Курсовая работа: Экономикалық өсу


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Финансы, Экономическая теория, Қаржы
Тип работы:
Курсовые работы
Количество страниц:
24

Жоспар

 

 

 

 

КІРІСПЕ. 3

1 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ ЭКОНОМИКАНЫҢ БАСТЫ КАТЕГОРИЯСЫ РЕТІНДЕ  5

1.1 Экономикалық өсудiң эволюциясы.. 5

1.2 Экономикалық өсудiң  үлгілері мен  факторлары.. 7

1.3 Экономикалық өсудiң түрлерi және ғылыми-техникалық прогресс. 13

2 ДАМУШЫ ЕЛДЕРДЕГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫ.. 16

2.1 Дамушы елдердiң экономикалық өсуiнiң ерекшелiктерi мен мәселелерi   (Оңтүстiк Корея мысалында) 16

2.2 Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсу. 20

ҚОРЫТЫНДЫ.. 24

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР. 25

 

 

1 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ ЭКОНОМИКАНЫҢ БАСТЫ КАТЕГОРИЯСЫ РЕТІНДЕ

 

1.3 Экономикалық өсудiң түрлерi және ғылыми-техникалық прогресс

 

 

... Экономикалық эволюцияда көптеген ғалымдар тұжырымы бойынша олар техника – экономикалық зерттеуiнде инновациялық процесс туралы келесi әдiстемелiк негiздерiн ұсынды:

 

- экономикалық динамика мен экономикалық өсудi қозғаушы фактор инновациялық негiздегi бәсеке болып табылады;

 

- экономикалық дамуда бiлiм мен интелект басты рольде болуы керек;

 

- интелектуалдық қызметтi институционализациялау оның құрылымы мен негiзi болып табылады.

 

Қазiргi заманғы экономикалық теорияда экономикалық өсу факторларын негiзгi 4-ке бөледi :

- елде экономикалық ресурстардың өсуi;

 

- өндiрiстiң жаңа технологиялар арқылы қызмет iстеуi, ресурс шығындарын қысқартып және жылдық сол өнiмдi шығару;

 

- шектеулi ресурстарды тиiмдi бөлудiң әдiстерiн талдау;

 

- адамдардың денсаулығының, өмiр сүру деңгейiнiң өсуi.

 

Мұнда 1-шi әрекет экстенсивтi экономикалық өсуге жатса, ал 2 және 3 факторлар интенсивтi экономикалық өсуге, яғни инновациялық қызметке, 4-шi экономикалық емес фактор болып табылады.  

 

Экономикалық өсу сандық және сапалық өсуiне байланысты  интенсивтi және экстенсивтi  түрлерi болады.

 

Экстенцивтi түрiне:

 

- Технологияда инвестицияның артуы;

 

- Бос уақыты жоқ қызметкерлер санының артуы;

 

- Тұтынушы шикiзат көлемдерiнiң, материалдардың, сыртқы капиталдардың өсу қарқыны;

 

Интенцивтi факторларға:

 

- Ғылыми-техникалық прогрестi дамыту, яғни инновациялық дамудың жүзеге асуы; 

 

- Қызметкерлердiң мамандық деңгейiнiң жоғарылауы, бiлiм берудi дамыту;

 

- Негiзгi және сыртқы қорларды қолдануды жақсарту;

 

- Қызметкерлердiң бос уақытының өсуi.

 

Көрiп отырғандай елiмiз дамыған елдер қатарына қосылуы үшiн экономикалық өсудiң интенцивтi бағытының басымдырақ болуын қамтамасыз етуi керек. Елде осы саясатты қолдау үшiн оған тиiмдi жағдайлар жасауды мемлекет өзiне басты қызмет етiп алғаны дұрыс.

 

 

2 ДАМУШЫ ЕЛДЕРДЕГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫ

 

2.2 Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсу

 

 

... Қазақстанда жоғары сапалы болат пен арнаулы қорытпалардың қуатты саласын құру индустриялық-инновациялық дамудың басым бағыттарының бірі бола алады. Талдаулар көрсетіп отырғанындай, жаңа материалдардың пайда болуына қарамастан, әлемде болаттың беріктігі жоғары тат баспайтын, подшипниктік түрлеріне қажеттілі өсіп келеді, арнаулы қорытпалардың жаңа түрлері жасалуда. Халықаралық ұйымдардың болжамына қарағанда, таяудағы жылдары болат өнімдерін тұтыну арта түседі. Дұрыс есеп құрған жағдайда Қазақстан әлемдік болат рейтингінде қазіргіден 10-15 пункт жоғарылай алады.

