Дипломная работа: Мектептерде география мен өлкетануды байланыстыра оқыту негіздері


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Педагогика
Тип работы:
Дипломные работы
Количество страниц:
63

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ.......................................................................................3

І БӨЛІМ. География сабағының тәрбие берудегі маңызы..................8

1.1. География сабағындағы білім мен тәрбие негіздері....................................8

1.2. Өлкетанудағы экологиялық білімнің маңызы..............................................13

ІІ БӨЛІМ. Өлкетану сабағында оқушыларды отансүйгіштікке

тәрбиелеу негіздері.........................................................................21

2.1. Білім берудегі өлкетанудың маңызы.............................................................21

2.2. Өлкетану сабағында оқушыларды отансүйгіштікке

тәрбиелеу негіздері................................................................................................31

2.3. Болашақ мұғалімдерді географиялық өлкетану жұмыстарына

кәсіби даярлау..............................................................................................38

2.4. Өлкетану мамандарын дайындаудың ерекшеліктері...................................48

ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................56

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................62

 

 

ІІ БӨЛІМ. Өлкетану сабағында оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу негіздері

 

 

 

... Сыныптағы ең қабілеті төмен деген оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатын көздедік және оған қол жетті деуге де болады. Мұндай оқушыларға ауыл ақсақалдарына барып қосымша материал жазып келу, суретін және мақала авторын тауып келу, әдебиеттер тізімін жасап келу, мақалаға аннотация жазу т.с.с жеңіл тапсырмалардан бастап беріп, олардың жауапкершіліктерін, ұқыптылықтарын, жақсы тұжырымдарын міндетті түрде атап өту арқылы көзқарастарды жағымды жаққа бұру көзделді. Нәтижесінде сыныптар арасында «біз өлкемізді жақсы білеміз, бұл деген үлкен табыс» деген пікірлер қалыптасты.

 

Бесінші бағыт-педагогикалық-психологиялық ықпал ету. Аталмыш бағыттың мақсаты оқушылардың елжандылық сезімдерінің дамуына педагогикалық – психологиялық жағымды әсер етуді көздеу. Мұнда «Бейтарап ақпарат», «Бітімгершілік», «Аяқталмаған тезис», «Қарсы дәйек» және т.б. амалдар мен әдістерді қолдандық.

 

Алтыншы бағыт-шығармашылық қабілеттерін дамыту. Бұл бағытта оқушыларды зерттеушілік жұмыстарға баулу, танымы мен шығармашылығын дамыту арқылы азаматтық ұстанымын қалыптастыру көзделді. Шығармашылық жұмыс эвристикалық қиялдау бағытымен тығыз байланысты іске асырылды. Мәселен, «егер Ұлы Отан соғысы болмағанда, еліміздің дамуы қандай деңгейде болар еді?», «Осыдан жүз жыл бұрынғы Алматы облысы мен бүгінгі Алматы облысы», т.б. Біз негізінен өлкетану материалдарын пайдалана отырып оқушылар бойында елжандылық қасиеттерді қалыптастыруды басты назарда ұстадық. Өйткені, елжандылық тәрбиенің басты әдіснамалық ұстанымы әр оқушының өзінің кіші Отанын тануында болып отыр.

 

Мұражайға бармас бұрын оқушылар олар туралы әдеби кітаптар оқу, жергілікті ақындардың өлеңдерін жаттату, викторина сұрақтарына жауап бергізу арқылы «Кім көп біледі?» деген жарыс өткізу, реферат жаздыру, пікірталасын ұйымдастыру іс-шаралары жүргізілді. Сөйтіп, оқушылардың бойында өз өлкесінің тарихын терең білуге деген құмарлығы артып, мақтаныш сезім ұялады.

 

Жетінші бағыт-сауықтыру, шынықтыру бағыты халықтық спорттық ойындарды үйреніп, оның шығу тарихын зерттеуге баулу, өз өлкесінен шыққан спорт шеберлерінің өмірі мен шығармашылығын таныту арқылы өлкесін, спортты сүюге тәрбиелеу.

 

Сегізінші бағыт-экологиялық бағыты. Ол өз өлкесінің табиғатына деген сүйіспеншілік қалыптастыру, оны ластаудан және жойылып кетуден сақтау, өлкенің экологиялық жағдайын зерттеу, оны жақсарту жолдарын іздету арқылы өлкесіне деген сүйіспеншілігін арттыру көзделді.

 

Тоғызыншы бағыт-еңбек бағыты. Ол әр баланың бойына еңбек ету дағдыларын қалыптастыру, еңбек адамдарына құрметпен қарау, кәсіп түрлерін таңдауға бағдар беру, өлкедегі еңбек ардагерлерінің өмірі мен еңбектегі жетістіктерін үлгі-өнеге ете отырып, өз өлкесінің азаматтарына мақтаныш сезім туғызуға тәрбиелеу көзделді.

