Жоспар
Кіріспе. 3
Негізгі бөлім. 5
Зат есімнің грамматикалық категорияларын оқыту. 5
1.1 Зат есімнің грамматикалық категорияларын оқытудың тиімді жолдары.. 5
1.2 Зат есімнің грамматикалық категорияларын оқытуда жаңа технологияларды пайдалану. 22
Қорытынды.. 27
Пайдаланылған әдебиеттер. 28
Негізгі бөлім
Зат есімнің грамматикалық категорияларын оқыту
1.1 Зат есімнің грамматикалық категорияларын оқытудың тиімді жолдары
... Осы кесте арқылы жіктік жалғауының қосымшалары есім сөздер тобына жалғанатынын айтып, бұндай сөздердің жіктелуінде ІІІ жақта ешқандай жіктік жалғауының қосымшасы болмайтыны білдіреді. Есім сөздерге жалғанғанда, жіктік жалғаулары заттың кім? не? екендігін білдіреді.
Жіктік жалғауларының қосымшаларымен таныстырып өткен соң, оқушыларға инженер, оқушы, ұшқыш, ұзын, кіші, оқы, бер, оқыған деген сөздерді ауызша да, жазбаша да жіктетіп жаттықтыру керек. Сонымен қоса, тақтаға сөйлемдер жаздыртып, түбіріне, қосымшаларына талдатылады. Оған мына сөйлемдерді алуға болады:
- Сен сабақты жақсы оқисың.
- Ол ұшқыш болып шығады.
- Алыстан маңыраған қойлар даусы естіледі.
- Біз жазда пионер лагерінде болдық.
Жаттығу жұмысы кезінде жіктік жалғауы жалғанған сөздер үнемі сөйлемнің баяндауышы болатыны да аңғартылады.
ХХІ ғасырда әлемдік өркениет төрінен орын алып, Қазақстанның жан-жақты дамуының бірден-бір жолы білім мен ғылымды әр қырынан меңгеру қажет болып отырғаны белгілі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев білім мен ғылым қызметкерлерінің ІІІ съезінде: «Құрылымдық өзгерістер мұғалім кадрларын әзірлеу жүйесін оздыра отырып, дамыту мен қамтамасыз етілуі тиіс. Жаңа формацияның педагогы қажет. Мұғалімдердің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен әрдайым саналып келгеніндей біршама емес, әлдеқайда жоғары болуы тиіс, бұл – уақыт талабы», - деген еді. Олай болса, мектеп оқушыларын ғылыми білімнің қоғамдық қажетті деңгейімен қамтамасыз ету, оларды отандық, ұлттық және әлемдік мәдениет арналарынан сусындату – қазіргі заман мұғалімдеріне басты міндет болып табылады. Бұл үрдіс қазіргі қоғамдағы жалпы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуды, сабаққа деген қызығушылығын арттыруды, оқытудың озық технологияларын меңгеруді талап етеді. Озық технологияны меңгеру мұғалімнің интелектуалды, кәсіптік адамгершілік, рухани азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Қазіргі таңдағы мектептердің іс-тәжірибелеріне дамыта оқыту жүйесі біртіндеп енгізіліп, жатыр. Жүйенің авторлары «дамыта оқыту деп оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген оқытуды» атайды. Оқыту арқылы баланың психикасында жаңа құрылымдар пайда болуы, яғни жаңа сапалық өзгерістер болуы тиіс деп есептейді. Жүйенің басты мақсаттарының бірі – баланы оқыта отырып жалпы дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру, жекелік қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай ұшқырлау, тұлғалыққа бағыттау. Сондықтан да жаңа сапаға ие, шығармашыл, қабілетті адамдар тәрбиелеу үшін дамыта оқыту жүйесін ең негізгі басшылыққа алатын нысана деп білеміз. ...
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Бұзаубақова Қ.Ж. Жаңа педагогикалық технология. Тараз, 2003ж.
2. Исаев С.М. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, «Қайнар» 1993ж.
3. Исаев С.М., Назарғалиев К., Дәулетбекова Ж. Қазақ тілі. 6-сынып, (оқулық) Алматы, «Атамұра» 2002ж.
4. Исаев С.М., Қасымова Г. Қазақ тілі. 7-сынып (оқулық), Алматы, «Атамұра» 2003ж. ...