 

Өз өнеркәсібінің көтеріліп жатқанына қарамастан Қазақстан темір, хром, марганец рудаларын үлкен көлемде сыртқа, нң алдымен Рессей зауыттарына жөнелтуді жалғастыруда. Республиканың елеулі резервтерінің бірі болат бұйымдар шығаруды, соның ішінде мырышпен қапталған болат шығаруды кеңейту болып табылады. Жалпы метеллургияның дамуы және арнаулы қорытпалар, жоғары сапалы болат пен олардан жасалған бұйымдар шығару республикаға 13-14 млрд. АҚШ долларынан астам табыс әкеле алады.

 

Әлем деңгейінде 215-ке жуық мемлекет бар екенін ескерсек, оның алдаңғы шептегі елеуінің санына қосылу біздер үшін бұл асқақ арман. Оған жету шебер басқару жүйесін, терең білімді, жоғары біліктілікті, жан-жақты дайындықты, қажымас еңбекті, үлкен ізденістерді талап етеді. Алдағы елдер біздер қатарына қосылсын деп күтіп тұрмайды. Сондықтан ад біздер осы арманға даму қарқынын жеделдетіп, уақыт ұтқанда ғана жетеміз.

 

1999-2004 Қазақстанның ішкі ұлттық өнімі 60% жуық өсті. өсу қарқыны жағынан біздер ТМД елдерінің алдына шықтық, ал Шығыс Еуропа елдерімен бір деңгейдеміз. Шама бойынша енді 2-3 жыл ішінде ұлттық ішкі өнім 2 есеге көбейеді, қуаты жағынан 1 Қазақстан 2 Қазақстан болады деген сөз. Бір кездері күрделі экономикалық реформалар жүргізген Оңтүстік Шығыс Азия елдеріне олардың ішкі жалпы өнімінің 2 есе өсуі үшін орта есеппен 12-13 жыл керек болған, біз осындай нәтижеге 8-9 жыл ішінде қол жеткіземіз деген үміттеміз. Яғни алған қарқын жақсы, осының арқасында алға кеткен елдермен ара қашықтықты азайтамыз деген жоьаның негізі бар. Бұл қарқын қолданып отырған саясаттың дұрыстығын растайды. Сонымен қатар осындай дамуға бізге Алла сыйлаған жер байлығының да көмегі молынан тиіп отырғанын мойындауымыз керек.

 

Адам басына шаққанда ІЖӨ бізде 2004 жылы 2700 долларға жетті, яғни 6 жыл ішінде 4 есеге жуық өсті. 2005 жылы осы көрсеткіш 3207 доллар ал 2007 жылы 3800 доллар болады деп жобаланып отыр. Осы маңызды көрсеткіш бойынша біз Түркияның, көптеген Азия елдерін, Ресейден басқа барлық ТМД елдерін басып оздық, Шығыс Еуропа елдеріне біршама жақындадық.

 

Дегенмен, жоғарыда аталған ұлттық байлықтың адам басына шаққан мөлшері жөнінен біз көптеген дамыған елдерден әлі тым қашықтамыз. Мысалы, осы мөлшер әлем елдері алдында келе жатқан Сингапурда 30 мың доллар шамасында болса алдыңғы қатарлы 50 елдің қатарына қосылуға жақын Венгрияда 14 мың доллардан артық. Яғни біздің адам басына табысымыз осы елдерден 5-10 есе төмен, еңбек өнімділігі де осыған сәйкес төмен. ...

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

 

1 Н.А. Назарбаев.  “ Қазақстан – 2030 “  ұзақ мерзiмдi даму стратегиясы.

 

2 Әкiмбекеов С., Баймұхамбетова А.С. Жанайдаров У.А.  Экономикалық теория. Оқу құралы. – Астана: 2002. – 464бет.

 

3 Экономическая теория.  А.И. Добрынина, Л.С. Тарасевича. Саннк-Петербург 2001.

 

4 Шумпетер Й.   Теория экономическая развития – Москва; Прогресс, 1998 – 454 с.

 

5 Мамыров Н.Қ.,  Тiлеужанова М.Ә. -  Макроэкономика: - Оқулық. – Алматы: Экономика, - 2003. – 432 бет.

 

6 Соколова М.С. Управление наукой и техникой в Республике Корея  Инновации № 9-10, 2002 г.  ...