Дипломная работа: Алдын ала тергеуде саусақ өрнектері бойынша сараптау


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Право, Құқық
Тип работы:
Дипломные работы
Количество страниц:
67

МАЗМҰНЫ

 

 

 

КІРІСПЕ. 3

1 ТЕРГЕУ АМАЛДАРЫНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕСІ 6

1.1 Тергеу амалдарының түсінігі 6

1.2 Тергеу амалдарының түрлері және жүйесі 12

2. ЖЕКЕЛЕНГЕН ТЕРГЕУ АМАЛДАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖҮРГІЗУ ТАЛАПРТАРЫ   22

2.1 Тінту мен алу. 22

2.2 Жауап алу мен беттестіру. 37

2.3 Тану. 43

2.4 Тексеру, эксгумация және куәландыру. 47

2.5 Айғақ заттарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау. 51

ҚОРЫТЫНДЫ.. 62

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 65

ҚОСЫМША А.. 68

 

 

2. ЖЕКЕЛЕНГЕН ТЕРГЕУ АМАЛДАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖҮРГІЗУ ТАЛАПРТАРЫ

 

2.5 Айғақ заттарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау

 

 

... Баяңдаушы бөлімде тергеушінің қойған сұрақтары мен оларға берілген жауаптар жазылады, оның өз әрекеттерін суреттеп баяндауын бастаған жердің аты немесе ақырғы орны белгіленеді, оның қимылдары мен жауаптары, қозғалу маршруты мен оның жауабын тексерген кезде қандай бағдарға сүйенгені баяндалады. Егер тексеру кезінде қандай да болсын жергілікті жердің немесе үй-жайдың аумақтарын қарау қажеттігі туыңдаса, онда қарау нәтижесі хаттамаға енгізіледі.

 

Бағдарлаушы, көріністі (шолушы), түйінді, өлшеуші, панорамалы, ал кейбір кезде бөлшектік суретке түсірулер арқылы жауап тексерілетін жерге дейінгі жүрілген жол бағдарлармен бекітіліп, жеке криминалистикалық маңызы бар жерлердің көріністі суретке түсірулері жүзеге асырылады, заттар мен оқиға жерінде сақталған іздер, сонымен қатар адамның жеке қимылдары суретке түсіріледі. Мұндай жерде айыпталушымен немесе ол адамсыз суретке түсіріледі. Мұндай жерде айыпталушымен немесе куәмен бірге куәгерлерді, полиция қызметкерлерін суретке түсіру ұсынылмайды. Бірнеше адаммен көрсетілген объектілерді суретке түсіру бір орыннан, яғни бір нүктеден жүргізіледі. Жол бағытын, заттар мен жергілікті жердің орындарын белгілеу үшін суретке түсіргенде жазуларды, трафареттерді, нәрселер мен басқа да көрсеткіштерді қолдану ұсынылады. Фотокестелер, кино және бейнефильмдерден бөлек жалғыз оқиға жерінде тексеру хаттамасына жоспар (схема) тіркелінуі мүмкін. Жалпыда тергеу амалына қатысушылардың  жүру жолы белгіленеді, жекеленген жоспарда жеке объектілердің орналасқан орны, қатысушылар мен суретке түсіруді жүзеге асырған нүктелердің орналасуы жалпы жоспарға қарағанда кең көлемде белгіленеді. Егер қылмыстық іс бойынша бірнеше жауапты оқиға жерінде тексеру жүргізілсе, онда әрқайсысы бойынша бөлек жоспар құрылады. Осыдан кейін олар оқиға жерін қарау кезінде орындалған жоспармен салыстырылады. Куә мен айыпталушылардан жауап алған кезде, оларға жоспарды немесе жауапты тексеру кезінде көрсететін орындардың қалай орналасқаны жөнінде сызбаларды сызуды өз қолымен толтыруын ұсынады. Кейін осы жоспарды жауапты тексеру кезінде орындалған жоспармен салыстырып, алынған мәліметтердің растығын тексеруге болады. [2.28. Б.79]

 

Сонымен, жауапты оқиға жерінде тексеру мен нақтылауды қарастыра отырып, осы тергеу амалының нәтижесі мен нақтылауды қарастыра отырып, осы тергеу амалының нәтижесі тікелей байланысты жағдайларды атап өту керек. Бұндай жағдайлар келесілер: ...

 

 

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

 

 

 

 

 

  1. 1. Заңдар және нормативтік құқықтық құжаттар.
  2. 2. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995 жылы 30 тамызда референдумда қабылданған, ҚР-ның 1998 жылғы 7 қазандағы №284-І, 2013 жылғы Заңдарымен енгізілген өзгертулер және толықтырулармен.
  3. 3. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі, 2013 жылы 06 наурызда толықтырулар мен өзгертулер енгізілген // Алматы: 2013. -144 б.
  4. 4. Қазақстан Республикасының Қылмыстық  іс-жүргізу кодексі, 2013 жылы 29  қантарда толықтырулар мен өзгертулер енгізілген // Алматы, 2013. - 208 б. ...