Курсовая работа: Сұраныс және ұсыныс заңдары


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Экономическая теория
Тип работы:
Курсовые работы
Количество страниц:
24

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ. 3

І. СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫСТЫҢ МӘНІ МЕН МОДЕЛІ 4

1.1. Сұраныс заңы. Сұраныс қисығы.. 4

1.2.Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы. 6

1.3. Нарықтың тепе-теңдік моделі. 9

ІІ. СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫС ИКЕМДІЛІГІ 12

2.1.Баға және табыс бойынша сұраныстың икемділігі. Сұраныстың айқас икемділігі. 12

2.2. Ұсыныс икемділігі. Ұсыныстың бағаға  байланысты икемділігі. 16

ІІІ. НАРЫҚТЫҚ МЕХАНИЗМДЕГІ СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫС.. 17

3.1.Сұраным мен ұсыным өндіруші мен тұтынушы арасындағы қатынастардың нарықтық түрі. 17

3.2. Жетілген бәсеке жағдайындағы сұраныс және ұсыныс механизмдері. 20

ҚОРЫТЫНДЫ.. 24

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР. 25

 

 

І. СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫСТЫҢ МӘНІ МЕН МОДЕЛІ

 

1.2.Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы.

 

 

... Кей жағдайларда ұсыныс қисық сызығы кері еңкішті болуы мүмкін: бағаның өсуіне қарай ұсыныс белгіленген деңгейге дейін өседі, ал оған жеткенде – қысқарады. (6 сурет). Қисық сызықтың мұндай пішіні ауысу әсерімен (А1 нүктесінен В нүктесіне дейінгі аралықтағы) және де табыс әсерінің кейінгі әрекетімен (А1 нүктесіне дейінгі аралықтағы) түсіндіріледі.

 

...........................

 

6 сурет. Ұсыныс қисық сызығының пішіні

 

 

 

Мысал ретінде еңбек нарығындағы ахуалды (жағдайды) келтіруге болады: күнделікті қажеттіліктерді қанағаттандыруға жеткілікті еңбекақының деңгейіне жеткеннен кейін, жалдамалы жұмысшы жалақының өсіруін талап етеді. Ауысу әсерінің әрекеті бос уақыттың баламалы құны – жалақының өсу жағдайында бос уақытты жұмыспен ауыстыруда тұрады. Табыс әсерінің әрекеті табыс өскен сайын жұмысшы көбірек бос уақытқа ие болуға тырысады. Бұл ахуалды біз келесі тақырыптарда толық және тыңғылықты қарастырамыз. 6 сурет. – ұсыныс қисық сызығының кері еңкіштігі. Ұсыныс қисық сызығы сонымен бірге уақытша аралықпен де себептелуі мүмкін. Ағымдағы кезеңде өндіріс факторларының бәрі тұрақты, өзгеріссіз тұрғанда, ұсыныс қисық сызығы тік болады. 

 

 

 

ІІІ. НАРЫҚТЫҚ МЕХАНИЗМДЕГІ СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫС

 

 

 

3.1.Сұраным мен ұсыным өндіруші мен тұтынушы арасындағы қатынастардың нарықтық түрі.

 

 

... Сұраныс қөлемі – сұранысқа әсер ететін басқа факторлар тұрақты деп ұйғарғандағы, әр түрлі бағамен сатып алынатын тауардың санын көрсетеді.

 

Кестеде берілген көрсеткіштерді координаттар осіне түсіріп бейнелеуге де болады. Бұл қисықты D әрпімен белгілеп, оны сұраныс қисығы деп атаймыз.Сұраныс қисығы зерттеліп отырған тауардың сатып алынатын бағасы мен оның сұраныс көлемінің арасындағы тәуелділікті көрсетеді. Егер баға 500-ден 600 теңгеге дейін жоғарыласа, онда сұраныс көлемі 5,5 кг-нан 5 кг-ға дейін төмендейді. Бағаның төмендеуі сұраныс көлемін көбейтеді. Сұраныс қисығы тауардың бағасы (Р) мен тұтынушылар қалап, сатып ала алатын тауарлар саны арасындағы тәуелділікті көрсетеді. Сұраныс заңы бойынша тауардың бағасы неғұрлым төмендеген сайын тұтынушының сатып алатын тауарларының саны көбейеді немесе керісінше. Бұл заң нақты ақиқаттармен дәлелденген гипотеза болып табылады. Мысалы:

 

1.Күнделікте өмірде адамдар тауарды төмен бағамен және көп мөлшерде алғысы келеді. Бірақ тауарларды сатып алу кезінде тұтынушыға ең басты кедергі болатын көрсеткіш – баға. Жоғары деңгейде баға сатып алушыға үлкен кедргі болады да, ол өнімді көп алғысы келмейді, ал төмен деңгейдегі баға оның сатып алу қабілетін күшейтеді.

 

2.Әр уақыттада тұтынушы өнімнің алғашқы бірлігінен көп қанағат алады. Мысалы, сіздің бірінші жеген бауырсағыңыз өте тәтті болып көрінеді, ал екіншісі оңдай тәтті болмайды, үшіншісі екіншіден де аз қанағат әкеледі. Бұл жағдайда тауардың шекті пайдалылығының азаю принципі тұтынуға әсер етеді. Сондықтан тұтынушы тауардың әрбір келесі бірлігін тек қана баға төмендеген жағдайда ғана алады.

 

3.Сұраныс заңын табыс әсері және ауыстыру тиімділігі арқылы түсіндіруге де болады.

 

Табыс қалай әсер етеді? Баға төмен болған жағдайда тұтынушы өзіне керек тауарды керегінше алады. Басқаша айтқанда, тауардың бағасының төмендеуі ақшалай табыстың сатып алу қабілетін күшейтеді, сондықтан тұтынушының өзіне қажетті тауарларын бұрынғыдан да көп сатып алуға шамасы келеді. Ал жоғары деңгейдегі баға керісінше әсер етеді.

 

Енді ауыстыру тиімділігі деген не? Тұтынушы кейбір қымбат тауарлардың орнына солардың орнын басатын, бірақ бағасы неғұрлым төменірек тауарлар алуға ынталанады – бұл жағдайды ауыстыру тиімділігі дейді.

 

Тұтынушылар көбінесе қымбат тағамдарды олардан арзандау тағамдармен ауыстыруға әрекет жасайды. Мысалы, сиыр етінің бағасы төмендесе, онда тұтынушының табысының сатып алу қабілеті күшейеді және соның арқасында ол еттің мөлшерін бұрынғыдан да көбірек ала алады (бұл табыс тиімділігі). Бағасы төмен болғандықтан сиыр етін қой, шошқа және тауық етінің орнына да алуға болады (бұл ауыстыру тиімділігі).Кейбір жағдайда тұтынушылардың табысы өскенде сұранысы азаятын тауарлар да болады. Мысалы, табысы көбйген уақытта тұтынушылар сарымай алады да, ал маргаринге деген сұраныс азаяды. Немесе табысы неғұрлым көбейген сайын тұтынушылардың аяқ киім жөндеу қызметіне деген сары май азаяды, себебі тұтынушы жөндеуге бергенше жаңа аяқ киім сатып алғанды қалайды. Бұндай тауарларды немесе қызметті төменгі сапалы тауарлар деп атайды. Бұндай тауарларға деген сұраныс табыс көбейсе де азайып, сұраныс қисығы солға қарай жылжиды. [7, 324 б] ...

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

 

 

 

 

 

 

 

  1.  1. «Экономикалық теория негіздері», Осипова Г.М. Алматы -2002ж.
  2. 2. «Қаржы-экономика сөздігі», Алматы – 2007ж.
  3. 3. «Қазақ инциклопедиясы», 10 – том.
  4. 4. «Экономикалық теория», Б. Төлебаева. Орал 2007. ...