ЖОСПАР
КІРІСПЕ. 3
I БӨЛІМ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ 6
1.1Азаматтық құқықтың пәні 6
1.2 Азаматтық құқықтың әдістемесі. 8
ІІ БӨЛІМ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН ҚАҒИДАЛАРЫ (ПРИНЦИПТЕРІ) 10
2.1 Азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың теңдігі. 11
2.2 Меншікке және басқа затық құқыққа қол сұқпаушылық принципі. 12
2.3 Шарт еркіндігі принципі. 13
2.4 Әркімнің жеке ісі мен өміріне араласуға жол берілмейтін принципі 14
2.5Азаматтық құқықтардың қорғалу принципі 15
III БӨЛІМ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІ 18
3.1Азаматтық құқық жүйесіне жалпы сипаттама. 18
ҚОРЫТЫНДЫ.. 22
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 23
ІІ БӨЛІМ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН ҚАҒИДАЛАРЫ (ПРИНЦИПТЕРІ)
2.3 Шарт еркіндігі принципі.
... Мысалы, әлде бір тауар сатушы, әдетте , сатып алушымен шарт жасасуға құқылы, шарт жасасу үстінде оның шарттарымен келісуге немесе келіспеуге құқылы. Сатушыны белгілі бір шешім қабылдауға ешкім де мәжбүрлей алмайды. Алайда шешім қабылданған болса және сатушы белгілі бір шарттарды қоя отырып, шартт жасасса, онда ол үшін бұл міндетті болады да, ал алдағы уақытта шарттың еркіндігін сылтау етіп, оны орындаудан бас тартуға, оның шарттарын өзгертуге және тағы сол сияқты құқылы болмайды. АҚ-нің 401-бабында бұл туралы тікелей айтылған.
Шарт еркіндігінің заң жүзінде тыйым салу немесе құқықтық нормалардың императивтік ұйғарымы түріндегі тағы бір шекарасы болады.
Егер заңда әлде бір іс-әрекеттерді ( мысалы, қару-жарақты немесе есірткі заттарды ) жасауға тиым салынған болса, екі тарап та оған келісімін берген жағдайдың өзінде, мұндай іс-әрекеттерді оның шарттары ретінде шарттың мәтініне енгізуге болмайды. Мұндай мәтіні бар шарттар АҚ –нің 158 бабы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
Азаматтық заңдардың кейбір нормаларының императивтік сипатта болатыны, яғни міндетті түрде қолдануға тиіс екені белгілі. Олардың арасында едәуір әлсіз тарапты қорғау, монополизмді шектеу, теріс пиғылды бәсекемен күрес жүргізу, тұтынушыларды қорғау үшін және тағы сол сияқты шарттың еркіндігін шектейтін нормалар боуы да мүмкін. Шарттардың осындай түрлері үшін императивтік заң актілерінде көзделген жағдайлар тараптардың өз шартының мәтініне бұл жағдайларды енгізген-енгізбегеніне қарамастан, осы түрдің әрбір нақты шартының мазмұнына міндетті түрде кіреді.
Олардың заңдарда көзделгеніне немесе көзделмегеніне қарамастан, шарттың еркіндігі мазмұны алуан түрлі кез-келген шарттарды жасасу мүмкіндігін береді. Мазмұны бірнеше шарттардың элементтерін қамтитын шарттар болуы мүмкін (АҚ – нің 7 және 380 баптары). Шарттардың барлық жағдайлары заңдарда белгіленген тыиым салулар мен шектеулерді бұзбаса болғаны (АҚ –тің 381-бабы).
Жария мүдделерді қорғаудың қажеттігі де шарттың еркіндігі принципін қолдану шегіне түзету енгізеді: валюта операцияларының бақылауда болуы, жария шарттарды жасаудан бас тартуға тыйым салу немесе әр түрлі клиенттер үшін олардың жағдайларын тең анықтамау (АҚ-тің 387-бабы), кейбір қызмет түрлерін лицензиялау.
Шарттың қатысушысын іріктеп алу немесе конкурстық тәртіппен шарттың жағдайларын анықтау жөніндегі заң талаптары да шарттың еркіндігіне ықпал етеді (ҚР АҚ –ның 910-бабы). Бұл тәртіп көп ретте тауарларды сату, жұмыстарды орындау немесе мемлекет мүдделері үшін қызмет көрсету жөніндегі шарттар үшін орындаушыны іріктеуде қолданылады (мысалы, мемлекеттік сатып алулар туралы 2002ж. 16 мамырдағы заңды қараңыз). Мұндай жағдайларда конкурстың шарттарына сәйкес оның жеңімпазымен шарт жасалады.
