Мазмұны
І.Кіріспе. 2
І.тарау. Журналистиканың функциялары.. 5
1.1 Идеологиялық функция. 5
1.2 Тікелей ұйымдастырушылық функция. 9
1.3.Мәдени-ағартушылық функция. 14
1.4Жарнамалық-анықтамалық функция….16
1.5 Реакритивті функция. 22
ІІ.тарау Журналистика функциясының бүгінгі көзқарасы.. 25
Қорытынды.. 31
Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 37
І тарау Журналистиканың функциялары
1.3. Мәдени-ағартушылық функция
... Сөйтіп, өзінің көп жылғы тәжірибесінде басқа өнер салаларын насихаттап қана қойған жоқ, сонымен бірге жеке дара өмір сүре алатын қабілеттілігін, өзгелермен тең екендігін, шығармашылық әдіс-тәсілдерінің сан қырлы екендігін дәлелдеді.
Журналистика қай уақытта болмасын білім мен таным көзі, әлемдік мәдениеттің озық үлгілерін тарататын тиімді құрал. Сондықтан оның ағартушылық міндетін де назардан тыс қалдыра алмаймыз. Қазақ даласында жаппай сауаттылыққа жол салған, ұлттық інжу-маржандарымызды насихаттап, келешек ұрпаққа жеткізген радио екендігін, ұлттық кадрлар мен зиялы қауымның өсуіне ықпал еткен күш болғандығын ұмытпаймыз. Қазір де оның ағартушылық міндеті шексіз, әсіресе орталықтан алыс елді мекендерге кітаптар, газет-журналдар уақтылы жетпейді, телехабарлар тарамайды.
Көбіне, ойын-сауықтық хабарлар журналистика талаптарына толық жауап бере алмайды, сондықтан оның аралық сипатына назар аударамыз. Яғни, мұнда көпшілік мәдениет, шоу-бизнес, эстрада мен әзіл-сықақ театрлары элементтері басым түсіп жатады. Оны жүргізушілерден журналистік қабілеттен гөрі, әртістік және коммуникабельділік талап етіледі.
Міне, журналистиканың міндеттері сан қырлы екендігіне көз жеткіздік. Оның эстетикалық табиғаты да шексіз, шығармашылық мүмкіндіктері де мол.
1979 жылы В.В. Егоров пен В.Н.Ружников былай деп жазады: “...радио мен телевизия өнері ерекше жаңа түр ретінде барған сайын өзінің мол мүмкіндіктерін ашты. Олар өзге де өнер салаларымен бірге, халқымыздың рухани мәдениетінің молшылығы үшін белсенді араласып келеді. Газет, журналдардан айырмашылығы - телевизия мен радиохабары телефильмдер мен радиоспектакльдер - өнер шығармаларын жасау мүмкіндігі бар”[6]. ...
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
- 1. Омашев Н. Қазақ журналистикасы. 3-ші том. – Алматы, 2008.[ 112-116 бб]
- 2. Омашев Н. Радиожурналистика негіздері. – Алматы, 1983 [37 бет]
- 3. Сағымбеков Р. Алматыдан сөйлеп тұрмыз. – Алматы, 1979. [22-24 бб]
- 4. Қабылғазина К. Дәуір үні. – Алматы, 2002. [47-49 бб]
- 5. Основы радиовещания. – М., 1993. [128-140 бб] ...