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӨЗЕКТІ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯСЫ
... Кез-келген саяси жүйе қоғамға басшылық саласында өз міндетін алдымен айқындап,оны нормативті тұрғыдан нығайтып отырады. Өйткені баспасөзсіз тікелей және кері байланысты жүзеге асыруы мүмкін емес. Тоталитарлық тәртіп тұсында “Билік – баспасөз – халық ”бірыңғай жоғарыдан төменге дейін әмір беретін әкімшілік сипатта болды.
Ал демократиялық қоғамда керісінше, халық билікке баспасөз арқылы ықпал етеді. Өз кезегінде мемлекет бұқаралық ақпарат құралдар арқылы өз нұсқауларын халыққа жеткізіп отырады. Яғни байланыс төменнен жоғарыға қарай және жоғарыдан төменге қарай өзара пайдалы тұрғыда өрістейді. Қазақстан бұқаралық ақпарат құралдарының тарихында әсіресе тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында, баспасөзді саяси үрдіске тікелей араластыру белең алды. Мұндай жағдай “Караван” газеті мен КТК телеарнасынан жиі ұшырасты. Тіпті өз бетімен саяси ойын жүргізуге тырысушылық та байқалды. Билік үшін баспасөздің бұл әрекеті күтпеген жағдай болды. Тәжірибесі аз сол кездегі оппозициядағы газеттердің кей нөмерлерін мемлекеттік баспадан басып шығаруға тыйым салу сияқты келеңсіздіктер кездесті. Бүгінде Қазақстан ақпарат өрісінде бұрынғы “Караван” газетінің журналистер ұжымы құрылтайшылық етіп отырған “Время” апталығынан осындай саяси ойындардың нышаны байқалып қалады [18.148б].
Бұқаралық ақпарат құралдардың маңызды міндеті қоғамдық және азаматтық келісімінің кіндік ошағы болып, Қазақстан патриотизмін қалыптастыру, әрбір адамның мәдени деңгейін көтеру. Қоғамдық сұхбат, өзара бәтуа арқылы жұртты партиялар мен қозғалыстардың бағдарламаларымен таныстырып қана қоймай, бүкіл қоғамның тұтасуына ықпал ету де кезек күттірмейтін міндет. Бұл үшін ақпарат құралдары бүкіл халықтың тыныштығын, өзара келісімін, тұрмыс дәрежесінің көтерілуін көздейтін идеяларды кеңінен насихаттап отыру керек. Бұрынғы кеңес кеңістігіндегі мемлекетерде соның ішінде Қазақстан Республикасында биліктің баспасөзге деген көзқарасы бірдей емес [52.25б].
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кітаптар:
- 1. К.С.Гаджиев. Политическая наука. М., 1995. 569б (252б)
- 2. Е.П.Прохоров. Введение в теорию журналист. М., 1995. 79б
- 3. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы. 1998. 10б
- 4. Н.Ә.Назарбаев. “Қазақстан-2030” Қазақстан халқына жолдауы. Алматы: Білім, 1997. 256б.
- 5. Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы. Алматы. 1992, 12б. ...