III БӨЛІМ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІ
3.1Азаматтық құқық жүйесіне жалпы сипаттама
... Азаматтық құқықтың жүйесінің бірінші буыны – жалпы ережелер болып аталады. Онда азаматтық –құқық қатынастар, азаматтық заңдардың негізгі бастаулары, ҚР азаматтық заңдары, олардың уақыт ішінде, кеңістікте және адамдар жөнінде әрекет етуін, жарамдылық жағдайларын, азаматтық құқықтар мен міндеттердің пайда болу негіздері, оларды жүзеге асырылуы, қорғауды анықталады.
Азаматтық құқықтың екінші бөлімі – Меншік құқығы.
Меншік құқығы дегеніміз - субьектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы.
Меншік құқығы мәміле жаслған кезде болған барлық жүктемелерімен басқа адамға беріледі.
Меншік құқығы жеке меншік және мемлекеттік меншік құқығы болып табылады.
Үшінші бөлімі – Міндеттемелік құқық болып табылады. Мұнда міндеттеме ұғымына тоқталсақ, міндеттемеге сәйкес бір адам басқа адамның пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгілі бір әрекеттер жасауға, не белгілі бір әрекет жасаудан тартынуға міндетті , ал несие беруші борышқордан өз міндеттерін орындауын талап етуге құқылы.
Азаматтық құқықтың төртінші бөлімі – Инттеллектуалдық меншік құқығы. Оған мыналар кіреді:
1) интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижелері;
2) азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулерді дараландыру құралдары .
Біріншісіне ғылым, әдебиет, өнертабыс, селекциялық жұмыстар тағы басқалар жатады. Ал, екіншісіне фирмалық атаулар, тауарлық белгілер, тауар шығаратын жердің атаулары жатады.
Бесінші бөлімі – Мұрагерлік құқық.
Мұрагерлік – қайтыс болған азамат мүлкінің басқа адамға – мұрагерге ауысуы.
Мұрагерліктің негіздері:
1. Мұрагерлік өсиет немсе заң бойынша жүзеге асырылады.
2. Өсиетт қалдырылмаған не бүкіл мұраның тағдыры айқындалмаған кезде, мұрагерлік заң бойынша орын алады.
Азаматтық құқық жүйесінің ең қорытынды бөлімі - халықаралық жеке құқық болып табылады.
Шетелдік азаматтардың немесе заңды тұлғалардың қатысуымен нем өзге де шетелдік элемент шиеленістірген азаматтық-құқықтық қатынастарға қолдануға тиісті құқық ҚР Қылмыстық Кодекстің, өзге де заң актілерінің , ҚР бекіткен халықаралық шарттардың және танылған халықаралық ғұрыптардың негізінде анықталады.
Бірақ та, жоғарыда айтып кеткендей, азаматтық құқық жүйесі әдістемелік жағынан жалпы және ерекше бөлімнен тұрады.
Азаматтық құқықтардың субьектілеріне келсек, ол 1) ҚР азаматтары мен және басқа жеке тұлғалардан; 2) заңды тұлғалардан тұрады.
Жеке тұлға ұғымы.
ҚР азаматтары, басқа мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар жеке тұлғалар болып ұғынылады./1.2., 8 бет./
Азаматтық құқыққа ие болып, міндет атқару қабілеті барлық азаматтарға бірдей деп танылады.
Және де осы бөлімде азаматтардың әрекет қабілеттігі, азаматтардың кәсіпкерлік қыщметі, мүліктік жауапкершілігі, азаматтарды өлді деп жариялау, хабар-ошарсыз кетті деп тану тағы басқа мәселелер оқытылады.
Заңды тұлға ұғымы
Меншік, шаруашылық жүргізу немесе басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бере алатын ұйым заңды тұлға болып табылады./ 1.2., 14 бет./
Заңды тұлғаның түрлері
Өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табысын келтіруді көздейтін (коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын және алынған таза табысын қатысушыларына үлестірмейтін (коммерциялық емес ұйым) ұйым заңды тұлға бола алады.
Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаға: ...
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ΙΙ Арнаулы қолданылған әдебиеттер
2.1 Б.К.Абдыкадыров. Гражданское право.
2.2 Гражданское право. Учебник. Ч.1./Под ред. А.П. Сергеева, Ю.К.Толстого.М.: «Проспект» , 1997, 113-бет.
2.3 ГК РК (Общая часть). Комментарий. В двух книгах. Книга 1. Алматы, «Жеті Жарғы », 1998, 100-бет.
2.4 Гражданское право, Сборник статей. Общая часть. Учебное пособие.- Алматы,2003.- 458 с. ...