Курсовая работа: Экономика және монополия


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Экономика
Тип работы:
Курсовые работы
Количество страниц:
24

ЖОСПАР

 

КІРІСПЕ. 3

І. МОНОПОЛИЯ ЖӘНЕ ОНЫҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ.. 5

1.1 Монополия және оның түрлері 5

1.2  Нарықтық экономикадағы монополиялық  бәсеке. 8

1.3  Таза монополия  жағдайындағы фирма. 12

ІІ. ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНДА БӘСЕКЕНІ ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ.. 18

2.1 Бәсекелестікке тиімді топ – кластерлік жүйе және оны жетілдіру. 18

ҚОРЫТЫНДЫ.. 23

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР. 25

 

 

І. МОНОПОЛИЯ ЖӘНЕ ОНЫҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ

 

1.2  Нарықтық экономикадағы монополиялық  бәсеке

 

 

... Олигополиялық нарықтың қатысушыларының көп болмауы көбінесе ондай нарықка ену жағдайының қиындығымен байланысты. Мұндай нарықтың елеулі белгілерінің бірі - оның қатысушыларының бағаны өсірудің ұзақ мерзімді тиімді нәтижесіне қол жеткізе алмайтындықтарында, себебі бәсекелестері оларды бағаны темендетуге мәжбүр етеді. Олигополиялық бәсеке жағдайында өнімдер стандартталады (мысалы, болат, алюминий) немесе дифференцияланады (жіктеледі, мысалы автомобильдер, тұрмыстық при6орлар жөні. т.б.).

 

4. Таза монополия жағдайында, жеке кәсіпорындар бәсекелестердің болмауына байланысты өздерінің дара үстемдігін орнықтыруға тырысады. Монополист кәсіпорындар өздерінің экономикалық үстемдігін шаруашылық шарт жасасу, сапасыз өнім шығара отырып оны жоғары бағамен сату арқылы жүзеге асырады. Сөйтіп, көп еңбек сіңірмей-ақ монополиялық жоғары пайда табады. Монополиялық үстемдік ақша-қаржы жүйесінің дағдарысы, жалпылама тауар ашаршылығы кезінде экономиканың ауыр жагдайын мейлінше шиеленістіреді. Көп жагдайда монополист кәсіпорындар орасан зор жетіспеушілікті саналы түрде қоздырады, ал ол ақшаның құнсыздануына, оның сатып алу қабілетінің нашарлауына, сөйтіп тікелей зат айырбасының, (натуральды айырбас, бартер) өріс алуына әкеліп соқтырады.

 

Монополизммен күресу үшін бір-бірімен байланысты екі мақсатты жүзеге асыру керек: экономиканың монополиялық құрылымын жою {өте тығыз шоғырландырылған өндірісті бөлу, бәсекелі жаңа өндіріс салаларын жасау, кәсіпкерлікке кең жол ашу т.б.); заң жүзінде монополияға қарсы саясатты белсенді түрде іске асыру. Бұл арада ескеретін жайт-монополияға қарсы заңдылық кәсіпкерлерге экономикалық емес жолмен жасалатын қысым қаруына айналмауы керек. Себебі, дамыған нарық қатынастары жоқ кезде монополизмге қарсы күрес әкімшілдік-әміршілдік жүйенің сақталуына және күшеіне жақсы бүркеме болуы мүмкін. Қорыта айтқанда, экономикадағы монополиялық үстемдікті жоймай нарықты экономнканы дамыту мүмкін емес.

 

Жетіншіден, шаруашылық субъектілерінің нарық туралы нақтылы мәліметі (маркетинг қызметі), олардың өздері шығарған тауарларға өздерінің баға белгілеу құқы да нарықты экономиканың пайда болу шарттарына жатады.

 

Қазіргі нарық құрылымы жағынан сан-алуан элементтерден тұрады. Оның құрылымын әртүрлі белгілеріне қарай өзара байланысты бірнеше түрлерге бөлуге болады.