 

Оныншы бағыт-пәндік-білімдік бағыты. Ол география, тарих, биология, әдебиет, химия пәндерінен алған білімдеріне сүйене отырып, өз өлкесінің флорасын, фаунасын, жер байлықтарын, өндіріс орындарының табыстарын зерттеу арқылы елжандылыққа тәрбиелеу.

 

Он бірінші бағыт-отбасы бағыты. Ол өз ата-анасының, әулетінің өмірі мен шежіресін зерделей отырып, отбасын сүю, отбасы ересектерінің жетістіктерін мақтан тұту сезіміне тәрбиелеу көзделеді [11. 210-б].

 

 

2.2. Өлкетану сабағында оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу негіздері

 

Жоғарыда аталып өткен бағыттардың әрқайсысының атқаратын қызметін қорыта келіп, олардың бірінің оқушы бойына аңғарымпаздық, қиялдай білушілік, өмірге қызығушылық, психологиялық-педагогикалық қабілет-қасиеттерді дарытушылық, шығармашылыққа баулу әрекеттері көзделсе, сонымен бірге еңбекке баулу, салауатты өмір салтын сақтауға үйрету, табиғатты қорғауға баулуда әрі білімдік, әрі тәрбиелік, әрі дамытушылық қызметтер атқаратынын ескеруге тура келеді. Өлкетану жұмысының құрылымдық-ұйымдастырушылық және мазмұндық формалары жинақталып берілген. Эксперименттік байқаудың нәтижесін айқындау педагогикалық теориялық әдебиеттер бойынша үш деңгейде: жоғары, орташа және төмен деп анықталады. Жоғары деңгей барлық көрсеткіштердің талаптарына сай келуі тиіс. Орташа деңгей осы өлшемдік көрсеткіштердің жартысына сай немесе жартысынан біршама көбірек болуы керек. Ал төменгі деңгей айқындаушы көрсеткіштер талаптарына жауап бере алмаған жағдайда қолданылады. Өлшем көрсеткіштері үш сферада: бірінші танымдық-білімдік; екінші тәлімдік-мінез-құлықтық; үшінші мотивациялық немесе іс-әрекеттік көрсеткіштермен айқындалады.

 

Танымдық-білімдік көрсеткіш оқушының ұғымдарды түсініп меңгеруі, бағалап өзіндік көзқарасын білдіруі, теориялық білімін таныта білуі және оны іс-тәжірибеде қолдана білуі арқылы анықталады.

 

Тәлімдік немесе мінез – құлықтық іс-әрекет оқушының белгілі тәртіптерді сақтауынан, іс-әрекеттерді жүзеге асыруынан көрініс табады.

 

Ал мотивациялық көрсеткіш оқушының себеп-салдарлық жағдайды түсініп ажыратуы, істі атқаруға ынталы, ынтасыздығы, идеялардың орнықты немесе орнықсыздығы, эмоциялық әсердің тұрақты немесе тұрақсыздығы арқылы анықталады. Осы талаптарды ескере отырып, оқушы бойындағы елжандылық қасиетті айқындаудың көрсеткіштері мен өлшемдік деңгейлерін беріп отырмыз (3-сурет).

 

Біз сыныпта және сыныптан тыс тәрбие үрдісінде атқарылған эксперименттік іс-шаралардың нәтижесін сұрау-тесті, бақылау және шығармашылық іс-әрекеттер арқылы жоғарыдағы өлшемдер мен көрсеткіштер және деңгейлер негізінде айқындадық.

 

Оқушылар бойындағы елжандылық қасиеттердің төмен болуының басты себептерінің бірі – соңғы жылдардағы оқу-тәрбие үрдісіндегі оқытудың тәрбиеден алшақтауы болса, екіншіден оқулықтарды құрастырушы авторлардың сұрау-тапсырмаларды құрастырудағы біржақтылығы, яғни көркем текстің мазмұнын талдауға ғана көңіл бөліп, оның тәрбиелік жағына жете мән бермеулері деуге болады. Бұндай кемшіліктер қазақ әдебиеті пәні оқулығының көпшілігіне тән. ...

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1. Адам және қоғам мәдениеті.  Алматы. 2000 ж. Экология.

2. «Қазақстан мектебі» журналдар. 2000-2003 ж.ж.

3. Өсімдік – табиғат қазынасы. «Дидар» газет басылымдары. 2007-2008 ж.ж.

4. Экология және ана мен бала денсаулығы. 1991 ж.

5. География және табиғат. 2003-2008 ж.ж. ...