Жоспар
КІРІСПЕ. 3
Ι-ТАРАУ. СҰРАНЫС ЖӘНЕ ҰСЫНЫС ЗАҢЫ. 5
1.1 Сұраныс және сұранысқа әсер ететін факторлар. Сұраныс заңы.. 5
1.2 Ұсыныс және ұсынысқа әсер ететін факторлар. Ұсыныс заңы.. 8
ΙΙ-ТАРАУ. СҰРАНЫС ЖӘНЕ ҰСЫНЫС ИКЕМДІЛІГІ. 11
2.1 Сұраныс пен ұсыныстың өзара байланысы . Тепе-теңдік баға. 11
2.2 Икемділік ұғымы. Баға және табыс бойыншы икемділік. 17
ҚОРЫТЫНДЫ.. 20
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР. 21
ΙΙ-ТАРАУ. СҰРАНЫС ЖӘНЕ ҰСЫНЫС ИКЕМДІЛІГІ.
2.1 Сұраныс пен ұсыныстың өзара байланысы . Тепе-теңдік баға
... Сұраныс пен ұсыныстың қисық сызығы рыноктың ойдағыдай көрінісі.
Енді сұраныс пен ұсынысға негізделген баға стратеиясын қарайық. Сұраныс – тұтынушыларға қажетті тауарлардың ақшалай сомасы түрінде көрінеді. Әдетте тұтынушылар тауарды арзандау сатып алуға, ал сатушылар оны қымбаттау сатуға тырысады. Бірақ нарықтық баға сұраныс бағасы деп алатын баға шамасынан жоғары көтерім алмайды. Сұраныс баға деп, сатып алушылар тауарды алуға келісетін шекті ең жоғарғы бағаны айтады. Сұраныс бағасы мен сатылатын өнімдердің санының арасында өзара байланыс болады: сатылатын өнімдердің саны неғұрлым аз болса, соғұрлым сатып алушылар оны жоғары бағалайды және оған көп сома беруге әзір, ал керісінше, сатылатын өнімдердің саны көп болса, соғұрлым сатып алушылар оны төмен бағалайды және оның сомасы ұлғаймайды . Егер сұраныс бағасы жоғары болса, сатып алушылар көп болмайды, ал сатылу көлемі шамалы ғана болады. Сұраныс бағасы төмендеген жағдайда тауар бойынша арзан болады, сатып алушылардың саны мен сатып алатын өнімнің көлемі өседі.
Енді нарықтағы жағдайды өндірушілердің,яғни сатушылардың тарапынан қарастырайық. Олардың бәрін ұсыныс біріктіреді: баға төмен сатушы аз тауар ұсынады, немесе тіпті оны ұстап қалад, ал баға жоғары болса - тауарды көбірек ұсынады, ал өте жоғары болса – тіпті сапаға қойылатын талапқа сай келмейтін кез-келген бұйымды өткізуге тырысады. Осылай ұсыныс бағасы, яғни сатушылар өздерінің тауарларын сатуға ынталы болатын шекті төменгі баға құрайды.
Көріп отырғанымыздай сұраныс пен ұсыныс барлық уақытта қозғалыста болады. Ол процесс бір жағынан тауарларға сұраныстың көлемі мен құрылымының, ал екінші жағынан, олардың ұсынысының көлемімен құрлымымен арасындағы жалпы және дербес сәйкестікті сипаттайды.
Баға тек қана экономикалық емес, сонымен бірге психологиялық факторлардың да әсерімен де қалыптасады. Мысалы бағаны белгілегенде нарықтық қатынастардың диллер, жабдықтаушылар, мемлекеттік органдар сияқты басқа да қатысушылардың реакциясын ескеру қажет. Дамыған нарықты экономикада сатушылар қолданып жүрген заңдылықтарды белгіленген баға қоюдан аулақ болу, бөлшек сауда бағасын ұстап тұру, баға дискриминациясына, кемсітушілігіне, алалауына жол бермеу, шекті ең аз бағадан төмен бағамен сату, алаяқтық мақсатта бағаны өсіру тағы басқаларын бұзбау керек.
Бәсеке негізіндегі нарықтық бағаны реттеуді қамтамасыз ету мүмкіндігі жақын уақытта өте шектелі болып отыр. Бізде қазірде бір тектес немесе ұқсас тауарлар және қызметтермен нарыққа шығатын бәсекелестер жоқтың қасы деуге болады. Тіпті меншіктің жаңа формаларын заңды түрде қабылдау – шын мәніндегі бәсекенің негізі болып табылатын жан-жақты дамыған кәсіпкерлікті автоматты түрде енгізе алмайды.
Мемлекеттік монополистік «еркін монополист» болуынан бәсекеге қажетті жағдай тумайды, ал тауар тапшылығын оның молшылығын жасау арқылы емес, тек қана «естен тандыру терапиясының» жәрдемімен ғана жоюы мүмкін болады. Сондықтан да нарықтан өтудің алғашқы кезеңінде бәсекеге негізгі бағыт бола алмайды. Осы нарықтық қатынастарының даму процессінің тереңдеуі және нарық инфрақұрылымын жасау барысында, яғни нарықтық экономиканың дамуының келесі кезеңдерінде ұстану қажет.
Баға белгілеудің жалпы бағытын таңдауда, өнім өткізу, тауар айналым көлемін ұлғайту үшін жаңа және шығарылып жатқан өнім бұйымдар мен қызметтерге бағаны анықтауда маркетингтің алатын орны зор. Қазіргі кезде жаңа бұйымдар мен қызметті нарықта тиімді өткізу үшін кәсіпорындарға бағаның негізгі алатын түрін қолдануға болады. ...
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
- 1. Пиндайк Р., Рубинфельд Д. Микроэкономика. – М.: Экономика, Дело, 1992..
- 2. Хайман Д1. .Н. Современная микроэкономика: анализ и применение. В 2-х т. Т. II. – М: Финансы и статистика, 1992. – 384 с.
- 3. Гальперин В.М., Игнатев С.М., Моргунов В.И. Микроэкономика. Т.2. – СПб. – 1998 г.
- 4. Экономическая теория. / А.И. Добрынина, Л.С. Тарасевича. Санк-Петербург – 2001г. ...