 

Монополиялық бәсеке нарығы, сапасы, қасиеті, сыртқы безендірілуіне қарай ерекшеленетін тауарлардың әртүрлі вариантын ұсынатын көптеген сатушылар мен сатып алушылардан тұрады. Осыған байланысты нарықты "сатушылар нарығы" және "сатып алушылар нарығы" деп те бөледі. "Сатушылар нарығында" сатушылардың үстемдігі орын алады, ал сатып алушыларға нарықтың "белсенді қайраткерлері" болуға тура келеді. Нарықтың бұндай жағдайы өндірушілердің монополиялық үстемдігі қалыптасқан елдерге тән.. "Сатып алушылар нарығында" экономикалық үстемдік тұтынушылар, сатып алушылар жағында болады, мұнда сатушыларға нарықтың ең "белсенді іскерлері" болуға тура келеді.  ...

 

 

 

ІІ. ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНДА БӘСЕКЕНІ ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

 

2.1 Бәсекелестікке тиімді топ – кластерлік жүйе және оны жетілдіру

 

 

... Шикізат дайындау технологиялары игерілгендіктен республикада приборлар жасауға шикізаттық база бар. «Казахизолит» Петропавл зауытында гетинакс стеклотекстолит өндірілген. Кабельдік зауыттар мыстан жасалған сымдар мен кабельдер, алюминий және мыстан жасалған бұйымдар шығарған. Ақтау қаласында реактопластавтомат және термо плассмассалары шығарылатып, Қарағанды металлургиялық комбинатында қара металл шығарылатын.

 

Қазіргі заманда Қазақстан Республикасында радиоматериалдар мен жартылай сым технологиялар саласында үлкен үдеріске жеткен ғылыми-зерттеу институттар бар. Кейбір кәсіпорындарда аталған шикізат өнімдерінің түрлерін шығаруда мүмкіндік бар. Ульба металлургиялық комбинатынында кіші габаритті танталдық коденсаторлар шығару тәжірибесі бар. Қазіргі кезде іске қосылмаған, электрондық технологиялар талабына сай ПО «Алатау» да цех бар. Солардың негізінде приборлары және оның қосымша бөлшектер өңдеу ұйымдастыруға мүмкіншілік бар.

 

Электрондық приборлар өңдірудің басқа да жолдары болуы мүмкін. Кейбір елдерде мысалға, Корея, Түркия, Иран, электрондық және электротехникалық приборлар өндіру кәсіпорындары бар. «Арчилик» фирмасы Измир қаласында жылына 1 млн. шаңсорғышқа дейін шығарады. Оны жасау үшін олар «Sоnу» жапондық фирмасынан және «Siemens» неміс фирмасынан шығарылатын бөлшектерді алып тұрады. Тайваньнан штамптар алып тұрады. Бірақ біздің жағдайда жергілікті шикізат базаларын пайдалану қажет.

 

Май ғана жасау өндірісі гетерогендік түрге жатады, оның жасалатын тауары әр түрлі бөлшектерден құрастырылады. Сондықтан машина жасау үшін жақсы логистика жүйесі қажет.

 

1991 жылы АҚШ-та сауда кеңесі логистика анықтамасын берді: «Тұтынушы сұранысын қанағаттандыру үшін тауарды өндірілген жерден тұтынатын жерге жеткізеді және тауарларды сақтау, жөндеу немесе ауыстыруды жоспарлау процесі».

 

Логистика жүйесіне енетін іс-әрекет түрлері: тауарлардың жеткізу амалдарын таңдау, қалдықтарды кәдеге жарату, өндірістік процесті, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, тауарды сақтауды қамтамасыз ету, қосымша бөлшектер жеткізу және жөндеу, сұранысты анықтау. Осы операциялардың бәрі өзара тығыз байланыста болуы қажет.

 

Әр қарастырылған логистикалық іс-әрекет орта немесе кіші кәсіпорын арқылы ұйымдастырылуы керек.

 

Көбінесе дарынды жастар өзі жеке компаниясын ашуға тырысады. Егерде ірі компаниялар өз ішінде жақсы мамандар қалдыруға тырысса, ол үшін кәсіпкерлік жауапкершілігі бар ішкі кәсіпкерлік құрылымын ашуға мүмкіншілік беру керек. Нарықта табысты әкелетін тауарды шығару үшін басқарушыларға кәсіпкерлік тәжірибе керек.

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР

 

 

 

1. Қазақстан Республикасының  Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» Жолдауы

2. Н. Назарбаевтың  2004 жылғы «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» деген Жолдауы

3. Ахметов К.Ғ. «Менеджмент негіздері», Ақтөбе 2005

4. Қашықов Ш.Қ. «Басқару теориясы», Павлодар – 2002 ...